Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 1950 0 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 12:38

Өзбекстаннан пойыз қатынамақ

15 мамырда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы теміржол қатынасы қайта жанданады. "Узбекистон темир йуллари" компаниясының баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

"Қазақстан темір жолы" компаниясымен жасалған келісімге сәйкес, 15 мамырда №647 (648) "Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс" пойызы, ал 16 мамырда №1 (2) "Алматы – Ташкент – Алматы" ("Тұлпар-Тальго") жүрдек пойызы жолға шығады. Ташкент пен Алматы арасында жүретін бұл пойыз аптасына үш рет қатынайды.

Бұның алдында "Алматы – Ташкент – Алматы" пойызы 2 мамырда, ал "Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс" пойызы 1 сәуірде жолға шығатыны хабарланған, алайда Қазақстан карантин шектеулеріне байланысты пойыз жүретін уақытта кейінге қалдырған.

Жолаушы пойыздарының халықаралық бағыттағы қозғалысы 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты тоқтаған.

Қазақстан 11 сәуірде Өзбекстанмен құрлықтағы шекарадан өтуге қатысты шектеулерін алып тастады. Дегенмен жолаушылар көрші елге кіру үшін ковид вакцинасын алғаны туралы куәлік немесе ПЦР зерттеуінің теріс нәтижесін көрсетуі тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2275
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592