Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 2550 18 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 12:17

Қазақты түзу жолда деп айта алмаймын...

Бір жорналшы қыздың сұрағы: "Ағай біз түзу жолдамыз ба? Яғни бүгінгі болып жатқандар нені аңғартады..."
- Менің түзу жолда екендігімізге күдігім бар, қызым. Біз әбден жаттанған (отчюждения) халықпыз. Абай айтқан "Жақсы менен жаманды ажырата алмаған" елміз. Ел деген сөздің өзін ұқпаймыз. Ел деп мемлекетке, билікке, үкіметі бар болмысқа айтатын. Қазіргі мемлекет тек қана халықты қолданады. Оны кез келген ойынына құрал қылады. Қазіргі жағдайда қазақты болмыс ретінде "мемлекет құбылысы" да құтқара алмайтын сияқты. Сондықтан "жаханданушылар теориясы" рас шығар. Келешекте жер бетінде мемлекет құбылысы қалмайды. Дүниені компаниялар басқаратаын болады.

Мысалы ма... Қазақ түзу жолда болуы үшін ненің жаман ненің жақсы екенін құндылықтық (аксиологиялық) тұрғыдан ажырату керек еді... Әріге бармай ақ қояйын. Кешегі кеңестік идеология. Сені болмысыңнан ажыратты. Соған қызмет еткен ақыныңды, жазушыңды, генсек (генеральный секретар), тарихшыңды...бәрін бүгін ұлықтап жатырсың..Ол әрине құлдық психология. Кеңестік сана инерциясы. Жамбылды жаңғыртып жыл сайын ол туралы өтірік конференциялар өткізесің... Жамбылдың болмысқа, мәнге қатысты бір түйір айтқан сөзі жоқ. Қонаевты әспеттеп қала атын беріп жатырсың. Оның ұлтқа, болмысқа қатысты жасаған жақсылығы жоқ. Қонаев кезінде қазақ орыстанып бітті. Қалада қазақ тііршілік ете алмады. ең көп қазақ тұрады деген Шымкентте сол кезде 18 пайыз ғана қазақ тұрды. Алматы қазаққа астана болған емес. Онда да қазақ 15 пайыздан асқан емес.. Кеңестік диалектика "бөліп ал да билей бер" осы Қонаев кезінде дәстүрге айналды. Оңтүстікте "қт мен дт" яғни қоңыраттар мен дулаттар, Қызылордада "қожалар мен әлімдер", Жетістуда "жан"... кете береді.

Қысқасы "қазаққа қызмет еткендер" мен "қазақты қолданғандарды" ажырата алмаудамыз. Қызмет еткендер ғасырдың басында жанпида болды, шәйіт болды. Олар туралы аз ғана топ еске алады. Ал қазақты қолданғандарды бүкіл тобыр болып көп айқайлап жатамыз.

Бүгін де сол картина... Кеңестік сталиндік кезеңде де "Қазақ саясат құрбаны". Коллективизация..қазақ құрбан. Ашаршылық...қазақ құрбан. Атеизм..қазақ құрбан... Бұл қазақ кеше де "Желтоқсанға" құрбан болды, қолданылды. "Жаңаөзенде" құрбан болды, қолданылды. "Қаңтарда" құрбан болдыы, қолданылды. Нұрсұлтан кезінде де қазақ жай ғана "мемлекет құрушы", "дауыс иесі-демократия" үшін керек болды. Нұрсұлтан да елдің дамуы емес, өз тағының баяндылығына ғана қызмет етті. Ол туралы әлі талай жазылады.
Қысқасы қазақты түзу жолда деп айта алмаймын...

Досай Кенжетай

Abai.kz

18 пікір