Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 2116 11 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 12:14

Түрі қазақ, тілі орысты көрсем айналып өтемін...

Түрі қазақ, тілі орысты көрсем айналып өтемін...
Менің Түркияда тұрып жатқаныма 4 айға жуықтады. Бүгін Босфор бұғазына Ютуб каналым үшін видео түсіруге кемемен турға шықтым. Қазір Түркияға саяхаттаушылар көбейген уақыт. Әлемнің түкпірінен Ыстамбұлдың көз тоймайтын әсемдігі мен тарихи жерлерін тамашалау үшін ағылып жатыр. Оның ішінде біздің қазекеңдер де бар, әрине. Мен мінген тур кемесінен көп жаттың ішінен бірнеше отандасымды байқадым. Байқадымда басымды шайқадым. Неге дейсіз бе?! Онда айтайын!

Кеменің әр бұрышынан бұғазды видеоға түсіріп жүріп, бір бірлерімен орысша сөйлескендерін естідім. Алғашында сәлем беріп, "қош келдіңіз" дегім келген. Шет жақта жүргенде қазақ көрсең жақыныңдай болып тұрады ғой. Сөйлескің келеді. Мына әрекеттерінен кейін райымнан қайттым. Жас жұп болса керек, электронды сигараларын терең тартып, бір біріне "красивая, да" деп теңізге бір, бұғазға бір қарап, таңданып тұр.

Айналайын, ҚАЗАҚТАРЫМ. Ең болмаса шет елге шыққанда өз араларыңда қазақша сөйлеңдерші. Мен де білемін 6 тіл. Бірақ қытайша, түрікше немесе ағылшынша сөйлеп, өз АНА тілімді ұмытып кеткенім жоқ қой. Өздеріңді иісі қазақтар айналып өтіп кетуге мәжбүрлемеңдер. Тіпті, осындағы жергілікті қандас бауырларымыздан ұят екен.

Фэйсбукта, сырттай және жақын таныс, жүректері қазақ деп соғатын бірнеше азаматты белгілеп өттім. Айыпқа бұйырмайсыздар. Ел біліп жүрсін деймін.

Ерболат Мамырайхан

Abai.kz

11 пікір