Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3410 9 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 12:05

Өсеміз десек, Корея, Жапониямен достасу керек

Түркияға сырттан көз тіккен қазақ тамсанғыш, әйтеуір. Ішкі тынысын сезіп, сонда өмір сүріп жүрген біз олай айта алмас едік. Оның үстіне бүгінгі келісімшарттардың да толық қазақ пайдасына шешіле қоймайтынын көрегендікпен айта кетейін. Түркиямен бауырласа, Жапониямен одақтаса өмір сүргеніміз қазір әлдеқайда пайдалы… Жапоняға жағымпаздансақ та, ұлттық модельдерін өзімізге сай етіп реформалап алғаннан еш ұтылмаймыз.
Неге? Өйткені…

1. Ақпараттық технологиялар жосынында Түркия біраз мешеулеу… Қайта Қазақстанда сандық өркениет, диджитал инновация әлдеқайда жақсы дамыған. Оған Жақтырсақ та, жақтырмасақ та, орыс новаторларының көп ықпалы тиді. IT саласы бойынша түріктер бізге бір нәрсе үйрете алады дегенге күмәнмен қараймын. Аудан-ауылда интернет жоқ, тұтас Түркия бойынша интернет баяу жұмыс істейді.

2. Жастарының бәрі шетелге кетуді ойлайды. Ол қадамдарын Түркия экономикасының күннен күнге құлдырап, тұрмыстық тұтынымның жөпелдемде қымбаттауымен түсіндіреді. Ұлтшыл жас түрік жоқтың қасы. Бәрі жұмсақ мінезді, көшбасшылық талпыныстары жоқ. Қайта, тәубе, қазақ жастары ұлтшыл, мемлекетшіл.

3. Мұнда ғылым мен білім қоғам дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылмайды. Тап біздің Қазақстан секілді. Ғылымның дамуына бөлінетін қаржы да аз, оған ықыласты болған ешкімді байқамадым. Технологиялық инновация болмағандықтан электроника у-дай қымбат.

4. Ұлттық идеология ақсап тұр. Мүдделі, ықпалды топтар көп. Университ студенттері саяси көзқарастарын алға тартып жиі қақтығысады. Дені әлі ескі түсініктерден арылмаған.

5. Жер байлығы жұтаңдау… Табиғи кендері өте аз. Экономикалық тұрақсыздығының да басты себебі - осы.

6. Адам өмірі, оның құқы мен бостандықтары жиі бұзылады. Әсіресе, гендерлік. Өркениетке, жаһандануға ашық қоғам деу өте қиын… Көбі Орта Азия қыздарын алуды ойлайды. Себебі, көнбіс, аңғал.

7. Геосаяси белдеуі шиеленіске толы. Димломатиялық қатынастарында келеңсіздіктер өте көп. Футуролог кейбір мамандар Түркияның ұзақ ғұмыры қалмағанын айтты. Бір экономист жігітпей сөйлестім, “Африка жолымен құрдымға тура келеміз” деді. Ойланып қалдым. Айтқандай, жақында ашылған ірі көпірлерінің де инвесторы өздері емес, ЖАПОНДАР…

Артықшылықтары:
7. Сауда-саттық жақсы дамыған. Халықаралық шептегі транзинттік жолдарға төрелік етіп отыр. Мемлекеттік стратегияларында Ұлы Жібек жолын Түркия жері арқылы өткізіп, қайта жаңғырту жоспарында бар.

8. Әскері - қуатты. НАТО-дағы ең мықты сардарлар - түрік сардарлары.

9. Түркия - “Адамдық” этолонын биік ұстаған азаматтар елі. Қол ұшын беретін жандар әрқашан жаныңыздан табылады…

ТӨБЕСІНЕ КӨТЕРІП ОТЫРҒАНЫ ҮШІН ТҮРІККЕ, ТҮРКИЯҒА ЖАНЫММЕН ТІЛЕУЛЕСПІН… БІРАҚ, Дамимыз, өсеміз, өнеміз десек, Корея, Жапониямен достасу керек. Өзіңді, өз мемлекетіңді ойлайтын заман. Біздікі жай ғана “Суға кеткен тал қармайдының” кері келіп жүрмесін деген ой… Пайда келетін елдерге жақын жүрсек, ұтылмаспыз.
ӘРИНЕ, МҰНЫҢ БӘРІ МЕНІҢ КӨЗҚАРАСЫМ…

Қастай Дастан

Abai.kz

9 пікір