Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2128 0 пікір 12 Мамыр, 2022 сағат 13:56

Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Сайттың жазуынша, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің де қамау мерзімі ұзарған. Сәдіқұлов – 6 маусым, Ерғожин – 13 маусымға дейін қамауда болады.

Биыл қаңтар басында Қазақстанның шығысы мен оңтүстігіндегі наразылықтарға беймәлім топтар араласып, арты қантөгіске ұласты. Сол кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың көп жылғы сенімді серігі, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті орнынан алды, іле-шала ол тұтқындалған.

Оның үстінен қозғалған қылмыстық іске "аса құпия" белгісі қойылды. Мәсімов ұсталғаннан біраз уақыт өткен соң оған "билікті күшпен басып алуға талпынды", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптар қоса тағылғаны мәлім болды. Мәсімовпен бірге оның үш орынбасары да ұсталған. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде ұзақ отырған Самат Әбіш те қызметтен алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1561
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2251
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3504