Жұма, 29 Наурыз 2024
1994 0 пікір 12 Мамыр, 2022 сағат 13:54

Қырғызстан казиноларға рұқсат етті

Жогорку Кеңеш казинолар, ойын автоматтары бар залдарды және лотереяларды ашу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 56 депутат мақұлдап, 13 депутат қарсы дауыс берді.

Үкімет заң жобасын наурыз айында әзірлеп, оны Жогорку Кеңештің қарауына енгізген және оны кезексіз тез қарауды сұраған.

Президент Садыр Жапаров пен Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров журналистерге берген сұқбатында заң жобасын қолдайтынын жеткізген.

Құмарханаларды заңдық тұлғалар, оның ішінде шетелдік тұлғалар да аша алады. Қырғыз азаматтарына және 21-ден аспаған шетел азаматтарына тыйым салынады.

Аталған заң жобасын қабылдаудағы мақсат елге инвестиция тарту, республикалық бюджет кірісін арттыру екені айтылған.

2021 жылы депутаттар Бактыбек Турусбеков пен Дастанбек Жумабеков Ыстықкөл облысының аймағында ойынхана ашуға рұқсат беретін заң жобасын ұсынып, талас-тартыстан кейін қайтарып алған.

Президент Садыр Жапаров ойынханалар туралы заң жобасына қолдау көрсетіп, бұл тек Ыстықкөл аймағында емес, Қырғызстанның барлық аймағынан ашуды да ұсынған.

Қырғызстанда құмар ойындарына он жыл бұрын заңмен тыйым салынған. 2015 жылы тотализатор мен букмекерлердің ісі тоқтаған. Бірақ ойынханалардың құпия істеп жатқаны туралы ақпараттар жиі шығады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577