Жұма, 29 Наурыз 2024
2512 5 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 15:19

Қазақстан ЕАЭО-дан шығу туралы бастама көтерді ме?

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы тараған ақпаратқа қатысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды stopfake.kz.

Желідегі ақпаратқа сенсек, бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болған екен. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазақстанның жоспары» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөзіне сүйенген. Бұл – фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес.

Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3588