Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 2200 1 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 14:52

Өзбекстан мен Қазақстан ғарышты игермек

Шавкат Мирзияев ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта бірлесіп игеру жөнінде үкіметаралық келісімді бекітті. Келісімге былтыр 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған. 

Өзбекстандағы жергілікті басылымдардың жазуынша, бұл келісімді жүзеге асыратын тиісті мекеме - "Өзбеккосмос" болады.

Екі тарап бұл сала бойынша ғарыш ғылымын зерттеу, планеталарды зерттеу, ғарыш аппараттарын жасап шығару және оларды ұшыру секілді жұмыстарды бірлесіп атқарады.

Abai.kz

1 пікір