Сенбі, 20 Сәуір 2024
Бәрекелді! 3318 2 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 14:07

Қош келдің, ANKA!

Қазақстан мен Түркия елі бірқатар әскери келісімдер жасады. Келісімдер президент Тоқаевтың Түркияға ресми алғашқы мемлекеттік сапары барысында іске асты. 10-11 мамырда Түркия президентінің шақыртуы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр. Сапардың алғашқы күнінде екі ел басшысы ресми және бейресми кездесулер ұйымдастырды. Ал бүгін Қазақстан және Түркия арасында кәсіпкерлікті дамытуға қатысты кездесулер ұйымдастырып, келіссөздер жасауда. 

Қазақстан мен Түркия әскери салаға қатысы бар бірнеше келісім жасасты. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Түркия Республикасы Индустрия және технология министрлігі арасындағы ақпараттық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласы бойынша ынтымақтастық туралы хаттама, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар салалары бойынша ынтымақтастық туралы хаттама жасалды.

Бүгін Қазақстан мен Түркия соққы жасаушы дрондарды сатып алу және шығаруға қатысты келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Қазақстан аумағында соққы жасаушы ANKA дрондарын жасау іске асатын болды. Аталмыш дрон атышулы 1Байрақтардан1 қуатты әрі жаңа саналады.

Түркиялық дрондар соңғы жылдары ұрыс алаңында өзінің тиімділігін көрсетуде. Сирия, Ливия, Қарабақ және Украина соғысы бұл ғасыр дрондар дәуірі екенін көрсетті. Қазақстан да әлемдік әскери трендтен қалмаудың амалын қарастыруда.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

2 пікір