Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2979 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 10:25

Тәуелсiз комиссияның қоғамдық тыңдауы

Тәуелсiз комиссияның қоғамдық тыңдауы

Тәуелсiз комиссияның қоғамдық тыңдауы

БIР КIСIНIҢ БҰЙРЫҒЫ - ХАЛЫҚТЫҢ ҚАСIРЕТI
Сергей ДУВАНОВ, тәуелсiз журналист:

- Жаңаөзен оқиғасына баға бермес бұрын бiрнеше мәселенi сараптап алған дұрыс деп санаймын. Бiрiншiден, мұнайшылардың ереуiлi бастапқыда таза экономикалық мәселеге қатысты, ешқандай саяси талаптарсыз басталды. Саяси мақсаттағы наразылық болмаған соң билiк те мұнайшылардың жарты жылдан астам уақыт ереуiлдеуiне мүмкiндiк берiп, олардың талаптарын орындауға, мәселелерiн шешуге құлшыныс танытпады. Өздерiнiң талаптары сая¬силанбаған жағдайда жоғары жақтан ешқандай жауап болмайтынын жұмысшылар да түсiндi. Мұнайшылардың талаптары саяси бағытқа бұрылып, ереуiлшiлер мен оппозиция өкiлдерiнiң арасында байланыс орнай бастағанда, билiктегiлер бiрден наразылық шарасын тоқтатуға кiрiстi. Ереуiлдi болдырмас үшiн күш қолдану те¬тiктерiн барынша қолданды.
Екiншiден, оппозиция ереуiл басталған тұста жергiлiктi басшылық пен жұмысшылар арасындағы текетiреске ықпалын тигiзе алмады. Сондықтан оппозицияны Жаңаөзен оқиғасының ұйымдастырушысы деп айыптауға ешқандай негiз жоқ. Билiкпен өзара бейбiт келiсiмге келiп, қолдау табамыз деп үмiттенген мұнайшылар әу бас¬та-ақ өздерiне қолдау бiл¬дiр¬мек болған оппозициядан өздерiн алыс ұстады да. Билiкпен келiсiмге келудiң барлық тетiктерiн қосып, мәселенi бейбiт түрде шешуге тырысқанымен, ереуiлшiлердiң бұл әрекеттерiнен түк шықпады. Осыдан кейiн жоғары жақтың өздерiн тыңдамайтынына, талаптарын орын¬дамайтынына және жұмыс берушiнi ғана жақтайтынына көз¬дерi жетiп, олар оппозиция өкiл¬де¬рiне хабарласып, көмек сұрады. Оппозиция арқылы халықаралық ұйымдарға шығып, сол арқылы билiктiң назарын аударуды мақсат еттi.
Алайда бұл кезде тым кеш болатын. Себебi онсыз да ереуiлден әбден титықтап, қажыған мұнайшылар жағдайды саясиландырып, ушықтырып жiбередi деп қауiп¬тен¬ген билiктегiлер күш қолдануға бiрден көшкен едi. Үшiншiден, Жаңаөзен қаласына қаруланған әскер жасағының 16 желтоқсанға дейiн-ақ кiргiзiлуi және 16-17 желтоқсан күндерiндегi билiктегi¬лердiң әрекеттерi ереуiлдi күшпен басу жоспарының алдын ала Ақордада жасалғанын көрсетедi.
16 желтоқсан күнгi оқиғаның алаңда басталуы тегiн емес. Осылай өрбiп, жағдайдың солай шиеленiсуiн де билiктiң жоспарлағаны көрiнiп отыр. Билiктегiлердiң сол күнi бiр алаңда балама түрде екi акция өткiзуi - олардың арандатушылық әрекеттерiнiң нақты дәлелi. Бiрiншiден, ереуiлшiлерге кедергi келтiрiп, дәл солар тұрған тұсқа киiз үйлер тiгу, ән айтатын сахна құру, екiншiден, алаңға оқу¬шыларды мәжбүрлеп әкелiп, топырлаған полицейлермен мейрам өтетiн алаңды алдын ала қоршауға алуы билiктiң қарқынды дайындығын көрсетедi. Ал белгiсiз арандатушы топтың мейрамды ұйымдастырушыларға себепсiз килiгуi және кездейсоқ тап берiп, тарпа бас салуы бекер жасалған әрекеттер емес. Кейiнiрек әкiмдiк ғимараты мен қаланы қирату әрекеттерi Жаңаөзен оқиғасының негiзгi ұйымдастырушысы кiм екенiн анық дәлелдеп тұр емес пе? Сот процесiнде де мұнайшылардың оқиға кезiнде заңсыз әрекетке барғаны, қаланы қиратып, тонауға қатысқаны жөнiнде ешқандай дәлелдi дерек болмады. Ең сорақысы сол, Ақтауда өткен сот отырысында аты-жөнi анықталмаған белгiсiз адамдардың iсi қаралып, ал мұнайшылар түрмеге қамалды.
Төртiншiден, Жаңаөзен оқи¬ғасы кезiнде халыққа оқ атуға еш негiз жоқтығына қарамастан, полицейлердiң оқ боратуы заңсыздық едi. Қандай жағдайда азаматтарға оқ атып, қару қолдануға болатыны заңда анық жазылған. Топ тобымен жан-жаққа қашып, өздерiне полицейден төнген қауiптен қорғанбақ болған тұрғындарды қуалап жүрiп, қынадай қыру - ешбiр заңның аясына сыймайды. Жаңаөзен оқиғасының басталу сәтiнен бастап сараптасаңыз, халыққа оқ атуға ешқандай себеп таба алмайсыз. Полицейлер жаппай тәртiпсiздiктi болдырмауға күш салуға тиiс едi. Өкiнiшке қарай, погондылар арандатушылардың айтағына көзсiз ерiп, бас-көз демей бейбiт тұрғындарға оқ атты. Ешбiр негiзсiз қару қолдану заң бойынша ауыр қылмыс саналады. Сондықтан Жаңаөзен оқиғасына қатысты осы мәсе¬ленi тәуелсiз комиссия тексе¬рiп, заңды бағасын беруi керек.
Бесiншiден, ереуiлшiлерге, полицейлер мен оппозиция өкiлдерiне және қоғам қайрат-керлерiне қатысты өткен сот процесi Қазақстанда әдiл соттың жоқтығын тағы дәлелдедi. Бұл әрине ешкiмге де жаңалық емес. Себебi, бiзде бұрын да билiкке қауiптi саналатын адамдар сотталған, қазiр де сотталуда және осы билiктiң тұсында сотталу жалғаса беретiнi анық. Осыларды ескере отырып, кiнәлары дәлелденбеген мұнайшылардың жазықсыз түрмеге қамалу себебiн де, халыққа оқ атқан полицей¬лердiң бостандықта қалуын да, В.Козловтың не себептi сотталғанын да түсiну қиынға соқпайды. Бүгiнгi сот та, тергеушiлер де Ақорданың сорақы саясатының сайқымазақ орындаушысына айналды. Олар тек қана билiктiң оппо¬ненттерiне ғана үкiм шығарып, айып тағуға шебер. В.Козлов, Е.Жовтис, Е.Нарымбаев, Ғ.Жବқиянов, М.Жәкiшев... Қа¬зiргi билiктiң қолжаулығына айналған сот-прокурорлардың құрбандары көбеймесе, азаймады. Тiзiмнiң жалғасуы - қоғамдағы ахуалдың шиеле¬нiсiп, ушығып тұрғанының ай¬қын дәлелi. Қазiргi саяси ре-жимнiң тұтас қоғамға қауiптi екенiн көрсетедi.  
Жаңаөзен оқиғасы - Ақорданың саясатымен келiспеген кез келген саяси ұйымдардың қуғынға ұшырап, тас-талқаны шығатынын дәлелдедi. Ереуiл¬деген мұнайшылар мен тiр-келмеген "Алға" партиясының әрекетi бiрiмен-бiрi жанаспайтын екi нәрсе деуге болады. Себебi, мұнайшылар өз құқық¬тары бойынша жалақыларын көбейтудi талап еттi. Ал "Алға" партиясы ереуiлшiлер арқылы электоратынан ұпай жинауды мақсат еттi. Алайда мұндай қорытындыны шынайы құқық¬тық мемлекетте болды десе ғана сенуге болады. Бiздiң елде билiк өзiнiң тағын қорғау мақсатында ғана қысым көрсетуге көшетiнi әмбеге аян. Сондықтан Жаңаөзен оқиғасы билiктегiлерге "бiр оқпен екi қоян атқандай" тиiмдi болды. Бiрiншiден, ереуiлдеген мұнайшылардан оларды саяси оппозициямен бiрiгуге мәжбүрлеу арқылы құтылды. Ал "Алға" партиясын қайтiп қысымға алудың жолы оп-оңай табылды. Осыдан кейiн-ақ билiкпен келiспеушiлiктiң арты қалай боларын аңғаруға болады. Мейлi, ол кәсiби оппозиционер болсын, мейлi, ол қара¬пай¬ым мұнайшы болсын, би¬лiктiң саясатына қарсылық танытса бiттi, жазаланады.
Саясатқа араласқан азаматтардың жазасыз қалмайтынын, қажет болса, ақордалықтар кез келген айыпты мойныңа iлiп, темiр торға тоғыта салатынын В.Козловқа қатысты өткен сот әшкерелеп бердi. Прокурордың таққан айыптарынан Жаңаөзендегi ереуiлдi "саясиландырған" Козлов деп нұсқайтындай тезистердiң болуы - сонау Астанадағы пре-зи¬денттiң үрейлi санасынан хабар берiп тұрды. Әрбiр азамат саясатпен айналысуға мiндеттi. Өйткенi мемлекеттегi саяси режимнiң ауысып, өз¬геруiне ықпал етуге тиiс. Ал мұндай құбылыс саяси сауатты қоғамда ғана болады. Сондай-ақ, бiзде жағдайды саясиландыруға тыйым салынбаған. Оппозиция үшiн мәселенi саясиландыру - норма болып саналады. Десек те, осыларды жоғары жаққа айтып, өз құқығымызды талап етуге бүгiнгi режим "тыйым салған".
Жаңаөзен оқиғасын сараптай отырып, ең жоғары билiк¬тен жұмысшылар мен тұрғындарға оқ атуға бұйрық берiл¬генiне көз жеткiзуге болады. Қалай десек те, президент Назарбаевтың бұл жағдайдан хабарсыз болуы, қару қолдануға дайындық туралы бiлмеуi мүмкiн емес. Себебi басшысының рұқсатынсыз, бұйрығынсыз ешбiр қызметкер өз бетiнше шешiм қабылдамайды. Олай болса, оқ атуға президенттiң өзi рұқсат бердi деуге толық негiз бар. Бiр ғана Жаңаөзенде ғана емес, 16 желтоқсан оқиғасынан кейiн Шетпеде де бейбiт адамдарға оқ атылып, қан төгiлдi. Бұл екi жағдай жоғарыдан рұқсат берiлгенiн анық растайды. Өйткенi президенттiң айналасындағылардың бiрде-бiреуi оның рұқсатынсыз ешқандай әрекетке бармайды. Қарусыз адамдарға оқ атып, мерт қылуға және сол үшiн бар жауапкершiлiктi өз мойнына алуға бағынышты шенеунiк¬тердiң батылы бармас едi. Ал президент ешкiмге бағынбайды, оның басшысы жоқ. Сондықтан айналасындағылар соған арқа сүйеп, бұйрығын орындайды. Бұл - кез келген авторитарлы билiктiң қолданатын әмбебап формуласы.
Егер әлдебiр шенеунiк өз бетiмен оқ атуға бұйрық берiп, жағдай осылай ушыққан болса, онда әлгi бұйрық бергiш жазаланып, мәселесi май шаммен қаралар едi. Бiрақ ешкiм жазаланып, жауапқа тартылмады.
Ал өзiн қорғау мақсатында қару қолдануға мәжбүр болды делiнген үш полицейге қатысты сот процесiн маңызды деп санаудың қажетi жоқ. Мен мұны мемлекет басшысының және билiктiң өз жауапкер¬шiлiгiнен жалтару үшiн жасаған әрекетi деп санаймын. Бейнежазбаларда үш поли¬цей¬дiң ғана емес, қолында қаруы бар барлық полицей¬лердiң оқ атқаны анық түсiрiл¬ген. Сонымен қатар полицейлер өздерiне қауiп төндiрген адамға емес, өздерiнен қаш¬қандарға оқ атқан. Ең сорақысы, оқты емiн-еркiн жаудырып, қызметтiк борышын өтеу мақсатында сенiмдi түрде қару қолданғаны бейнетаспаларда анық көрiнiп тұр.
Әрине, әлдебiр полицейдi өзiне тап-тап басып келе жатқан бұзақылардан қауiптенiп, өз өмiрiн сақтау үшiн оқ атуға мәжбүр болды деуге болар едi. Интернет желiлерiнде пайда болған бiр бейнежазбаны да есепке алмай, тергеудiң қорытындысымен келiсе салуға да болар едi. Алайда мобиль¬дi телефонға кездейсоқ түсiрiлген сұмдық көрiнiстен кейiн миллиондаған адам моральдық құқығын талап етуiне негiз бар. Осы бейнежазбада погондылардың бейбiт тұр¬ғын¬дарды қалай қырғаны, олардың қалайша халықтың iзiне түсiп қуып жүрiп өлтiр¬генi, құлаған адамдарды өлiм¬шi етiп соққыға жығып, аяусыз атып салғандары анық түсiрiл¬ген. Осыдан кейiн қандай қауiп туралы айтуға болады? Кiм кiмнiң өмiрiне қауiп төндiргенi осы бейнетаспада анық көрi¬нiп тұр емес пе?! Полицейлер өз халқын ешбiр бұйрықсыз қырып салады дегенге сенесiз бе? Полицейлер не мақсатпен өз қандасын, отандасын өлтiр¬дi? Бұл сұмдық сұрақтың жауабын кiм бередi? Менiңше, бұл сұрақтың жауабы - жоғарыдан берiлген бұйрықта жатыр. Өзiнiң моральдық және заңдық жауап¬кершiлiгiнiң жоқтығын пайдаланған адам халыққа оқ атуға бұйрықты да, рұқсатты да бердi. Осы бұйрықтан кейiн қаншама жазықсыз жандар мерт болып, талай адам жараланып, денсаулығынан айырылды. Осы бұйрықтың ке¬сiрiнен қаншама азамат жазықсыз түрмеге қамалып, қаншама отбасы қара жамылды. Бiр ғана бұйрықтың кесiрiнен қаншама бала жетiм қалып, қаншама шаңырақтың шырағы сөндi.   
Болашақтың ең басты және маңызды саяси сұрақтарының бiрi осы -Жаңаөзен оқиғасында атылған оққа байланысты болады. Бұл сұрақтың жауабы мiндеттi түрде алынады. Рұқ¬сат берушiнiң де, бұйрық бе¬рушiнiң де кiм екенi анықталмайынша, қазiргi билiктiң ер¬теңi болмайды.

ЕКIЖЫЛ ТЫҢДАДЫ, ҰСТАЙТЫН ЕШТЕҢЕ ТАППАДЫ...
Евгений Жовтис:

- Бәрiңiзге де белгiлi, Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылардың сегiз айға созылған ереуiлдерi, аштық жариялаулары, қарсылық акциясы ешқандай еленiп-ескерiлген жоқ. Жергiлiктi билiктiң, компания басшылығының, Еңбек және әлеуметтiк қорғау министр-лiгiнiң кейбiр ұмтылыстарын айт¬пағанда, олар жұмысшылармен бiрiге отырып мәмiлелесу комиссиясын құрған жоқ, мұнайшылармен ешқандай денi дұрыс әңгiме жүргiзiлген жоқ, оның есесiне 1000-нан аса ереуiлге шыққан жұмысшылар жұмысынан қуылды. Алайда осы уақыт iшiнде мұнайшылардың аузынан күш қолдану, не болмаса күш қолдануға шақыру секiлдi сөздер шыққан емес.
2011 жылдың 16 желтоқсанында, яки Қазақстанның Тәуел¬сiздiк күнi билiктiң жағдайға жете мән бермеуi салдарынан алаңда мереке өткiзiп, азаматтардың салтанатты шеруiн ұйымдастырмақ болды, ал алаңда ереуiлге шыққан мұнайшылар тұрған болатын, әлi күнге дейiн анықталмаған, белгiсiз жас жiгiттердiң арандатуымен бей¬бiт ереуiл жаппай тәртiпсiз¬дiкке, әкiмшiлiк үйiн, авто¬көлiктердi өртеуге, дүкендердi тонауға ұласты. Осылай бола тұра ереуiлшiлер мен полицияның арасында бiрде-бiр рет қақтығыс болмаған. Құқық қор¬ғау органдары қызметкер¬лерiнiң бақылаусыз, жүгенсiз әрекетi мен олардың өз кәсiбiне жауапсыз қарауының салдарынан ереуiлшiлерге су шашудың, резеңке оқ атудың, көзден жас шығаратын газды пайдаланудың орнына автоматты қарудан оқ жаудырды, бұл жерде мынаны еске ұстаған жөн, олар қаруды қашып бара жатқан адам¬дар¬ға қолданды, осының нәти¬же¬сiнде 15 адам көз жұмды. Тағы бiр адам Шетпеде полицияның қолынан қаза тапты.
Билiк Жаңаөзенде ашық, қоғамдық ұйымдарды қатыстыра отырып тексеру жүргiзген жоқ. Халықаралық ұйымдар қаншама өтiнiш-тiлек айтса да. 2012 жылдың бiрiншi жартысында бiрнеше қылмыстық процесс қаралды, мұның нәтижесiнде бiрсыпыра белсендi жұмысшылар мен мұнайшылар жаппай тәр¬тiпсiздiкке қатысқаны үшiн ұзақ мерзiмге сотталды. Бұлардың қылмыстары дәлелденбесе де. Бес полицей (оның iшiнде қару қолданған үшеуi) қызметтiк құқын асыра пайдаланғаны үшiн сотталды, бiрақ бұларға оқ атуға кiм бұйрық бердi және жаппай тәртiпсiздiктi оқ шығармай тоқтатуға полицейлер неге кәсiби тұрғыдан дайын болмады деген сауалдар жауапсыз күйiнде қалды.
Мұнайшылардың ереуiлдерi кезiнде оларға саяси оппозиция¬лық партиялардың өкiлдерi мен қоғам қайраткерлерi келiп, өздерiнiң қолдауын бiлдiрдi, көмек бердi. Осылардың iшiнде "Алға" оппозициялық саяси партиясының өкiлдерi де, партия¬ның жетекшiсi Владимир Козлов та болды. "Алға" партиясы - "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясының мұра¬герi, iзбасары.
2001 жылдың аяғында бiр топ жоғары лауазымды мемлекеттiк қызметкерлер мен бизнесмендер саяси демократиялық реформа жүргiзу қажет деп шешiп, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын құрған едi. Аз уақыттың iшiнде осы қозғалысты құрғандар мемлекеттiк қызметтен қуылды, ал 2001 жылы қозғалыстың жетекшiлерi, Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ғалымжан Жақиянов пен белгiлi бизнесмен Мұхтар Әблязов тұтқындалып, ұзақ мерзiмге сотталды. Өзде¬рiнiң қызметтiк құқығын асыра пайдаланып, ұрлық-қарлыққа барды деген айыппен. Артынан бұл қозғалыс партияға айналды, осы атпен Қазақстанның Әдiлет министрлiгiнен тiркеуден де өттi.
2005 жылдың басында "Қа¬зақстанның демократиялық таңдауы" соттың шешiмiмен таратылды. Парламент сайлауынан кейiн ҚДТ мәлiмдеме жасаған болатын, бұл мәлiмдемеде олар сайлаудың қорытындысын мойын¬дамайтынын, өйткенi сайлау әдiлетсiз әрi лас түрде өткенiн, сондықтан да барлық азаматтарды парламенттi заңсыз деп танып, "азаматтық бағынбау акциясына" шақырған-ды. Пар¬тия¬ның бар айтқаны - осы. Алайда билiктiң ықпалымен өткiзiл¬ген соттық-филологиялық экспертиза мұны, яки азаматтық бағынбау акциясын конституция¬лық құрылымды күштеп құлатуға шақырған экстремистiк үндеу деп тауып, партияны жауып тынды. Ендi ҚДТ-ның iсiн жалғастырушылар "Алға - ҚДТ" атты жаңа партия құруға кiрiстi, бiрақ оны тiркеуден өткiзбедi. Одан кейiн "Алға" партиясы құрылып, 50 000 адам қол жинап, 2006 жылы бүкiл тиiстi құжаттарын тiркеу үшiн арнайы орынға өткiздi. Әдiлет минис¬трлiгi тiркеудi тоқтатып тастады. Партия мүшелерiнiң арызы мен қолдарын тексеремiз деген желеумен. 2009 жылы, Әдiлет министрлiгiнiң жауабын күтпестен, партия мүшелерi тағы да құрылтай өткiзiп, тағы да "Алға" партиясын құрып, қажеттi құжаттарды Әдiлет министр-лiгiне өткiздi. 2010 жылы Қазақстанның Әдiлет министрлiгi бұл партияның 2006 жылы жiберген құжаттарынан кемшiлiк тауып, тiркеуден бас тартты. Ал "Алғаның" осы министрлiкке 2009 жылы қайтара жiберген құжаттарына бұл министрлiк осы күнге дейiн жауап қайтарған жоқ.
Осылайша, құрамында ондаған мың мүшесi бар бұл оппозициялық саяси партия алты жыл бойы "тiркеуден өту сатысында" жүрдi, осының кесiрiнен саяси әрекеттерге бара алмады, сайлауға қатыса алмады, Қазақстан Парламентiнде өкiлi де жоқ және т.т. Осындай себеп-салдарларға байланысты осы уақыт iшiнде бұл партия тек жұртшылықпен жұмыс iстедi және әлеуметтiк жобалармен ғана айналысты. Ешкiмдi күш қолдануға шақырған емес. Жаңаөзенде бұл партияның өкiл¬дерi ереуiлшiлерге тек ақыл-кеңес қана бердi, ереуiлшiлердiң өкiлдерiнiң ЕЫҚҰ-да, Еуропарламентте сөйлеуге мүмкiндiгi бар ма, жұмыстан босап қалған мұнайшылардың отбасына қа¬лай көмектесуге болады, соған ақыл қосты. Ереуiл туралы халық неғұрлым көбiрек хабардар болса деп тырысты.
Осы жерде мынаны айта кеткен жөн, мұнайшылардың ереуiлi мен бас көтерулерi жөнiнде тек оппозициялық бiрдi-екiлi БАҚ қана жазды.
2010 жылдың басында Қазақстанның құқық қорғау органдары бiрсыпыра кәсiп¬одақ жетекшiлерiн, азаматтық белсендiлердi, "Алға" партиясының бiраз мүше¬лерiн, жетекшiлерi В.Козловты тұтқынға алды. 2012 жылдың 16 тамызында басталып 8 қазанда бiткен сот барысында (Ақтау қаласында өткен) үш сотталушы, нақтылай айтсақ, қоғам қайраткерi Серiк Сапарғали, кәсiподақ белсендiсi Ақжанат Әминов, "Алға" партиясының басшысы Владимир Козлов әлеуметтiк алауыздықты өршiттi, конституциялық құрылымды құлатуға шақырды деп айыпталса, соңғы екеуiне бұған қоса "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айып тағылды...
Мен өз баяндамамда тө¬мен¬дегiдей екi мәселеге әдейi назар аудардым:
-   аяғы жаппай тәртiпсiз¬дiкке ұласып кеткен Жаңа¬өзен¬дегi еңбек жанжалы;
- ҚДТ партиясының саяси әрекетi, осы партияның iзба¬сары "Алға" оппозициялық партиясының тiркелмеуi.
Мiне, билiк осы екi мәсе¬ленiң басын бiрiктiрiп, оны 16 желтоқсан оқиғасына әкеп араластырып жiбердi. Бұл, әсiресе, Козловты, Әминовтi, Сапарғалиды соттаған соңғы процесте айқын кө¬рiндi.
Шетпеде болған тәртiп¬сiз¬дiктер жөнiндегi қылмыстық процесте де, Жаңаөзенде болған жаппай тәртiпсiз¬дiк жөнiндегi қылмыстық процесте де, полицейлер мен жергiлiктi әкiмшiлiктiң, мұнай компаниясының жауапты қызметкерлерiн айыптаған қылмыстық процесте де бiрде-бiр саяси қайраткер, немесе қоғамдық қайраткер осы оқиғаны ұйымдастыруға кiнәлi деп айтылған да емес, айыпталған да емес. Бұл тек 2012 жылы 8 қазанда аяқталған Ақтау қаласындағы сотта ғана атап өтiлдi. Бұдан, менiң ойымша, мынандай қорытынды шығаруға болады.
1. Сегiз айға созылған еңбек жанжалын шеше алмағаны және арты адам өлiмiне ұласқан 16 желтоқсан оқиға¬сына қатысты жауапкер¬шiлiктi билiк осылайша өздерiнен сыпырып алып тастауға тырысып бағуда. Козловқа, Әминовқа және Сапарғалиға дейiнгi сот процесiнiң мақсаты да осы болды. Сондықтан да жоғарыдағы сот процес¬терiнде шындық ашылған жоқ. Жаппай тәртiпсiздiкке кiм кiнәлi? Тәртiпсiздiк қалай өрбiдi? Бiр топ арандатушы кiм және олар қайдан келген, қарусыз адамдарға оқ атуға кiм бұйрық бердi? Осының бәрi ашылған жоқ. Қару қолданған полицейлердiң көп¬шiлiгi қылмыстық жауапкер¬шiлiкке тартылған жоқ. Оларды бастап, сол жерде бұйрық берiп, әрi-берi шапқылатып жүргендер де анықталмады. Өз кезегiнде жергiлiктi әкiм¬дер мен мұнай компанияларының бiрсыпыра қызметкерлерi ғана өз қызметтерiн асыра пайдаланғаны және ұрлыққа жол бергенi үшiн сотталды.
Бұлар мұнайшылардың өздерiн жаппай тәртiпсiз¬дiкке кiнәлiлер етiп шығарғысы келдi. Сондықтан да тергеу-тексерулер тереңдеп жүргiзiлмедi.
2. Козловқа қатысты жүргiзiлген сот процесi шын мә¬нiнде саяси мақсатты көз¬дедi. "Алға" партиясын қоға¬мға экстремистiк ұйым ретiн¬де көрсетуге тырысып бақты. Сондықтан да оны 2012 жыл¬ғы 16 желтоқсандағы оқиға¬ға зорлап әкеп таңды. Яғни билiк "Алға" оппозициялық саяси партиясын заңды конс¬титуциялық құрылымды құлатуға күш салған ұйымдасқан қылмыстық топ ретiнде көр¬се¬туге барын салды. Соттың айыптау мәтiнiне көз салсақ, елiмiздегi кез келген саяси оппозициялық партияны дәл осылай қаралап шыға келуге әбден болады. Сот барысындағы айыптауларға, яки филолог, лингвист, саясаттанушы, психолог экс¬перттердiң айыптауларына сенсек, әлеу¬мет¬тiк алауыздық қоздыру тек билiкке, билiк өкiлдерiне қатысты ғана қолданылады екен. Сонда қалай, әлемдiк әлеуметтiк, саяси теория бойынша, би¬лiктiң және оның өкiлiнiң әлеуметтiк топқа жатпайтыны қайда қалмақ?! Сонымен бiрге айыптауларда кешегi кеңестiк тоталитарлық кезең¬дi еске түсiретiн "би¬лiк¬тiң бейнесiн жағымсыз етiп көр¬сетуге тырысты", "конс¬ти¬-туциялық құрылымның не¬гi¬зiне әлеуметтiк-саяси тұрғыдан жiк салды", "шындықты бұр-ма¬лады", "билiктiң iс-әре¬кетiне терiс баға бердi" және т.т.с. тiркестер өрiп жүр.
Тағы бiр "қызық" жай бар. Телефондағы сөздер және скайп-конференциядағы сөздер де куәлiкке алынды. Құқық қорғау органдары екi жылдан астам уақыт бойы оппозициялық саяси партия жетекшiлерiнiң телефондарын тыңдап келген. Оларды үйде де, түзде де, кеңседе де тыңдаған. Мұны билiктiң оппозициялық саяси партия басшыларының құқығына қол сұқты деп айтуға әбден болады. ҚР Қылмыстық процессуалды кодексiнiң 5-бабы бойынша телефонды тыңдау әрi кетсе алты айдан аспауы керек. Ал бiздiң құқық органдары, соттағы айтылғандарға сенсек, екi жыл бойы телефонды үздiксiз тыңдаған.
Сонымен, билiк "ұйымдасқан қылмыстық топты" екi жыл үздiксiз бақылайды да, оларды тек 2012 жылдың 16 желтоқсанынан кейiн ғана "қарусыздандыруға кiрiседi". Ал ендi бұларды екi жыл бойы тыңдаған, бiрақ оларды дер кезiнде ұстауға тырыспаған арнайы қызмет орындарының басшыларының бiрде-бiрi жауапқа тартылған жоқ. Бұ қалай?
Шындығы былай ғой: екi жыл тыңдады, ұстайтын ештеңе таппады, ал қайғылы оқиға болған кезде оларды осы жағдайға орайластырып пайдалана қойды.
Сот процесiн жiтi бақылап отырған адам ретiнде мына мәселенi баса айтқым келедi, Козлов пен Сапарғалиға Жаңаөзендегi 16 желтоқсан оқиғасына қатысты ешқандай айыптау таға алмады. Жаппай тәртiпсiздiкке қатысты тыңдалған куәгерлердiң бiр¬де-бiреуi Козлов пен Сапарғалиды атап көрсеткен жоқ. Сонымен бiрге Козловтың конституциялық құрылысты құлатуға, әлеуметтiк алауыздықты өршiтуге шақырғанын ешкiм де дәлелдеп бере ал¬ған жоқ. Соттың талқылауы барысында Козлов пен Са¬пар¬ғалидың ереуiлге шыққан мұнайшылардың мүддесiн көздегенi, оларға заңдық, ақпараттық және материалдық көмек көрсеткенi, жұ¬мыс¬сыз қалған мұнайшыларға жұмыс тауып беруге тырыс¬қаны, ереуiлге шыққан мұнайшылардың мәселесiн шешу үшiн олардың республикалық билiкке, парламент депутаттарына, халықаралық қауымдастықтарға, Еуропарламент пен ЕҚЫҰ-ына шығуға мәж¬бүр болғаны айтылды. Осының өзi-ақ олардың әлеумет¬тiк алауыздықты қоздырып, конституциялық құрылымды күштеп құлатуға шақырғанын жоққа шығарып отыр емес пе?!
Жоғарыда айтып өтке¬нiмдей, Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесiнде шындық ашылған жоқ. Билiк өз жауапкершiлiгiн өзгеге аударып тастады да, Жаңаөзен оқиғасын оппозицияға қарсы күреске пайдалана қойды. Заң аяққа басылды. Қорғау¬ға, қорғануға ерiк беру, екi тараптың теңдiгi, жан-жақты әрi терең тексеру, кiнәсiздiң кiнәсiз екендiгiн айқындау және т.т. түгел аяқасты болды. Осының бәрiн есепке ала отырып, БҰҰ-ның адам құқығы жөнiндегi Жоғарғы комиссарының нұсқауына сәйкес, 2011 жылғы Жаңаөзендегi желтоқсан оқиғасын халықаралық бақылаушылар мен жергiлiктi тәуелсiз бақылаушыларды қатыстыра отырып, бұл iстi қайтадан толық қарау керек деп есептеймiн. Мұ¬най¬шы-жұмысшыларға және Жаңаөзен мен Шетпедегi қар¬сылық акциясына қатыс-қандарға қатысты сот үкiмiн, А.Әминовке, С.Сапарғалиға және В.Козловқа қатысты үкiмдi де қайта қарау керек.

"АЗАПТАУ ФАКТIЛЕРI ЕЛЕУСIЗ ҚАЛДЫ"
Ерлан Қалиев, "Жаңаөзен - 2011" комитетiнiң мүшесi:

- Халық арасында "37-нiң соты" деп аталып кеткен Жаңବ¬өзендегi жаппай тәртiп¬сiздiкке қатысушылардың про¬цесiнде барлығы 93 қылмыстық том қаралды. Бiрақ артынша 37 айыпталушыға қатысты тергеу материалдары небәрi 30 том екенi, қалған томдарда айыпталушыларға түк қатысы жоқ адамдардың жұмысқа қабылданғаны және шығарылғаны жөнiндегi бұйрықтарының көшiрмелерi жазылғаны анықталды. Бұдан бөлек бұл қылмыс¬тық томдарға iске қатысы жоқ телефон әңгiмелерiнiң жазбаша нұсқасы тiгiлiптi. Сөйтiп, қылмыстық iс материалдары көзбояу үшiн бе, әлде iстiң маңыздылығын көрсету үшiн бе, әйтеуiр 93 томға дейiн жеттi.
Ендi процессуалды заңбұзушылықтарға тоқталсақ. Куәгерлер күдiктiлердi фотосуреттер арқылы таныды. Бұларда күдiктiнi беттестiру арқылы тану мүмкiндiгi бар болатын. Себебi айыпталушылардың барлығы тергеу кезiнде қамауда отырды.
Айыптау бiр үлгiден көшi¬рiлiп жазылғандай, бiр-бiрiне егiздей ұқсас. Онда тегi ғана өзгертiлдi, бiрақ айыпталушының нақты қылмыстық iс-әрекетi көрсетiлмеген.
Мәселен, жәбiрленушi ре¬тiн¬де жауап берген Нұрәлi Баржиков (Жаңаөзен iшкi iстер басқармасы тергеу бөлiмi бастығының орынбасары) полиция iшкi жасағының арасында жарақат алғандар бар болғанын растай алмады. Бiрақ алаңдағы ереуiлшiлер полицейлерге қарсы оқ атты дейдi. Сөй¬тедi де, Ерғазев, Дүйсембаев, Бесбармақовқа сiлтейдi. Адвокаттардың "сiздiңше, бұлар мұнайшылар ма, жоқ басбұзарлар ма?" деген сұрағына "мұ¬най¬шылар" деп жауап бередi. Оларды тергеу ұсынған фотосуреттер арқылы танығанын айтады. Оларды алаңда болып, наразылық бiлдiргенiнен таныған. Ал айыпталушылардың тонап, өрт салғанын көрмеген.
Сол тәрiздi Жаңаөзен қалалық iшкi iстер басқармасы қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң бастығы М.Қызылұлы айыпталушы Жұмағалиевтiң Жаңаөзен қалалық IIБ бастығының орынбасары Өтешевпен сөзге келiп қалып, "Әдiлеттiлiк қайда? Заң қайда?" деп айқайлағанын байқаған. Бiрақ Жұмағалиевтiң полицейлердiң бiрiне қоқан лоққы жасап, жұдырық жұмсағанын көрмеген.
Ал ендi "37 айыпталушының арасынан бұзақылық жасаған бiреудi танып тұрсыз ба?" деген сұраққа жәбiрленушi "жоқ" деп жауап бердi.
Адвокат Венера Сәрсембинаның айыпталушылардың кей¬бiрiн таныған фотосурет¬тердi көрсетiңiзшi деген талабына жәбiрленушi Мылтықов "тер¬геушiлер маған фото¬сурет¬тердi көрсеткенде, бұлардың алаңда болғанын ғана растадым, жаппай тәртiпсiздiкке қатысты деп айыптағаным жоқ" деп мойындауға мәжбүр болды.
Сол тәрiздi Жаңаөзен қалалық iшкi iстер басқармасы криминалистика бөлiмiнiң бастығы Атабаев Жарылқасымовты фотосурет арқылы таныған, алайда куәгерлердiң көзiнше хаттама толтырылды ма, бұл жағын ұмытып қалыпты.
Жаңаөзен қалалық iшкi iстер басқармасының жедел уәкiлi, жәбiрленушi ретiнде жауап берген Төлеген Шегер¬баев 16 желтоқсанда психологиялық соққы алғанын мәлiм¬дедi. Артынша оның азаматтық киiм киiп алып, алаңда тапаншасын ары берi сiлтегенi анықталды. Өз сөзiнше, аспанға төрт рет атқан.
Iздестiру бөлiмiнiң бастығы Медеу Қойланов айыпталушылар Лепесов, Мұрынбаев пен Бесбармақовты таныған. Алайда алдын ала тергеуде өзiнiң жауап берген-бермегенiн естен шығарып алыпты. Тергеу¬шiлер шешiмiмен (?) жәбiр¬ленушi мәртебесiн алыпты. Айып-талушыларды фотосурет арқылы таныған. Бiрақ тану хаттамасы iс материалдарында жоқ болып шықты.
Ол ол ма, сотта бұдан да асып түсетiн сорақылықтар анықталды. Қылмыстық iстiң тергеуiне қатысқан құқық қорғаушы әрi тергеушi, әрi жәбiр¬ленушi болып шықты. Жаңаөзен қалалық iшкi iстер басқармасының тергеушiсi Нұржан Жандарбеков 16-24 желтоқсан аралығында тергеу тобына қатысқан. 16 желтоқсаннан бас¬тап жәбiрленушi болып танылса да, тергеудi жалғастыра берген. Ең қызығы, жәбiр¬ленушi бола тұра Сақтағанов пен Досмағамбетовтi қамауға алуға рұқсат беруге өтiнiш түсiрген.
Учаскелiк инспектордың көмекшiсi Мұрат Соғдиев Роза Төлетаеваны фотосурет арқылы таныды. Себебi "ол сол күнi алаңда балалардың арасында жүрген".
Жедел уәкiл Тоқсанов айып¬талушы Бауыржан Не¬пестi тергеу ұсынған фотосурет арқылы таныды. Беттес¬тiру жүргiзiлмеген. Тоқсанов сотта Непестi кiнәлi деп айта алмайтынын, себебi оның тәртiпсiздiк жасағанын өз көзiмен көрмегенiн айтты.
11 сәуiр күнi барлық жә¬бiрленушi мен айыптау жағының куәгерлерi сұралып бiтпегенiне қарамастан, судья бiрден айыпталушылардан жауап алуды бастап кеттi.
Қылмыстық iс материалдарын қарау кезiнде судья процеске қатысушы тараптардың пiкiрiн сұрап бiлiп отырды. Адвокаттардың әр сұрағы мен ескертуi тергеу¬дiң салғырттығы мен салақтығының, қателiктерiнiң бетiн ашып, аймандай еттi. Мәселен, адвокат Сәрсембина бiрiншi томның бiрiншi бе¬тiнде қаламсаппен түзету енгiзiлгенiн байқап қалды. Судья да бұл түзетуден "түзетiлгенге сену керек" дегендей жазудың жоқтығы мен мөр басылмағанын өз көзiмен көрдi.
Сондай ақ, тергеу кезiнде Қылмыстық кодекстiң талаптары өрескел түрде бұзылды. Айыпталушылар азапталып, соққыға жығылды, түнгi уа¬қытта сұраққа алынды. Тергеу тобының басшысы қоластындағы қызметкер¬лердiң немен айналысып жат¬қанын тексермеген, прокурорлар уақытша қамау абақтысына бас сұқпаған. Қылмыстың iс материалында куәгер Жайлыхановтан жауап алу 22 желтоқсан күнi 22.35 те басталып, 1.35 те аяқталды де¬лiн¬ген. Куәгердi түннiң ортасында жауаптаудың қандай қажеттiлiгi туды? Куәгердiң айтуынша, түнде оны үйiне жеткiзiп салмаған. Ал Жаңа-өзенде бұл уақытта комендаттық уақыт енгiзiлген. ОМОН дардың қолына түсiп қалған ол соққыға жығылыпты.
Қорғаушы Жуасбаева бiрде қорғауындағы Досмағамбетов пен Төлетаева IIМ мен ҰҚК қызметкерлерi қы¬сым көрсеткенiн айтып шағымданды. Процесс өтiп жат¬қандықтан, айыпталушылар соттың қарамағында. Ал Төлетаева мен Досмағамбетов сот залынан шығып камераға барған соң, әлгi қызметкерлер оларды шақырып алып, немесе өздерi баса¬көктеп кiрiп 164 бап бойынша (әлеуметтiк араздықты қоздыру) қозғалған қылмыстық iске куәгер болуға мәж¬бүр¬лейтiнiн айтып, судьяға шағымданған.
Заттай айғақтарды қарау кезiнде бас аяғы елу шақты бейнежазба көрсетiлдi. Бұ¬ларды қарап шыққан соң ереуiлшiлер ешқандай жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастырмағаны, бәрi жүйесiз түрде өткенi көзге көрiнiп тұр. Полицейлердiң сахна алдына өткен адамдар колонасы мен ереуiлшiлердiң арасында тұрғаны, ереуiлшiлердi сахнаға жiбермегенi анық бейнеленген. Сондай ақ, поли¬цейлердiң жедел түсi¬рiлiмi мен әкiмшiлiк, "Өзен¬мұнайгаз" және тағы да бiр¬неше ғимаратта орнатылған бейнекамераға түсiп қалған көрiнiстер көрсетiлдi. Бұлардан полицейлердiң ереуiл¬шiлердi итерiп, киiм¬дерiнен ұстағанын байқадық. Мұнайшылардың арасынан "Әдiлет¬тiлiк қайда? Заң қайда?" деп айқалаған М.Жұ¬ма¬ғалиев пен полицейлерге саусағын шошайтқан Қосбармақов, сондай ақ, по¬лицей-дiң арқасына жармасқан азаматтық киiм¬дегi бiр адам ғана көзге түседi.
Сосын алғашқы рет арнайы көлiктiң бортынан түсiрiлген бейнежазба көр¬сетiлдi. Бұл әдетте жүк мә¬шинесiнiң үстiндегi контей¬нердiң төбесiне орнатылған өз белдеуiнен айнала алатын, жоғары сапалы бейнакамера. Бұл - тәулiк бойы және автоматты түрде жұмыс iстейтiн камера тәрiздi. Осы жазбаларды тағы бiр мұқият зерттеуге болар едi, себебi сотта көрiнiстер үзiлiп жұлынып қана көрсетiлдi. Ал алаң сыртында болған оқиға бұдан тыс қалды.
Судья бейнежазбалар көрсетiлген кезде ешқандай түсiндiрме берген жоқ. Бұл бейненi кiм және қашан түсiрдi, осы сауал жауапсыз күйде қалды.
100-бап бойынша қорғау¬ға алынған, бүркеншiк атпен жауап берген құпия куәгер¬лердiң жауаптарынан да ши шықты. Көп ретте олар өз жауаптарынан шатасты, айыпталушыларға қатысты жауабы қабыспады, ғимараттардың орналасуын, оқиғаның қалай өрбiгенiн айтуға келгенде, қарама қайшы жауап бердi.
Мәселен, өзiн полицей деп таныстырған "Арман" атты куәгер өзгертiлген да¬уыспен 16 желтоқсан күнгi оқиғаны жiпке тiзгендей баян¬дап бердi. Сотта айтқаны алдын ала тергеуде берген жауабынан айнымайды. "Ереуiл¬шiлер алаңдағы адамдарға қоқан лоққы көрсеттi, тiл тигiздi, сосын iс әрекетке көштi. Полицейлердi ұрып соқты, тас, жанғыш қоспасы бар бөтелке лақтырды, өрт қойды". Жәбiрленушi ағайынды Досмағамбетовтердi, П.Дүйсембаев, А.Дүйсенбаева, Ж.Ерғазев, Б.Әспентаев, Р.Төлетаева, Ж.Қаражанов, Тәженов, М.Әминов, Б.Не¬пес¬тi танығанын айтып, олардың сол күнгi iс әрекетiн егжей тегжейлi баяндады. Сұрақ қою кезегi айыпталушыларға келгенде әлгi жә¬бiрленушi әбден шатасты. Айыпталушы Әспентаев: "Ки¬iз үйде қалып қойған полиция қызметкерi Мәдина Әдиеваны бiреулер тiрiдей өртеп жiбермек болды дедiңiз. Мұндай ақпарат қашан келiп түсiп едi?". Куәгер "Арман": "Рация арқылы 12.30 бен 15.00 арасында келiп түстi, нақтысы есiмде жоқ". Әспентаев: "Бұл - жалған. Мәдина болған киiз үйдiң иесi оның асықпай киiз үйдегi заттарды жиыстыруға көмектесiп аман есен кеткенiн сотта айт¬ты". Судья: "Иә, дәл солай".
Сол тәрiздi А.Дүйсенбаеваның: "менi алаңда қай уақытта көрдiңiз? Қандай киiм киiп едiм?" деген сұрақтарына: "Киiм есiмде жоқ. Шамамен 12.30 да көрдiм", - деп жауап бердi. А.Дүйсенбаева бұл уақытта аяғына оқ тиiп, ауруханада жатқанын айтты.
Алдын ала тергеуде Дүй¬сен¬баеваның мекенжайына дейiн көрсеткен куәгер сотқа келгенде оны ұмытып қалыпты. Ең қызығы, куәгер оқиға болған күнi алаңда кiмнiң не iстегенiн ғана емес, өзара әңгiмелерiн де естiген болып шықты. Бiрақ айыпталушы М.Досмағамбетов алаңдағы дыбыс күшейткiштен музыка даусы қатты шыққандықтан, әлдене есту мүмкiн болмағанын ескерттi. Бұдан кейiн куәгер "Арман" Досма¬ғамбетовтiң ойын сөздерi арқылы емес, iс қимылына қа¬рап болжағанын мойындады.
"Арманға" адвокаттар сұ¬рақ қойғанда ол алдын ала тергеуде берген жауаптарын шатастырды немесе мүлде ұмытып қалған болып шықты.
Сол тәрiздi "Оразбаев Алмаз" деген бүркеншiк куәгер бiрнеше оқиғаны өз көзiмен көрген: Ешмановтың үйiне өрт салынғанын, "Аруана" қонақүйiндегi банкомат тоналғанын және автокө¬лiктердiң қалайша өртенгенiн айтып бердi. "ОА" соттағы жауабында "банкоматты қолмен алып шықты" десе, алдын ала тергеуде "УАЗ авто¬көлiгi арқылы алып шықты" деп жауап берген. Алдын ала тергеуде айыпталушы Сарыбаев "Өзенмұнайгаз" жанындағы банкоматты тонады десе, сотта "Аруана" қонақүйiндегi банкоматты тонады деп көрсеттi.
Келесi күнi сотқа келген "Оразбаев Алмаз" шын аты жөнiн айтып, қосымша куәгер ретiнде жауап бердi. Өзiн Ерлан Жайлыханов деп таныстырған ол кешегi сотта жалған жала жабуға мәжбүр¬ленгенiн, алдын ала тергеу кезiнде өзiне қысым көрсе¬тiлiп, азапталғанын жайып салды.
Сотта дәл осылайша Жанат Мұрынбаевқа қарсы жа¬уап берген "Қайрат Алпысбаев" деген бүркеншiк ат жамылған куәгер де артынша соққыға жығылып, қолы сынып, қатты қысым көрген¬дiктен жала жабуға мәжбүр болғанын мойындады. Бұл куәгер қазан айында кiсi қолынан қаза тапқан Александр Боженко едi.
Сотта айыпталушылар да адам төзгiсiз азаптауды бас¬тан өткергенi әшкере болды. Бұл туралы БАҚ-та көп жазылды. Жаңаөзеннiң уа¬қыт¬ша қамау абақтысында аяусыз соққыға жығылып, қаза тап¬қан Базарбай Кенжебаевтың өлiмi елдi дүр сiл¬кiндiрдi. Құқық қорғаушыларды айыпталушыларға моральдық қы¬сым көрсетiп, азаптағаны өз алдына. Мәселен, Роза Төлетаева ҰҚК-ге жеткiзiлгенде ондағы Ержан есiмдi қызметкер: «сендер бiттiңдер» деп қоқан-лоққы көрсеткен. Төлетаеваның 14 жасар қызы бар екенiн бiлетiнiн ескерткен. Жауап алу кезiнде айыпталушының жонарқасына әлде¬бiреу тапанша тiреген. Руслан есiмдi қызметкер оның басына полиэтилен пакетiн кигiзiп есiнен тандырған. Шашынан сүйреп, бiр уыс шашын жұлып алған. Жауап алу кезiнде қайсыбiреулер "Қа-зақстан ұнамаса, Түрiкмен¬станға қайт (Р.Төлетаева Түрiкменстанда туылды)" деп айқалаған.
Айыпталушы Таңатар Қа¬лиев те ҰҚК-де осындай оқи¬ғаны бастан өткерген. "Ұлыңды да жауапқа тартамыз" деген қысымға шыдамағандықтан, жалған жауап беруге мәжбүр болды. Адвокат тек 2-3 аптадан соң бе¬рiл¬ген. Сотта шындықты жайып салған айыпталушы тергеу кезiнде берген жауабынан бас тартты. Айтуынша, ҰҚК полковнигi А.Қыдырәлиев камерасына келiп, "Бас тартатын болсаң, байқа, тағы бiр баппен қылмыстық iс қозғаймыз" деп қорқытқан.
Айыпталушылардың арасында көшеде жатқан қорапты алғаны үшiн сотқа тартыл¬ғандары да бар болды. Шамов пен Абдрахманов 16 желтоқсан күнi кешкiлiк 8-9-да жол-жөнекей кетiп бара жатып ыдыс-аяқ салынған бiрнеше қорапты көрген. Көтерiп алғаны сол едi, жоқ жерден тапанша ұстаған бiреулер жетiп келiп, көлiктен шығарып алып, қолдарына кiсен кигiзiп, бөлiмшеге алып кеткен. Абдрахмановтың тұспалдауынша, бұл қораптар жолға әдейi тасталған. Артынша Шамов пен Абдрахманов полиция бөлiмшесiнде аяусыз соққыға жығылды. Абдрахмановты темiр еденге жатқызып, үстiнен су құйып, арқасына секiрген. Екi тәулiк бойы суық гаражда ұстап, тағы су құйған. Сөйтiп, айыпталушы туберкулездiң ашық формасына шалдықты.
Айыпталушы Мақсат Досмағамбетов полицейлер қа¬бырғасын сындырғанын айтып бердi. Ол сотта өзiн ұрған полицейлердiң атын атап, түсiн түстедi.
Айыпталушылар мен олардың адвокаттары ұрып-соғу мен азаптау фактiлерiн жiпке тiзiп, өтiнiш түсiргенiне қарамастан, мұны арнайы органдар тексермедi.


БIЗДI ТҮСIНЕТIН ҮКIМЕТ ЖОҚ!
Шолпан ӨТЕКЕЕВА, Жаңаөзен қасiретiнiң куәгерi әрi жәбiрленушi:

- Мен осы жиынға Жаңаөзеннен келiп отырмын. Мұнайшының зайыбымын. Зайыбым - Дүйсен Рүс¬тембеков. 2011 жылы 15-16-17 жел¬тоқсан күндерi өз көзiммен көрген оқиғаларды айтудың сәтi келiп отыр.
15 желтоқсан күнi Жаңаөзендегi алаңда киiз үйлер тiгiлдi. Киiз үйлер жақын жердегi елдiмекендерден әкелiндi. Қаланың өзiнде киiз үйлер жоқ. Алаңға киiз үйлер тiгiлiп жат-қанда, мен апалардың жанына барып: "Сiздер бұл жерге қалай киiз үй тiгесiздер? Алаңда жетi айдан берi мұнайшылар тұр емес пе? Қалай дәттерiңiз барады?" - дедiм. Олармен сөйлескенде, менiң бiл¬генiм - ол үлкен кiсiлер мұнайшылардың әлi де алаңда тұрғанын бiлмеген. Олар машинамен жеткi¬зiлген киiз үйлерiн түсiргiлерi келмей: "Мынауымыз обал болар" деп, киiз үйлерiн тiгудi қаламады. Сөйтiп, олар керi қайтатын болды. Сол кезде әр киiз үйдiң айналасына жиырма шақты полиция қойылды. Олар киiз үйлердi түсiрткiздi. Алаңнан кеткiсi келгендер кете алмады. Тек бiр машина ғана алаңнан сытылып шықты. Жиырма шақты киiз үй алаңның ортасына орналастырылды. Алаңда бiр нәрсе болатыны туралы күбiр-күбiр әңгiмелер естiлдi. Киiз үйлердiң иелерiн сол сәтiнде қала әкiмi Сарбөпеев шақырып алып: "Ертең, 16 желтоқсан күнi сендердiң киiз үйлерiңе бiр нәрсе болса, әр киiз үйге екi миллионнан ақы төлей¬мiн", - дептi. Тiптi онысына сендiру үшiн қолхат та жазып берген.
Сөйтiп, үлкен айғай-шумен киiз үйлер тiгiлдi. Мен қатты ашуланып, ренжiп, алаңнан кетiп қалдым. Мұнайшылар да тарады. Олар: "Егер алаңда ертең, 16 желтоқсан күнi қандай да бiр жағдай бола қалса, бiз оған жауапты емеспiз" деген қолхаттарын да тапсырып тастады.
15 желтоқсан күнi жергiлiктi басшы атаулы киiз үйлерге жиналып, қонақасын асқызып, бiлген¬дерiн жасады. 16 желтоқсан күнi мұнайшылар алаңға қайтадан келдi. Менiң жоғары сыныпта оқи¬тын қызыма мектеп мұғалiм¬дерi: "Ертең жылы киiнiп, алаңға келiң¬дер" деп тапсырма бередi. Студенттерге де сондай мiндет жүктелген. Студенттердiң, мектеп оқушыларының қолдарына жалаушалар да таратады. Тәуелсiздiк мерекесi деп бүкiл қала халқын алаңға жинайды. Сөйтiп, ер-азамат, бала-шаға, әйелдер бәрiмiз алаңда болдық.
Бәрi аяқ астынан басталды. Киiз үйде ет жеп отырған бiр басшы бiр сүйектi алып, целлофан қалтаға салып жатып: "Жетi айдан берi аш тұрған мұнайшыларға апарып берiңдер!" деген. Мұны өз көзiмен көрген бiр ағамыз айтты. Басқа киiз үйдегiлер де солай жасаған. 20-30 жасөспiрiмге қалың күпәйке кигiзiп, арандатушы топты дайындаған "Өзенмұнайгаздың" директоры Киiкбай Ешманов дейдi бiлетiндер. Олар сахнаға шығып, құрал-жабдықтарды, алаңдағы шыршаны құлатады. Автобусқа шабуылдайды. Мұның бәрi жетi айдан берi неше түрлi әдiлетсiздiк пен моральдық қысым көрiп тұрған мұнайшылардың қарсы әрекетiн туғызады. Бәрi осы жерден басталды.
Шырша құлап, бiр жеңiл авто¬көлiк төңкерiлiп, автобус өртенiп жатыр. Алаңдағы адамдар қайшыласып, әрлi-берлi жүгiрiп кеттi. Бiреулер киiз үйлерiн жинауға кiрiстi, бiреулер баласын, бiреулер мен сияқты күйеуiн iздеп, халық сапырылысты да кеттi. Осы кезде ешбiр ескертусiз алаңға қарай полиция сап түзеп келе жатып оқ атты! Кәдiмгiдей адамдарды алаңның ортасына үйiрiп қойып, әйел, бала-шаға деместен ашықтан-ашық оқ жаудырды! Мен алаңның шет жағында есiмдi жия алмай тұрып қалдым: полиция сап түзеп, адамдарға қарата дәл бiр фашистер сияқты оқ жаудырып келе жатты! Осы кезде олардан керi қарай жүгiрген азаматтар бiр-бiрiн құ¬шақ¬тап, жетектеп жүгiредi! Өйткенi оқ әркiмнiң әр жерiне тиiп жатқан! Бәрi осылай болды.
Полиция кейiн шегiнген болады да, қайта алға жүрiп, қайтадан оқ жаудырады! Олар бұл әрекеттi екi-үш рет қайталады. Бiз орнымыздан қозғала алмай қарап қалыппыз... Бiр кезде маған жақындау жерде бiр жiгiт шалқасынан құлады. Жүгiрiп әлгi жiгiтке келiп, оны демеп жiбергiм келдi. Ол шалқасынан жатыр екен, жанарлары жартылай ашық қалыпты. "Тiрiсiң бе?" деп бетiнен ұрып, мойнындағы күре тамырын ұстадым. Ол бiр жұтынды да, өңi қашып кеттi. Қарасам, оқ қақ маңдайынан тиген екен! Мен қолымдағы орамалмен жiгiттiң маңдайын таңып, жақын маңдағы адамдарға: "Көмектесiңдер!" деп айғайладым. Бiрақ мен ол жiгiтке шын оқ тидi деп ойлаған жоқпын, әншейiн жарақаттайтын резеңке оқ деп ойлап жүрмiн! Адамдар көмекке келгенше, бiзге қарай оқ жаудырып келе жатқандарға арқамды берiп, жiгiттiң жанында отырдым. "Резеңке оқ тисе, арқама тисiн" деп ойладым. Осы кезде менiң даусыма жетi-сегiз жiгiт жүгiрiп келiп, жiгiттi көтерiп ала жөнелдi. Мен оларға: "Оқ басынан тиген, басын ұстаңдар!" деп жатырмын. Жiгiттер әлгi баланы жақын тұрған үйдiң ар жағына жеткiзiп, жерге жатқызды да, бәрi орындарында тұрып қалды: бала жан тапсырған екен. Баланың бас киiмi менiң қолымда қалып қойды. Бас киiмнiң желке жағы кәдiмгi адамның қанына былған¬ған! Бас киiмдi қысып ұстап, шырша тұрған ортаға қарай жүгiрдiм. Күйеуiмдi, қызымды iздеп жүрмiн. Бiрақ адамдардың бiрiн-бiрi табуы, тануы мүмкiн емес!
Бiр қарасам, киiз үйлердiң iшiндегi тамақ жасалған аласа үстелдердi қалқалап, жiгiттердiң тұрғанын көрдiм. Полиция әлi де болса оқ атып, әкiмдiктiң үйiне қарай жақындап келедi. Екiншi жаққа қарасам, жарақат алғандарды киiз үйдiң iшiнен алынған алашаларға салып, әкетiп жатыр екен! Оларды сахнаның артына қарай тасып әкетiп жатты. Осы кезде маған бiр апай ұялы телефонға қоңырау шалып: "Шолпан, қайдасың?" дедi. Байланыс сол кездiң өзiнде бiрде естiлiп, бiрде естiлмей тұрды. Әлгi апайдың маған: "Сахнаға қарай... Дүйсен.. аяғы..." - деген сөздерi үзiлiп-үзiлiп естiлдi. Мен солай қарай жүгiрдiм. Сахнаның сыртында тұрған апай анадай жерде тұрған уазиктi көрсеттi: "Кү¬йеуiң¬нiң аяғына оқ тидi" дедi. Жүгiрiп машинаға келдiм. Келсем, машинаның iшiне адамдарды бiрiнiң үстiне бiрiн салып, тиеп тас¬таған. Артқы жағында менiң күйеуiм жатыр: оң аяғынан оқ тиiп, сүйегiн шашып жiбергенi сонша, аяғы терiс қарап қалған! Кәдiмгi әскери автоматтан атылған оқ! 1-8 сантиметрдей сүйегi орнында жоқ! Жаралы адамдарды әлi тиеп жатыр. Ендi машина жүрер кезде: "Бiр әйел адам мiнсiн!" - дедi бiреу. "Менiң күйеуiм осында, мен бара¬йын", - деп көлiкке әзер қыстырылып мiндiм. Аяқ басатын жер жоқ. Айта кетейiн, алаңда жедел жәрдем деген болған жоқ. Алдыңғы жақта мұнайшылардан Нұрлыбек деген жiгiттi көрдiм. Оқ кеңiрдегiнен тиiп, иығы арқылы жауырынынан шыққан! Тағы бiр жiгiт: "Қарындас, мен мұнайшы емеспiн, бiрақ маған екi жерден оқ тидi", - деп сөйлеп жатты, өзгелерiнде үн жоқ, бәрi сұлқ түскен, қан кетiп жатыр.
Оқ атылып жатқан жерден айналып өтiп, таса-тасамен емханаға жеттiк. Машинадан секiрiп түсiп: "Көмектесiңдер! Мұнда адам көп. Носилка керек!" - десем, емхананың алды қарақұрым адам екен. Бiзге дейiн де жараланғандар әкелiнiптi. Носилка жетiспейдi. Сөйтiп, адамдарды алашамен тү¬сiрiп, таси бастады. Бiз келген көлiкке келген фельдшер ме, бiреу екi адамның тамырын ұстап көрiп: "Мына екеуiн моргқа!" - дедi. Сон¬¬да бiзбен бiрге екi өлiк барған. Сөйтiп, менiң көз алдымда үш адам өлдi!
Үш қабатты емхананың барлық қабатындағы дәлiздердiң бәрiнде жарақат алған адамдар жаты.
Палаталардағы жүре алатын нау¬қастарды тез үйлерiне қайтарып, жаралыларды орналастырып жатыр. Бiз орналасқан палатаға қосымша төсектер қойылды, кейбiр палатада адамдар еденде де жатты. Дәрi¬герлердiң өздерi кiмге не iстерлерiн бiлмей, естерi шығып кеттi. Өздерi жетiспей де жатыр. Жарақаттары жанына батып айғайлаған адамдар... Бұл - 16 желтоқсан күнi емханада болған жағдай. Кешке қарай Ақтаудан жетi-сегiз жедел жәрдем жеттi. Жолға жарамайтындар қалып, жол жүруге жарайтындардың тiзiмiне iлiгiп, Ақтауға кеттiк. Күйеуiмнен қан көп кетiп, түрi көгерiп кеттi.
Өзiм бiлетiн мұнайшыларға тиген оқтың бәрi кiлең автоматтың оғы болып шықты. Тапаншадан атылған оқ тұрып қалады екен. Оқты алуға болмайды. Оқ жұлынына тұрып қалған Сансызбай деген жiгiт қазiр мүгедек. Тағы бiр жiгiттiң сан етiне кiрген оқ күре тамырға тұрып қалған, әлi күнге дейiн алдыра алмай жүр, Алматыға қанша рет барып келдi. Қайрат, Аманқос деген жiгiттердiң өмiрiне балта шабылды. Екеуi де жас жiгiттер!
17 желтоқсан күнi де жаман болды. 17-сi күнi үкiметтiң адамдары банкоматты тонады, магазиндi тонады. Үкiметтiң адамдары дегенiмiз - полициялар ғой жүрген! Қала тас қараңғы, жарық жоқ, телефон жоқ, ұялы телефондар өшiрiлiп тасталған! Осы кезде тонау жүрiп жатты. Ал көшеде бейсауат кетiп бара жатқан адам болса, ол әйел ме, бала ма, қыз ба қарамастан, қолын қайырып машинаға салып, подвалға қамай берген.
Подвалға қатысты сөз өз алдына: ондағы әйел болсын, қыз болсын шешiндiрiп, бiлгендерiн жасаған! Жасөспiрiм балаларды гаражға қамап, аязды күнi шешiндiрiп, суық су шашып, оларға да дубинкамен бiлгендерiн iстеген! Сөйтiп, әбден қорлап, үйлерiне жiберген. Солардың арасында болған Базарбай деген жiгiт бар.
Мiне, бар қорлықты көрiп жатқан тек қарапайым халық, бiз¬дермiз. Бүгiн Жаңаөзенде ешнәрсе өзгерген жоқ. Әлi күнге қысым көрiп отырмыз, әлi де қудалап жатыр. Кеше куәгер болған жас баланы өлтiрiп тастады. Оның не жазығы бар? Арандатушы топ әлi жұмыс жасап жатыр. Арандатуды ұйымдастырған жергiлiктi қалалық, облыстық басшылар және құзырлы органдар! Алаңда тұрған мұнайшылар олардың көзiне шыққан сүйелдей болды. Оларды алаңнан қалай кетiрудiң жолын iздедi! Осының бәрiн ұйымдастырған - компания басшылары: жоғарыдан төмен қарай тегiс келдi де, халықты тек қырып кеттi! "Байланысты қоссын, Жаңаөзендегi атысты тоқтатсын!" - дегендерi үшiн Шетпеде де дәл осыны қайталады! Шетпеде жарақат алғандар әлi тиесiлi төлемақысын да алған жоқ! Мүгедек болып қалғандар қараусыз қалды!
Бiздiң сұрайтынымыз - дұрыс қоғамдық комиссия құрылып, осылардың бәрiн аралап шығу керек! Қамауда жазықсыз отырғандардың шығуына қол ұшын берiңiздер! Бiздi түсiнетiн үкiмет жоқ!

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖЕТКIЗГЕН ЖЕРI ОСЫ БОЛДЫ МА?
Ғалым АГЕЛЕУОВ,  қоғам белсендiсi:

-  Жаңаөзен қаласындағы жем¬қорлықтың белең алуын он бес жыл бойы қаланы басқарған Жалғас Бабахановпен байланыстыруға болады. Сыбайластарымен бiрiгiп қала бюджетiн тонауда асқан ептiлiк көрсеткен ол Жаңаөзен қаласының гүлденуiне емес, керiсiнше, құрып-бiтуiне "үлес" қосты. Өзiнiң туыстары мен достарынан жасақталған топпен қала әкiмi сегiзден астам ЖШС-лар ашып, бюджет қаржысын осы серiктестiктер арқылы жымқырып отырған. Бiр серiктестiктен екiн¬шiсiне ақша аударып iздерiн жасыруды да ұмытпаған сыбайласқан топ жалған кәсiпорындарды көптеп "ашады". Тергеу барысында 2009 жылы ашылған "Дархан" ЖШС осындай жалған мекеменiң мөрiн соғып отырғаны анықталды. Осы "Дархан" ЖШС-ға "Жанашыр" ӨФ-нен түрлi құ¬жаттардың желеуiмен 89 миллион теңге аударылады. Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк инфрақұрылымына жұмсалуға тиiс ақшалар әкiмқаралардың құлқынына кетiп жатты. Осылайша көп жылдар бойы мемлекеттiң қаржысы әлдекiмдердiң жеке мүдделерiне жұмсалумен болды. Мысалы, қаланың коммуналдық шаруашылығы үш рет банкрот болуға апаратын жолды таңдап, қолдан шығынға бату әрекеттерiн жасаған. Барлық жаңаөзендiктер 2008 жылға дейiн қаланың жылумен қамтамасыз етiлмегенiн жақсы бiледi. Ал тұрғындарға ауызсу күнiне екi рет қана бiр жарым сағаттан берiл¬ген. Бұған әбден тозығы жеткен қаладағы жолдар мен әлеуметтiк нысандарды қосыңыз. Қаланың әлеуметтiк-экономикалық мәселелерiн шешу үшiн үкiметтен арнайы ақша жыл сайын бөлiндi. Алайда қаржының басым бөлiгi дiттеген жерiне жеткен емес. Сондай-ақ жаңаөзендiктер "Өзенмұнайгаз"-ға (ӨМГ) жұмысқа тұру үшiн бастапқыда үш мың АҚШ долларын параға берсе, кейiнiрек қызмет дәрежесiне қарай бұл сома өсiп отырған. Осының салдарынан қалада жаппай жұмыссыздық көрсеткiшi артты.
ӨМГ басшылығы үздiксiз ағылған мұнайды қажет кезiнде өз пайдасына сатып, жерасты байлығының қожайыны тек қана өзi секiлдi шалқып күн кештi. Шiлде, тамыз, қыркүйек айларында полиция 65 бөшке мұнай тиеген көлiктi Жетiбайда ұстаған болатын. Жергiлiктi тұрғындар маған полицейлер ұрлықы мұнайдың қожайынын iздестiргенiн, алайда онысынан түк шықпағанын айтты. Мұнайды құжат бойынша "мазут" дегiзiп жаздырып, сыртқа шығаратын басшылардың мақсаты түсiнiктi емес пе. Жеке бас пайдасының мүддесi үшiн мұнайшылардың еңбекақысынан да қаржы жымқырудан тайынбаған. Қаланың шар¬уашылық қызметiнде жалақылары есептелетiн мұнайшылар өздерiне қыруар ақша бөлiнетiнiнен бейхабар едi. ӨМГ-нi басқарған Киiк¬бай Ешманов компанияның басшылық бөлiмдерiне тек қана өз адамдарын жайғастырып,қарапайым жұмысшылардың әлеумет¬тiк проблемаларына пысқырып та қарамады. Тiптi Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкiмi Орақ Сарбөпеев 37 мұнайшының сотында жұмысшылардың жалақысы бойынша екi түрлi бухгалтерия жүр¬гiзiлгенiн мойындап, осыған қатысты уәжбен келiскен едi. Бiрақ осыған қатысты күнi бүгiнге дейiн не билiктiң, не тиiстi органның тарапынан нақты жауап берiлмедi.
Ереуiлге шыққан мұнайшылар 2011 жылғы мамырда, ең алдымен, қаржылық аудит жүргiзудi талап етiп, бұл мақсаттарына жете алмады. Сол тұстағы вице-министр Ө.Шүкеев мұнай компанияларындағы қаржылай заңбұзушылықтардың бары туралы мәлiмдеме жасаумен ғана шектелдi. Қазақстандықтарға бұл заңбұзушылықтар жөнiнде шынайы ақпарат та, нақ¬ты дерек те көрсетiлмедi, айтылмады.
Қоғам қайраткерi Серiк Са¬пар¬ғали еңбек дауына қатысты құрылған комиссияның тексеру қорытындысында бiр ғана 1.8 коэффициентiн қысқарту арқылы 17 млрд.теңге шамасындағы қаржылай "сыйақы" компанияның басшы-қосшыларының қалтасына түсiп отырғаны көрсетiлген.
Қаланың барлық мекемелерi сыбайласқан қылмыстық топ секiлдi қылмыстық әрекеттерiн өзара байланыста бiрге iске асыр¬ған. Мол қаржыдан шоталын алып, өз несiбесiн артығымен аса¬ған жаңаөзендiк шенеунiк¬терге мемлекеттiк бақылау органдарынан ешбiр тексеру жұмыстары жүргiзiлмегенi түсiнiксiз. Қала мен оның халқын аяусыз тонап, миллиардтарды өңешiнен оңай өткiзген бұл топтың құрамы тек қана басшы-қосшылардан жасақталып, Ж.Бабахановқа тiкелей бағынышты болады. Бiр адам қызметiнен бүгiн кетсе, ертең одан да жоғары лауазымға ие болу үрдiсi де осы әкiмнiң тұсында белең алды. 2000 жылдары Жаңаөзенге көптеп жұмыс қолдары тартылып,әр жақтан арнайы жұмысшылар келедi. Алайда тұрақты жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етпеген қала басшылығы сырттан келген жұмысшыларды керi қайтуға мәжбүрлейдi. Сонымен қатар өзге ұлт өкiл-дерiне де осы тұста қысым көрсету күшейiп, жергiлiктi тұрғындардың тынышы кетедi. Екi ұлттың ортасында келеңсiздiк тудыру қала басшылығында жүргендерге қиын емес едi. Соның салдарынан Жаңаөзенге келген өзге ұлт өкiлдерi дерлiк елдерiне қайтып кетедi. Ал осы аймақтың тұрғындары қала әкiмдiгi үшiн төменгi сорттағы адам саналғаны сондай, олардың алдында әкiм ретiнде есеп беруге тиiс Ж.Бабаханов, керiсiнше, халықты адам ретiнде санамауды әдетке айналдырған.
Жергiлiктi басшылар да тек қана жоғарыдан шыққан бұйрықпен жұмыс iстеп, өз беттерiмен ешқандай проблема шешуге әрекеттенбейдi. Тек қана үш бiлiм ошақтарында ғана қалыпты жұмыс атқарылып, оқушыларды оқытуға жағдай жасалады. Осындай нем-кеттiлiктiң салдарынан бiр жасқа толмаған сәбилердiң өлiмi кө¬бейгенi сонша, елу пайызға дейiн жеткен.
Жаңаөзендiктердiң пiкiрiнше, қалалық прокуратураның басшысы Тойжан Марат пен қаржы полициясының басшысы Қайыр¬ғалиев Асқар қаладағы сорақы жағдайларды жасырып, тасада қалдырған.Өкiнiшке қарай, аты аталған бұл азаматтар жауапқа тартылудың орнына, қызметтiк лауазымдары жоғарылаған. А.Қа¬йыр¬ғалиев қазiр облыстық қаржы полициясы басшысының орынбасары. Тойжан Марат облыстық прокуратураға қызметке ауысты. Кiнәлi адамдардың жазалану орнына, қызметi өскенiне жаңа¬өзендiктер өте наразы.
Ел бюджетiнен жымқырылған қаржылардың барлығы да Астана жақпен келiсiлiп, өзара келiсiм арқылы жасалды деген сөздер көп айтылады. Ақтау қаласына бөлiн¬ген қаржының отыз пайызы Астанадағы шенеунiктерге шотал ретiнде қайтарылып отырған.
Жаңаөзен қаласының тұрғындары қала басшылығынан тәртiп орнатуды, жауап¬кершiлiктi талап еткенiмен, одан нәтиже шықпаған. 2009 жылы қазан айында тұрғындардың талап етуiмен "Жалын" кинотеатрында жиналыс өтедi. Сол жиында тұрғындар мен жұмысшылар көптеген заңбұзушылықтарды әшкерелеп, нақ¬ты дәлелдердi алға тартады. Соның нәтижесiнде Ж.Бабаханов қызметiнен алынды. Iсi сотқа тапсырылған оған судья бiрiншi сот отырысында-ақ шартты мер¬зiмде жазасын өтеуге шешiм шығарды. Соттың әдiлетсiз шешiмiне халықтың наразылығы үдеп, екiншi рет өткен сот про¬цесiнде Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкiмi екi жылға бас бостандығынан айырылып,түрмеге жөнелтiлдi. Осы сот барысында жаңаөзендiктердiң көбi түсiнiк¬теме беру құқығынан шеттетiлiп, сот процесiне де қатыстырылмады.
Маңғыстаудың басшылары мен Астананың шенеунiктерi арасындағы сыбайластықты жою мақсатында заң орындарына жүгiнiп, мәселенi сотта қарауға болар едi. Алайда жемқорлықтың басында отырғандар бұған жол бермейтiнiн Ж.Бабахановқа қатысты өткен сот процесi көрсеттi.
Сондай-ақ, осындай сыбайласқан қылмыстық әрекеттен кейiн О.Сарбөпеев осы жүйеге қарсы келер ме едi? Әрине, жоқ. Соның салдарынан ол сыбайласқан топтың құрбанына үн шығармас үшiн айналдырылды. Жаңаөзендегi қаралы желтоқсан оқиғасы үшiн жауапты болуға тиiс О.Сарбөпеев шенеунiктердiң былықтарын ашпауы үшiн он жылға түрмеге жабылды.
Орақ Сарбөпеевтiң тұсында қалаға бюджеттен бөлiнетiн қаржының көлемi бұрынғыдан да ұлғайған. Жаңа перзентхана, аурухана салынып, көшелердегi кәрiз құбырларына дейiн өзгертiлдi. Қала iшiндегi жолдар жөнделiп, ауызсу мәсе¬лесi шешiлген болатын. Осы шаруалармен қатар, жол картасына бөлiген қаржылар құмға сiңген судай жоғалған. Алтыншы ықшамауданда салынған үйлердiң қазiр қабырғасы жарылып, қирап жатса, кейбiрiнiң шатыры әлдеқашан ұшып кеткен. Жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаржыға қарақалпақтарды жалдап, арзан¬қол құрылысшылармен әлгiн¬дей үйлер тұрғыза салған. "Рахат-3" ықшамауданында тұрғызылған мектептiң апатты жағдайға түсуi арзанқол құрылысшы мен азын-аулақ ақшаға тұрғызылғанын дәлелдесе керек. Осындай олқылықтарды бiр ғана Жаңаөзен қаласынан көптеп кездестiруге болады. Мұның барлығы - қала басшылығы мен билiктегiлердiң жауапсыздығының салдары. Жұмыссыздық жайлаған Жаңаөзенде алдағы уақыттарда жаппай наразылық пен шиеленiс артпаса, азаймайды. Себебi қордаланған әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiмiн таппайынша, халықтың тынышталмайтыны анық.

Тәуелсiз БАҚ Астананы керi шегiндiрдi
Жанар ҚАСЫМБЕКОВА, журналист:

- Жаңаөзендегi қаралы оқиға туралы егжей-тегжейiмен ақпарат таратқан газет-журнал, интернет басылымдар көп болмады. Елiмiздегi санаулы ақпарат құралдары оқиғаның шындығын қоғамға жеткiзуге күш салғанымен, билiкке қарасты телеарналар мен газеттер Жаңаөзен қасiретiн басқа тұрғыдан көрсетуге жанталас¬ты. Мұнайшылар ереуiлдеген сәттен бастап, желтоқсандағы қасiреттi оқиға мен сорақы сот отырыстарына дейiн бүкпесiз ақпарат таратқан "Голос республики", "Взгляд", "Жас Алаш", "Уральская неделя", К+ телеарнасы, "Азаттық" радиосы, "Guljan.org", "janaozen.net", "СтанТВ" интернет-порталдары болды.
Ақпараттық кеңiстiкте Жаңаөзен оқиғасы қалай тарағанына қарап, қоғамның мұны қабылдауын және осы жағдайда БАҚ-тың атқарған рөлiн анықтауға болады. Ақпарат құралдарының хабар таратуына үлкен ықпал жасаған Ақорда өз мақсатына жеттi деу қисынсыз. Сонымен қатар билiкке қарасты БАҚ Жаңаөзен оқиғасына қатысты мәселелердi үзiп-жарып, халыққа оппозицияны қауiптi етiп көрсетуге болатын сәттерiн таратты. 16 желтоқсан күнгi жаппай тәртiпсiздiк болған кез бен төтенше жағдай жарияланған уақытты және сот шешiмдерiн басқаша мағынада, бұрмалай таратқан ақпарат құралдары қоғамда үрей орнатуға ықпал еттi деуге болады. Жоғарыдан түскен бұйрықтың аясында жұмыс iстеген билiктiң ақпарат кеңiстiгi мұнайшыларды кiнәлап, айыпталушыларды халық жауындай етiп көрсетуге күш салды.
Сол кезеңдерде жергiлiктi басылымдар мен телеарналардың белсендiлiгiн сараптаған тәуелсiз бақылаушы Андрей Осавалюк: "Жаңаөзенде екi газет және муниципалды телеарна бар. Қоғамдық саяси "Жаңаөзен" газетi - билiкке қарасты аудандық басылым. Газеттiң кеңсесi әкiмдiктiң ғимаратында орналасқан. Ал "Жаңаөзен жаршысы" - ақпараттық-жарнама газет. 2011 жылғы желтоқсанда болған оқиға туралы жаңаөзендiк басылымдар ешқандай хабар таратпады. Бұл басылымдардағы материалдар тек қана жергiлiктi басшылардың кеңесiмен, рұқсатымен жарық көредi",- дейдi.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты батыстың ақпарат құралдары боямасыз шындықты таратып, мақалаларын қазақстандық шен¬дi-шекпендiлердiң шымбайына батыра жазды. Қайғылы оқиға барысында билiк пен халықтың арасын ашып көрсетiп, ереуiл¬дегендерге полицияның қалай қару қолданғанын, бiздегi әлеу¬мет¬тiк мәселенiң қалай ушығып кеткенiн әшкерелеп ақпарат таратқан Reuters, Euronews, CNN т.б. батыстық БАҚ оқиғаны өз көзiмен көргендерден, билiк те¬перiшiнен зардап шеккен азаматтардан сұхбаттар жариялады. Бiр қатар сарапшы мамандар қазақстандық билiк жүйесiн "диктатура" деп айыптап, елдегi ахуал¬ды араб көктемiмен салыстырды.
Ал ресейлiк ақпарат құралдары еңбек дауын тоқтатуға мүм¬кiндiк болғанын, полицейлердiң шектен тыс қатыгездiк танытқанын, сыртқы фактордың әсерi әлсiз болғанын көлеңкелейтiн күңгiрт материалдар таратумен шектелдi. Жаңаөзен оқиғасына байланысты шындықтардың басым бөлiгi күнi бүгiнге дейiн жабық күйде қалды. Мәселен, оқиға болған күннiң ертеңiнде Жаңаөзенге барып, тұрғындармен сөйлесiп, ақпарат жинадық. Сол кезде жаңаөзендiктердiң көбiсi қаза болғандардың саны ресми мәлiметтегi сандардан әлдеқайда көптiгiн айтысты. Бiз де бiрнеше аты-жөнi анықталмаған, билiк таратқан тiзiмде жоқ мәйiттердi өз көзiмiзбен көрдiк. Өкiнiшке қарай, мұндай белгiсiз мүрделер тым көп болғаны анық. Сондай-ақ, өз баласының жансыз денесiн кәрiз құбырының iшiнен тауып алған әйелдiң айтқандарынан баласының тапанша оқтарынан көз жұмғанына көз жеткiздiк. Мәйiттiң денесiндегi сансыз оқтарды туыстары да көрген екен. Алайда қайтыс болғаны туралы анықтамаға уланып немесе инфаркттен көз жұмды деп жаздыруға мәжбүрлеген. Бiзде мәйiтхана қызметкерлерiнiң қа¬лай пайда тапқаны туралы тү¬сiрiлген бейнежазба да бар. Әр мүрденi 10 000 теңгеден туыстарына сатқан олар басқаның қазасынан олжа табуды көздеген. Сонымен қатар, қайтыс бол¬ғандар¬дың уақыт мерзiмiн 16 желтоқсан¬нан басқа күнге белгiлеп жерле¬генi туралы деректерiмiз де бар.
16 желтоқсан күнi алаңда ауыр аяқты келiншектiң қалай көз жұмғанын, ал оның жанында жұлыны жұлынған баланың мәйiтi жатқанын көрген куәгерлер бар. Әйтсе де, Жаңаөзен оқиғасында қаза болғандардың ресми тiзi¬мiнде бұл екi адамның аты-жөнi жоқ.
Екiншiден, полицейлер мен "омон-дардың" оқиға болған күнгi сорақы әрекеттерi туралы деректер өте көп. Мәселен, 16 желтоқсан күнi қала iшiнде қызыл машинамен жүрiп, осы көлiктiң iшiнен адамдарға оқ жаудырылғанын көрген куәгер бар. Куәгердiң сөзiне қарағанда, оқ тиiп құлаған бiр бойжеткен қызды әлгi содырлар соққыға жығып, басын жарып өлтiрiп кеткен. Сонымен қатар, Жବңаөзен қалалық iшкi iстер бас¬қармасының моншасында 7-8 қыз бен бiр әйелдi үш күн қамап ұстап, солдаттар аяусыз зорлағаны сондай, қыз-келiншектердiң денсаулығы нашарлап, дәрiгерге қаралуға мәжбүр болғаны жайлы да көп айтылды. Базарбай Кенжебаевты омондардың екi тәулiк бойы iшкi iстер басқармасының жертөлесiнде қалай ұрып-соққаны, соның салдарынан бiр отбасының асыраушысы көз жұмғаны - Жаңаөзен оқиғасының қалай болғанын көрсетсе керек.
Үшiншiден, сот процесiнде айыпталушылар өздерiне тергеу барысында сұмдық қысым жасалып, қорлық-зорлық көргендерiн айтса да, бұған судьяның селт етпегенiне таңғалдым. Мысалы, Роза Төлетаева мұнайшылардың ереуiлi басталған күннен ақпарат құралдарына сұхбат берiп, жағдайдың қалай болып жатқанын хабарлап жүрдi. Ал сотта басқаша түсiнiктеме бердi. Сондай-ақ, ол өзiне қандай қысым жасалғанын, басына целлофан қапшық кигiзiп, тұншықтырғанын сот про¬це¬сiнде жасырмады. Тек қана Роза ғана емес, басқа да айыпталушыларға мұндай зорлық-зомбылықтың сорақы түрлерi кеңiнен қолданылғанын растады.
Төртiншiден, сотта беттерiн жауып алған полицейлердiң куәгер ретiнде сұралғаны журналистер мен мұнайшылардың отбасы мүшелерiнiң ренiшiн тудырды. Полицейлер өз түсiнiктемелерiн алдын ала дайындалып қойған парақтан оқып бергенiмен қоймай, барлығы бiр қолдан өткен көшiрме сөздердi қайталап шықты.
Ал тәуелсiз журналистерге сот процесiнде бейнежазба жұ¬мыс¬тарын жүргiзуге тыйым салынып, онлайнмен iлеспе аударма жасауымызға тура келдi. Сондай-ақ, сот отырысы басталғанға дейiн болған интернет және мобильдi байланыс процесс кезiнде түсiнiксiз жағдайда сөнумен болды.
Тәуелсiз журналист ретiнде мұнайшыларға қатысты өткен сот процесiн әдiлетсiз өттi деп санаймыз. 2011 жылғы 16 желтоқсан күнгi қанды оқиғаның ақиқаты толық ашылмады. Сот процесi мен судьяның шешiмдерi төмен¬дегi сұрақтарға жауап бере алмады:
1) қазақстандық билiк мұнайшылардың еңбек дауын бейбiт түрде шешудiң орнына, нелiктен мәселенi шиеленiстiрiп, ушығуына жол бердi?
2) 2011 жылғы 16 желтоқсанда арандату әрекеттерiн жүргiзген қара бетперде кигендер кiм және неге олар жауапқа тартылмады?
3) күдiктiлер мен айыпталушыларға қысым көрсеткендер кiм және оларға қысым жасауға бұйрықты кiм бердi?
4) бейбiт тұрғындарға оқ атуға кiм бұйрық бердi?
5) арнайы орган қызмет¬керлерi оппозиция өкiлдерiнiң әрбiр басқан қадамын бақылап, телефондағы сөйлескен сөздерiн жасырын тыңдаса да, Жаңа¬өзендегi жағдайды болдырмауға неге әрекет етпеген?
Осы сұрақтардың жауабын тергеп-тексерудiң орнына билiк¬тегiлер керiсiнше, оппозиция мен тәуелсiз БАҚ-ты бiржолата басып-жаншуға Жаңаөзен оқиғасы мен басқа да жағдайларды қарсы пайдаланды. Қазiргi кезде ең сорақысы сол, мұнайшылардың ереуiлдеуiне де, полицей¬лердiң бейбiт тұрғындарға оқ атуына да тәуелсiз басылымдар мен журналистердi кiнәлауда. Әйткенмен, бiздiң табандылығымыздан Ақорда керi шегiнiс жасауға мәжбүр болғаны анық. Жалпы халық билiктегiлерге сенуден қалды. Жоғарыдағылардың әрбiр сөзi мен әрекетiнiң қабыспайтынына көзi жеткен халық Ақорданы қолдамайтынын көр¬сет¬тi. Ақпараттар ағынына тос¬қауыл жасау мақсатында астаналық шенеунiктер екi бағыт бойынша жанталаса әрекет еттi. Бiрiн¬шi¬ден, тәуелсiз БАҚ-тың үнiн өшi¬¬ру үшiн газеттi жабуға немесе әлдекiм арқылы сатып алуға әрекеттендi. Қазiргi кезде тәуел¬сiз басылымдар мен ақпарат таратушыларға билiктi құлатпақ болды деген айып тағып отыр¬ған жоғарыдағылар бұл айыптармен оппозиционер В.Козловты соттады да. Егер тәуелсiз баспасөз құралдарын жауып, тұн¬шықтырар болса, тек бiр ғана айыбы үшiн жасалуы мүмкiн. Ол Жаңаөзен шындығын халыққа бүкпесiз жеткiзгендiгi үшiн БАҚ-ты құртты деген сөз.
Екiншiден, өз қауiпсiздiк шараларын нығайту мақсатында және сақтық үшiн билiктiң алып машинасы iске қосылып, бұқара халыққа қарсы жiберiлдi. Соның бiр дәлелi ретiнде билiкке қарас¬ты ақпарат құралдарының В.Козловқа қатысты шыққан сот үкiмiнен кейiн жарыса хабар таратуын айтуға болады. Оппози¬цио¬нердi қылмыскер етiп көрсетуге бағытталған бұл ақпараттардың негiзгi мақсаты - халықтың үрейiн ұшыру болғаны анық. Мiне, елдегi осындай саяси жү¬й¬е¬¬нiң ықпалымен тәуелсiз ақпарат құралдарының басшыларына қысым жасалып, оларды ауыстыру, журналистерге қастандық жасау сияқты масқара әрекеттер белең алды.
Десек те, Ақорда тәуелсiз БАҚ-ты тұншықтырып, жеңiске жетпейтiнiне сенiмдiмiн. Себебi, кешегi КСРО-ның тұсында да бүкiл ақпараттық ресурс партия мен үкiметтiң қатаң бақылауында болғанымен, халықтың сенiмiн жоғалтқан билiк үлкен жеңiлiске ұшырағанын ұмытпайық.

"Жас Алаш" газеті

 

0 пікір