Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаң 1691 6 пікір 10 Мамыр, 2022 сағат 14:04

Петиция: Арон Атабекті ақтау һәм Президентке хат

Жуырда «egov.press» порталында марқұм Арон Атабекті саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танып, қайтыс болғаннан кейін толық ақтауды және Шаңырақ оқиғасын қайта қарауды талап еткен петиция жарияланды. Петицияға қазірдің өзінде 900-ге жуық адам қол қойған.

Петиция авторы – Нутушева Алма Аронқызы. Марқұм Арон Атабектің қызы. Ол «Facebook» желісіндегі жеке парақшасында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қарата үшбу хат та жазыпты. Біз Алма Аронқызының үшбу-хатын қазақшаға аударып, оқырман талқысына ұсындық...


Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

2006 жылы менің әкем, ақын, түрколог және диисидент Арон Атабек Нутушев (Едігеев) «Шаңырақ оқиғасы» бойынша жазықсыз сотталып, 18 жыл бостандығынан айырылған. Оның кінәсін дәлелдейтін ешбір айғақ жоқ. Айыптау туған бауырлар – Бауыржан және Айбатыр Ибрагимовтардың куәлігін негізге алып жасалды. Кейін олар Бас прокурор мен Жоғарғы сотқа жасаған мәлімдемесінде төрт ай бойы қысым көріп, соның негізінде куәгерлік жасағандарын айтты.

Оған қоса қалалық администраторлар тобының сот орындаушысы Бақыт Шаяхметовтың куәгерлік мәлімдемелеріне сәйкес, Арон Атабек полицей өлімін болдырмауға тырысқан. Ол билікті азаматтардың тұрғын үйлерін сүріп тастамауға шақырған.

Алайда, судялар - Бейімбетова А.Ш., Мамытова Б.Н., және Мусина Г.М., әуел бастан айыптау шешімін шығаруға бейімделіп отырған. Сотқа наразылық ретінде, әкем сот процессі кезінде өзінің ішін тіліп жіберген. Онан соң, түрмеде де өзінің қолын кесіп, түрме киемдерін өртеп жіберген. Осы наразылықтардың барлығын құзырлы органдар елемеген.

Арон Атабектің арқасында сол Шаңырақ халқы өз түрғын үйлерінің құжаттарын рәсімдеді. Қазіргі күні онда мыңдаған отбасы өз үйлерінде тұрып жатыр. Ол (Арон) сол Шаңырақта жер телімі болмаса да, қазақстандықтардың құқығын ерлікпен қорғады.

2021 жылдың қазанында Арон Атабек денсаулық жағдайына байланысты түрмеден босатылды. Ұзақ 15 жыл адам төзгісіз жағдайда, жазалау камерасында, азаптаудан кейін денсаулығынан айрылып, толықтай дерлік қозғалмай қалды, бойы  183 см бола тұра , салмағы 50 кг-нан аз болды! Бұл аштықтан болған дистрофия. Толық дерлік бұлшықет атрофиясы. Азаптаудан кейін көптеген сынықтар салдарынан қол-аяғы қозғалмады. Арон Атабек түрмеде алған жұлын аурулары және басқа да көптеген қорқынышты диагноздар қойылды.

Түрмеде оны аяуыз азаптаған. Өзінен әлдеқайда жастармен төбелестіріп, олар Аронның тістерін түсірген. Ал түрме қызметкерлері әділетсіз сотталған оған көрсетпегенді көрсеткен. 3 айдан аса уақыт бойы әкемді камерадан басына қап кигізіп шығарған. Ал баспалдақтан құлағанда, артынан теуіп тұрғызған. 3,5 жыл бойы қайнақ су мен шәй бермеген. Оның қолжазбаларын да тартып алып, суық, бетон жерге ұйықтауға мәжбүрлеген. Оған біздің хаттарымыз бен сәлемдемелеріміз жетпеген. Ол әбден ашыққан және түрме қабырғасында баяу өлуге айналған.

КУИС Қаражал аудандық сотының 2013 жылғы Едігеевті тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеуге ауыстыру туралы шешімін де ескермеген. Мұның барлығын Арон Атабек «Шаңырақ оқиғасы» туралы қолжазбасында өзі жазып қалдырған.

Менің әкем тіпті өзіне зейнетақы да рәсімдей алған жоқ. Ол ҚазКСР кезінде Госкинада, «Мектеп» баспасында және өзге де жерлерде жұмыс істеген. Оның себебі – террорлық топтардың демеушісі деген реестрге заңсыз енгізілгендігі.

Тіпті, Арон Атабек қайтыс болғаннан кейін де, орган өкілдері маған, туған қызына, әкемнің өлімінің ақ-қарасын анықтауға кедергі келтіруде. Формалды түрде оның өлімінің себебі – «жедел өкпе жетіспеушілігі» деп көрсетілген. Қайтыс болғаннан кейін, оның денесінен өзге дене табылған. Ал Әуезов аудандық Прокуратурасы мен полиция басқармасы ол табылған заттың көзін жойған. Сол арқылы мені тәуелсіз сараптама жасау құқымнан айырды.

Ол қайтыс болды деген суық хабар естілгенде, бізбен бірге мыңдаған адам қайғырды. Халық Арон Атабекті ұмытқан жоқ. Халық Аронды жақсы көреді.

Арон Атабек үзілді-кесілді уақытынан бұрын босатуға өтініш жазған жоқ. Өйтсе, кінәні мойындағанмен тең болар еді.

Әділетсіз сотталып, азапталып өлген Арон Атабектің қайғы жұтқан қызы ретінде Сізден (ҚР Президентінен) келесілерді сұраймын:

1. «Шаңырақ ісін» қайта қарауға жіберуді;

2. Менің әкемді, Арон Атабек Нутушевті (Едігеевті) «Жапай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заңға сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тануды;

3. Оның таза есімін қайтыс болғаннан кейін толық ақтауды сұраймын

Нутушева Алма Аронқызы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584