Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2798 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 09:13

Саясаттағы мемлекеттік қызметкерлер саны 538 адамға дейін қысқарады

Қазақстанда саясат алаңында қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер саны 538 адамға дейін қысқарады. Бұл туралы бүгін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне арналған және мемлекеттік жоспарлау мен басқару реформасы туралы Екінші халықаралық конференция барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

«Мемлекеттік қызметті реформалау жөнінде келісім табылып, бүгінде Үкімет заң жобасының нобайын келтірді. Бұл реформа өте маңызды. Саясаттағы мемлекеттік қызметкерлердің саны 6,5 есеге, 3277 адамнан 538 адамға дейін қысқарады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бүгін Астанада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелеріне арналған және мемлекеттік жоспарлау мен басқару реформасы туралы Екінші халықаралық конференция өтуде.

BNews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525