Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2764 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 09:12

Назарбаев университетінде адам өмірін ұзартатын дәрінің дәмін таттырады

Бүгін Бүгін елордадағы  Назарбаев университетінде өтіп жатқан «Регенерациялық медицина мен сапалы ұзақ өмір сүру» атты екінші халықаралық ғылыми конференция барысында қонақтар мен қатысушыларға «Нәр» симбиотикалық биоөнімнің дәмін таттырады.

Бұл өнімді аталған университеттің Өмір туралы ғылымдар орталығы әзірлеген болатын. Ол адамның денсаулығын жақсарту арқылы өмірін ұзартуға бағытталған.

«Бүгін көптеген сауалдар «Нәр» биоөніміне қатысты туындады. Ия, осындай биоөнім бізде жасалды. Ол зертханалық сынақтан өтті. Қазіргі уақытта клиникалық сынаудан өтуде. Дегенмен, мен бір ғана биоөнім ұзақ өмір сүру мәселесінің шешім болып табыламайтындығын баса айтқым келеді. Бұл ең біріншіден денсаулық сапасын жақсартуға бағытталған. Ал денсаулық ұзақ өмір сүру кепілі», - деді БАҚ өкілдеріне аталған орталықтың бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір