Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3069 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 08:58

Сенатор Мұхамеджанов Опера және балет театрын басқарады

Мемлекет Басшысының Өкімімен Төлеген Мұхаметжанов "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Т.Мұхаметжановтың өкілеттігі тоқтатылды.
Есілдің сол жағалауында салынып жатқан Классикалық опера және балет театрының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев объект құрылысымен шілде айында танысқан кезде мердігер компания осы межені атаған.
Жаңа театрдың ғимараты классикалық эллинизм, маньеризм және барокко үлгісінде салынып жатыр. Жоба авторлары ежелгі грек-рим және қазақтың ұлттық сәулет өнерін үйлестіруге тырысқан.
Көрермен залы 1250 адамға есептелген. Ол жерде италиялық стиль барынша байқалады. Орталық сахнаның ауданы - 935 шаршы метр. Ал оркестр залы 550 шаршы метрді құрап отыр. Оған толығымен бір оркестр және хор сыйады. Театр Тұран даңғылы және Дінмұхаммед Қонаев көшесі қиылысында орналасқан.

0 пікір