Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2815 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 08:19

Қуандық Шамахайұлы. Табиғи байлықтан түсетін табысты неге тең бөліспейміз?

Әдетте табиғи байлық қоры мол елдер тез дамып, әлем өркениетінің  көшінде алдыңғы қатарға шығып кетуі керек. Бірақ, өкінішке қарай олай емес екен. Егер әлемде бір ел көркейсе, өткен жиырма жылдың ішінде біз гүлденіп-ақ кетер едік қой. Олай болмағаны бәрімізге мәлім.
«Жаһанданудың көлеңкесі», «Таңғажайып тосын өсім» атты кітаптарымен дүниежүзіне әйгілі болған Жозеф Штиглиц деген белгілі экономистің мәлімдеуіне қарағанда, ондай байлық кейде экономикалық дамуды тіпті кері тартатын көрінеді.  Оны ол Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық валюта қорының соңғы жиырма шақты жыл бойы жасаған «ұлы сынақтарының» құрдымға кеткендігімен түсіндіреді.
Аталмыш банк пен қордың артта қалған елдерге көмек қолын ұсынуын  Жозеф Штиглиц кереғар әрекетке балайды. Оның пайымдауынша, табиғи байлықтың молдығы бақ емес, сор көрінеді. Сонысымен ол біз секілді елдерге ескерту жасап тұрғандай.
Қазірдің өзінде сырттай қарағанда жерге лицензия беру мәселесі жөніндегі дау-дамайлардың, шетелдіктердің қазақ жерінің байлығын аяусыз тонап алып, ақыр соңында  бананды жеген соң қабығын тастайтыны секілді лақтырып кететіні жайындағы түрлі қаңқудың желдей есетіні бей-жай қарайтын дүние болмаса керек.

Әдетте табиғи байлық қоры мол елдер тез дамып, әлем өркениетінің  көшінде алдыңғы қатарға шығып кетуі керек. Бірақ, өкінішке қарай олай емес екен. Егер әлемде бір ел көркейсе, өткен жиырма жылдың ішінде біз гүлденіп-ақ кетер едік қой. Олай болмағаны бәрімізге мәлім.
«Жаһанданудың көлеңкесі», «Таңғажайып тосын өсім» атты кітаптарымен дүниежүзіне әйгілі болған Жозеф Штиглиц деген белгілі экономистің мәлімдеуіне қарағанда, ондай байлық кейде экономикалық дамуды тіпті кері тартатын көрінеді.  Оны ол Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық валюта қорының соңғы жиырма шақты жыл бойы жасаған «ұлы сынақтарының» құрдымға кеткендігімен түсіндіреді.
Аталмыш банк пен қордың артта қалған елдерге көмек қолын ұсынуын  Жозеф Штиглиц кереғар әрекетке балайды. Оның пайымдауынша, табиғи байлықтың молдығы бақ емес, сор көрінеді. Сонысымен ол біз секілді елдерге ескерту жасап тұрғандай.
Қазірдің өзінде сырттай қарағанда жерге лицензия беру мәселесі жөніндегі дау-дамайлардың, шетелдіктердің қазақ жерінің байлығын аяусыз тонап алып, ақыр соңында  бананды жеген соң қабығын тастайтыны секілді лақтырып кететіні жайындағы түрлі қаңқудың желдей есетіні бей-жай қарайтын дүние болмаса керек.
Экономикалық түрлі көрсеткіштер, пайда мен табыс туралы жасалатын санқилы баяндамалар және билік өкілдерінің мақтанып-шаттанған жалынды сөздері қарапайым халыққа түсініксіз әрі аса қатты толғандыратындай дүние  де емес, шындығын айтқанда.
Қатардағы қазақ үшін мәселені «табиғи байлықтан түсетін табысты неге тең бөліспейміз?», «қазба байлық таусылған соң жағдай қалай болады?» деп қана қарапайым түрде көтерген әлдеқайда тиімді. Бұл тұрғыдан келгенде, Алматыдағы азаматтық қоғам өкілдерінің көтеріп жүрген мәселелері құптарлық және көңілге қонымды.
Елдің экспорттық өнімдерінің көп бөлігін табиғи байлық, яғни, толықтай өңделмеген шикізат иеленетіні белгілі. Үкімет орны бюджетті жоспарлағанның өзінде әлем нарығындағы мыстың, мұнайдың, алтынның өсімі мен кемуіне лайықтауға мәжбүр болып отырса, не шара.  
Әлем экономистері табиғи байлықтың белгілі бір елге ақша әкелгенімен даму қарқынын арттырмайтынын ескертуін ескертіп-aқ келеді. Оған табиғи шикізатқа аса бай бола тұра ішкі өндірісі құрыдымға кеткен, елдегі ат төбіліндей ғана топтың байып, жалпы халқы қайыршылық күй кешкен бірсыпыра  мемлекеттер нақты мысал бола алады. Біз де солардың қатарына аяқ басып бара жатқан жоқпыз ба, осы?!
Экономикалық өсім бұрын болмаған ірі көрсеткішке ие болғанын бір кісінің даналығымен байланыстырып, мақтануға келгенде алдыға жан салмаймыз.  Кейін соның зардабын тарттырған кінәлі адам кім екенін қайдан іздер екенбіз? Ғажайып жетістіктерімізбен мақтану үшін көзге көрінетін, қарапайым халық тікелей сезінетін бірдемелер болуы керек қой. Айлық жалақымыз қаншалықты өсті, тұрмыстық қажеттілігімізді толықтай өтеуге жетіп тұр ма, өндіріс саласында ілгерілеу бар ма, тәуелсіздік жылдарында әлемдік нарыққа шығарған брендтік қандай дайын өнімдеріміз бар? Осы сұрақтарға жауап боларлық ештеңе таппаған соң, еріксіз күмілжіп қаламыз.  
Біздің дәл осы жағдайымызды Латын Америкасының бірқатар елдері бұрын бастан кешірген екен. Жалпы, табиғи байлығы мол елдерде 1990-жылдары ішкі жалпы өнім мен тұтыну қажеттілік өсіп, гүлденіп шыға келген. Алайда, оның бәрі шын мәнінде әдемі сандық көрсеткіш қана болып қалған көрінеді. Себебі, ондай «бай» елдер айналасы төрт-бес жылдың ішінде экономикалық құлдырауға ұшыраған. Оны «голландиялық ауру» деді ме, әйтеуір, түрлі диагнозбен түсіндіргендері мәлім.  
Оның жайын экономистер түсіндіре жатар. Ал, біздің түсінгеніміз, табиғи мол байлық бізді ұшпаққа шығармайтыны. Ақша көбейген сайын оны талан-таражыға салып, шекара асырып таситындар, ішіп-жеп алып қашып кететіндердің саны арта түседі екен.
Сонымен қатар, табиғи байлықты сатудан түскен қыруар ақша ішкі өнім өндіруге кері әсер ететін секілді. Айталық, аз шығынмен олжалаған табиғи байлықты шикі күйінде экспорттайды, одан түскен ақшамен қажеттілігін өтейді, тіпті оңды-солды шашады. Байлықтың желігі шенеуніктердің «ісіп-кебуіне» әсер етеді. Соның салдарынан мемлекеттік орындардың бюджетінен нәтижесіз ағылып-төгілетін шығын көбейіп, сыбайлас-жемқорлық кәріне мінеді. Есесіне, жасампаздық пен нақты істің тетіктері әлсіреп, өндірістік қабілет төмендейді, тіпті жансыздана түспек. Одан сақтанудың жодарын Ж.Штиглиц мырза былай деп көрсетеді:
Біріншіден, бухгалтерлік есеп-қисап жүйесін жетілдіру. Табиғи байлықты игерушілер өздерінің тапқан таза пайдаларын кемітіп көрсету үшін қаржылық есеп-қисаптарына санқилы қулық-сұмдықты, айлакерлікті қолданатын көрінеді. (Бізде бұл жағының бақылауы мен тексерісі өте жоғары деңгейде дегенге өз басым аса сенбеймін).
Екіншіден, жауапкершілік жүктеу үрдісі. Бұл жерде әлдебіреулерді әбден «ішкізіп, жегізіп» тойдырғаннан кейін,  шетелге қашырып жібергесін ғана зорға дегенде  іздеу жариялап, қылмыстық іс қозғаудың, сырттай пәлен жылға соттаудың қаншалықты тиімді екенін өздеріңіз бажайлай беріңіздер.
Үшіншіден, бақылу, тексерудің тиімді жүйесі. Бұл жерде қолында құзіреті шамалылау  есеп комитетінің, құзіреті бола тұра майда шабақтардан аса алмайтын күштік құрылымдардың жырын айтып, жалықтырмай-ақ қоялық.
Төртіншіден, ашықтық пен жариялы іс әрекет.  Бұл жерде ең бастысы, жемқорлыққа, алаяқтыққа жол бермеуді ғана меңзеп отыр. Қазіргі таңда  табиғи байлығымызды игерушілер төлемақыны мемлекетке төлеуден гөрі бір ғана шенеуніктің  қалтасын толтырып, бар жүктемеден құтылып кетуді ойлайтын және оған жол берілетін жағдай қалыптасқан болса, халық үшін ауыр қасірет. Жозеф Штиглиц те сол секілді өрмекшінің торындай шырмаған сыбайластықты меңзеп отыр. Ондай келеңсіздіктері әшкерелейтін еркін ойлы баспасөзге мемлекеттің өзі жағдай жасап қолдап отырса, ықтимал қауіптің алдын алуға айтарлықтай көмегі болары сөзсіз.
Тұрақты даму туралы билік иелері де айтуға тым әуес. Алайда, бұл сөзбен шектелетін дүние емес, әрине. Ол үшін табиғи байлықты шетке шығарудан түскен пайданың есебімен бюджеттің шығынын көбейтудің, барды ұқсата алмай беталды шашудың, азғана топтың шексіз баюына ғана мүмкіндік беріп қоюдың соңы орны толмас өкінішке әкеліп соқтыратынын кейбір елдердің ащы сабақтарынан көріп те отырған жайымыз бар.
Сондықтан, азаматтық қоғам мүшелерінің референдум өткізу туралы ұсыныстарын бүкілхалық болып қолдағанымыз абзал. Сонда ғана табиғи байлыққа тәуелді болмаудың, дамудың басқаша жолдарын қарастыра аламыз. Сонымен қатар, қазба байлықты пайдалану туралы заңға елеулі өзгерістер енгізудің, ұлттық қордағы қаржыны тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіру талабы да өмірден туындап отыр.
«Abai.kz»

0 пікір