Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Ақмылтық 4699 30 пікір 5 Мамыр, 2022 сағат 12:39

Конституцияда Назарбаевтың аты болмайды

Назарбаевтың есімі ел Конституциясына жазылмайтын болды. Бұл өткен күннің басты жаңалығы. Бұған дейін Конституцияға Нұрсұлтан Назарбаевты "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деп бекіту мәселесі көтеріліп, ел арасында дау туындаған еді. 

Ерлан Карин назначен помощником Президента РК - Новости Казахстана и мира на сегодня

Мемлекеттік Хатшы Ерлан Қарин бұл туралы былай деп жазды:

"Конституциялық Кеңес еліміздің Ата Заңына енгізілетін түзетулердің жобасына оң қорытынды берді.

Бұл мемлекетіміз бен ұлттымыздың болашағы үшін айрықша мәнге ие конституциялық реформаны іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас балансын оңтайландыруға, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын кеңейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ұсынысын ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілген болатын. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жұртшылыққа аян және Конституцияда бөлек бекітуді қажет етпейді.
Конституциялық Кеңес ұсынылған түзетулердің барлық тармағын Ата Заңға сәйкес деп қорытынды жасады.

Конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға бағытталған және ол барша қоғам өкілдерінің мүддесі үшін жүзеге асырылады", - деді.

Что бы мы ни делали, русские «будут глядеть в лес» — Дина Елгезек

Елбасы туралы Конституцияға жазылмайтын өзгерісті қоғам белсенділері де қызу талқылап жатыр.

Журналист Дина Елгезек?

"Сүйінші, қазағым! “Нұрсұлтан Назарбаев - мемлекетіміздің негізін қалаған” деген бап Конституциядан алынып тасталатын болды. Назарбаевтың өзі мен отбасын қорғайтын 46-бап жойылады. Соған сәйкес, “Тұңғыш Президент туралы” заң да күшін жояды. Яғни Назарбаев пен оның отбасы Конституцияның арнайы баптарымен, жеке заң тармақтарымен де қорғалмайтын болды. Мені қолдаған барша бауырға мың алғыс! Дүйім халықтың пікірін ескерген Мемлекет Басшысы Қасымжомарт Тоқаевқа жеке алғыс білдіремін", - деп жазды.

Мұхтар Тайжан: Ұлттық кеңес жұмысына атсалысуға дайынмын

"Назарбаев туралы бапты Конституциядан алып тастайтын шешімді қолдаймын. Бұл бізді қуантатын факт болды. Жеке басқа табынудан арылу әділетті Қазқастанға қадам басудың алғышарты болуы керек. Біз әділеттіліктің не екенін ұмыта бастаған халқымызға сол сезімді қайтаруымыз керек. Әділеттілік болмаса жастардың болашаққа деген сенімі болмайды. 

Бұл өзгеріспен тоқтап қалмау керек. Енді біз астананың, көше аттары мен университет, мектеп, әуежай мен ескерткіш атауларын өзгертуді қалаймыз. Бұл жеке басқа табынудың нақты көрінісі ғой", - деп жазды Мұхтар Тайжан.

Abai.kz

30 пікір