Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2848 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 07:58

Ырысбек Дәбей. Стиль

Стиль туралы материал дайындауға ниет еткелі апта өтсе де, ащы ішекше шұбатылып жүріп алдым. Басында «өзімізде қалыптасқан стиль бойынша бір шағын аңдатпа жазып, облыстардан, болмаса Алматыда тұратын қолтаңбасы қалыптасқан жазушылардан пікір алып, міндетімнен құтыла салайын ба» деп ойлағам. Оған жағдай басқаша болып кетті. Дәл осы стиль мәселесі мойныма жүк болып артылған кезде Орхан Памуктің «Менің атым Қызыл» романы қолыма түсе қалмасы бар ма. Өзім де стиль қалыптаспаған, кім айтса соған сеніп кете беретін біреу екем, өзгердім де кеттім. «Бір жөн болса, осыныкі жөн» деп Орханның орына түстім. Орханым алғашында алай-бұлай лақтырып көрді де, соңында бала кезімізде өзіміз талай үйретіп, жуасытқан асау тайдай айтқанға көнді. Айтарының астарын шығарды. Тақырыбыма қатысты болған соң суретшінің (романдағы кейіпкер) аузымен айтылатын қолтаңба жөніндегі үш түрлі философиясын айта кеткенім дұрыс шығар. Қысқаша түйіндегенде бүй дейді. Мәртебелі патша мен сұлу ханымның бақыттан басы айналған суретін салғаны үшін, өнерпаз мол алтын қазынаны қонышынан басыпты. Өйткені, патша суреттегі керемет бақытты сәтін көрген сайын суретшіні алтынмен жарылқапты. Соңында суретші өзінің мықтылығы түптеп келгенде аға буын ұстаздардың мейір-шапағаты екендігін ұмытып, өзінің даралығын азырақ араластырса болғаны, туындысы тіпті көз сүріндіреді деп есептейді.

Стиль туралы материал дайындауға ниет еткелі апта өтсе де, ащы ішекше шұбатылып жүріп алдым. Басында «өзімізде қалыптасқан стиль бойынша бір шағын аңдатпа жазып, облыстардан, болмаса Алматыда тұратын қолтаңбасы қалыптасқан жазушылардан пікір алып, міндетімнен құтыла салайын ба» деп ойлағам. Оған жағдай басқаша болып кетті. Дәл осы стиль мәселесі мойныма жүк болып артылған кезде Орхан Памуктің «Менің атым Қызыл» романы қолыма түсе қалмасы бар ма. Өзім де стиль қалыптаспаған, кім айтса соған сеніп кете беретін біреу екем, өзгердім де кеттім. «Бір жөн болса, осыныкі жөн» деп Орханның орына түстім. Орханым алғашында алай-бұлай лақтырып көрді де, соңында бала кезімізде өзіміз талай үйретіп, жуасытқан асау тайдай айтқанға көнді. Айтарының астарын шығарды. Тақырыбыма қатысты болған соң суретшінің (романдағы кейіпкер) аузымен айтылатын қолтаңба жөніндегі үш түрлі философиясын айта кеткенім дұрыс шығар. Қысқаша түйіндегенде бүй дейді. Мәртебелі патша мен сұлу ханымның бақыттан басы айналған суретін салғаны үшін, өнерпаз мол алтын қазынаны қонышынан басыпты. Өйткені, патша суреттегі керемет бақытты сәтін көрген сайын суретшіні алтынмен жарылқапты. Соңында суретші өзінің мықтылығы түптеп келгенде аға буын ұстаздардың мейір-шапағаты екендігін ұмытып, өзінің даралығын азырақ араластырса болғаны, туындысы тіпті көз сүріндіреді деп есептейді. Патша ханымын қызғандыру үшін, орнына басқа әйелдің суретін салады. Бұл сурет төңірегінде сарайда өсек гулеп, ақыры шыдамаған ханым ағашқа асылып өледі. Патша: «Барлық кесел суретші өз стилін іздеуден туды» деп, шебердің екі көзін шұқып, соқыр қып тастайды.

Екінші әңгіме былай өрбиді. Суретші патша қытайдың сұлу қызын тоқалдыққа алады. Патшаның бәйбішесінен туған сері ұлдың жас тоқалға көңілі кетеді. Бұл қылығының опасыздық екенін әбден білетін бала, дертін емдеу үшін күндіз-түні үйден шықпай, сурет салады. Керемет суреттерді көрген жұрт қайсысын аға буын суретші, қайсысын бала салғанын парықтай алмай, таңқалады. Бұл суреттерді жас тоқал да көреді де: «Мына суреттерге қолтаңба қалдырмаса, кейін бұл суреттерді кім салғаны ұмыт болады», - дейді. Оған патша: «Онда ұлым аға буыннан ұрлаған болып шығады немесе «салған суреттерімнен кемшілігім көрініп қалады» деп дұрыс сурет сала алмайды», - деп ақылын айтады. Күн өте келе сері жігіт сұлу тоқалдың азғыруына еріп, ешкім байқай алмайды-ау деген жерге, қалың шөптің арасына өзінің қолтаңбасын қал¬дырады. Қолтаңба қалдырған тұңғыш суреті - «Хұсырау-Шырын» хикаясының мәлім бөлшегі болады. Хұсыраудың ұлы Шырынға ғашық болып, бір күні түнде ерлі-зайыптылар жатқан бөлмеге баспалап кірген азғын әкесінің кеудесіне қанжарын қадайды. Осы жағдаяттың белгісі бар суретті көрген әкесі: «Мына суретте бір кемістік бар», - деп, кеудесін үрей мекендейді. Өйткені, өзі оқыған кітаптарда бұндай оқиға, бұндай аңыз баяндалмаған. Осыны ойлап, көзі алақтап жатқан әкесін терезеден ұрланып кірген ұлы жазым етеді.
Үшінші әңгімеде қырық неше мемлекетке үстемдік жүргізген патшаның ұлы болмай, болашақта елді ұстайтын мұрагерді сұлу қызының жігітіне, күйеу¬баласына билетпек ниетке келеді. Ол жігіттің асқан суретші болуын қалайды. Сөйтіп, суретшілерге байқау жариялайды. Ең соңғы мәреге жеткен үш суретші бірін- бірі ала алмайды. Үш суретшінің ішіндегі біреуі өзін әйгілеп, көрнектілендіру үшін бақшаның шетіндегі бұрышына өз қолтаңбасын жасырады. Суретшінің мұндай қылығы аға буын ұстаздардың идеясынан бет бұрғандық саналып, шетелге жер аударылады. Жарыс екі суретші арасында өрбиді. Соңында біреуі қателескені ме, әдейі істегені ме кім білсін, қыз мінген тұлпарға ғажайып қос танау салады. Оны патша мен қызы болымсыз ағаттық санапты. Бұл суретші салған дүниесіне өз қолтаңбасын қалдырмай, қайта жіберген қателігі арқылы шығармасын көрнектілендіретін жолды ат танауына жасаған өзгеріске сидырыпты. Патша: «Болымсыз ағаттық стильдің анасы», - деп, бұл жігітті кітапқа енгізіпті. Қолтаңба да, ағаттық та жібермей, алдыңғы аға буын суретшілердей сурет салған шебер патшаның қызымен некеленуге бір күн қалғанда қыз: «Бүгін күні бойы ат үстіндегі сұлу қызға қадала қарадым, сүйікті, әке! Оның тұла бойында менің титтей де белгім жоқ. Осы жігіт теңдессіз шебер шығар, бірақ мені сүймейді», - дейді. Той күшінен қалады. Әке мен қыз бір-бірлеріне сүйеніп өмір өткізеді...
Жазушы осы үш оқиғаны баяндай келіп, тағы бір кейіпкердің аузымен «бірінші әңгіме стиль болымсыз кемшілік екенін дәлелдеді. Екінші әңгіме тамаша суретке қолтаңба қалдырудың қажетсіздігі, үшінші әңгіме бірінші, екінші әңгіменің негізгі мақсатын бірлестіріп, қолтаңба мен стиль болымсыз ағаттығы бар шығармасына ақымақтық және арсыздықпен масаттанғандығын ұғындырады» деп қорытынды шығарады.
Ал енді өзімізге келейік. Тура мағынасындағы стилімізді іздейік. Арыға бармай-ақ Аймауытовтар салған суреттің құпиясына үңілейік. «Кеңестік кербез сылқымды» салмай, орда ішінде «қаңқу сөз» қаптатқан «жазғандардың» «көзін шұқитындай» «кінәсі» - айна-қатесіз стилінде екен. Яғни стиль - ұлттық мінез. Келесі қалыптасар қолтаңбаның су қараңғы бас сүйекке үңіліп, көңіліне кәдік алуы әбден қисынға саяды. Тек Әуезов секілді біртуарлар қолына қанжар ұстап, қағынан жеріген «қараңғы қазақ» стиліне байсалды мінез танытты. «Қолына қанжар алып, терезеден ұрланып кірген ұлдың» ұр да жық мінезі - «Әуезовтің социалистік реализм стилімен жазған шығармаларында...» деген дақпыртқа әлі сенеді... Бүгін ше? Қамкөңіл жалғыздықтың шүңетіне шым батқан жұрттың соққан шапалағы мен мінез иесіне көрсеткен құрметі - анау қалай болса (қаламгер) солай астасқан, іш пістірер, ұзақ өтірік. Бұл да бір Құдай атқан мінез.
Типтік образ іздеуге дағдыланып қалған сананың өзіне-өзі диагноз қойып, стилін (мінезін) дәп басуы да қиын. Сол туралы да айта кетейін. Кеше «ертең мақалаңды бітірмесем, көргілігімді көретінімді» сезіп, жұмыста біраз отыруға тура келді. Жұмыстан шыққанда қоғамдық көліктер тоқтап үлгеріпті. Такси ұстау керек болды. Оның өзін «үйден берейінге» көндірдік. Алдында ғана аялдамада бірге көлік күткен студент жігіт автобустық ғана тиыны барын айтқан. Жолымыз бір бағытта екен, ала кеттім. Ол жігіт рахметін айтып жолдан түсіп қалғанда «сәл де болса жақсылық жасадым-ау» деген ой масаттандыра қалды. Такси жүргізушісіне үйге дейін алты жүз теңге беруге келіскенбіз. Қалтада тоқсан теңге бар, бес жүз теңгенің жайын шешіп қойғанбыз. Үйдің алдына келгенде әйелім берген бес жүз теңгені қалтамдағы бақыр ақшамен қосып, таксишының қолына төктім. Он теңгесі толмайды. Қараңғыда ол да санаған жоқ. Мен де айтпадым. Жайымызға кеттік. «Он теңгесі толмай қалды», - деп жолдасыма айтып ем: «Менде бар еді ғой. Болмаса өзіне ескертпедің бе», - деп қана қойды. Жоғары көтеріліп, пәтерге кіргенше жаңағы «жақсылық жасадым-ау» деген ойдың жұрнағы да қалмады. Студент жігітке қанша пайдам тигенін білмедім, бәрін он теңгенің салмағы басып кетті. Осынша жүріп өткен жолымда өз стилімнің құбылмалы, тұрақсыздықтан онша ауаша қонбағаны көңілімді жабыр¬қатып-ақ тастады. Сіздерде қалай екен?..
«Abai.kz»

0 пікір