Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2940 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 16:21

Құбылаға сапар

Қасиетті бес парыздың бірі - қажылық.  Қасиетті сапара туралы Құран Кәрімде: «Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуі үшін тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкіл әлемдегі қасиетті және тура жолға бастайтын үй сол. Ондағы қасиетті белгі Ибраһимнің орны (яғни, Ибраһим халилулланың табанының табы қалған тас). Ол үйге кірген адам еш нәрседен қатерсіз болады. Мұнда келуге мүмкіндігі болған адамның бәрі Алла үшін сол үйді қажылық етуге қарыздар..." ("Әли Имран" сүресі, 96-97-аяттар) делінген екен. Сонымен бірге хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз "Күмәнсіз, Алла тағала сендерге қажылықты парыз етті, қажылықты орындаңыздар" және "Кісі өз үйінен үлкен немесе кіші қажылық парызын орындау үшін сапарға шықса, аяғын адымдап жүрген сайын күнәлары денесінен ағаштан түскен жапы¬рақтар секілді төгіледі. Ал, Мадина қаласына жетіп, менімен амандасса, онымен періштелер де қолын алып амандасады..." деген хадис шәріптерінде де айтқан.

Биыл Қазақстаннан қажылық парызын өтеуге 5500 адам аттаныпты. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: "Кімде-кім Алланың үйіне қажылық ғибадатын орындап, онда ешбір күнә немесе жат қылық жасамаса, ол пенде еліне қайтқанда анасынан туылғандағыдай күнәдан пәк болады" деген.

Алла қажылыққа аттанған қазақтардың ниеттерін қабыл етсін!

0 пікір