Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2464 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 13:07

ҮКІМЕТ МАСЫЛДАРДАН ТАЗАРА МА?

Бүркіт НҰРАСЫЛ
Осыдан бір ай бұрын ел Үкіметін табан аудармастан бес жыл бойы басқарған Кәрім Мәсімов басқа қызметке ауысып, орнына Серік Ахметов келіп жатқанда, саяси көріпкелдер не демеді дейсіз? Өзара алқа қотан отырып алып, «жоғарыда бұрын-соңды құлақ естіп көз көрмеген алапат өзгерістер болады» десіп күлім көздер мен ширатпа мұрттардың біразын «зейнетке» де шығарып қойған еді. Алайда, әдеттегідей бұл жолы да жауырындары қырын кетті. Саяси элитадағы ең үлкен жаңалықтың бірі - Қырымбек Көшербаевтың қайтадан атқа қонуы мен алты жыл бұрынғы шудан кейін күтпеген жерден Экономикалық даму және сауда министрлігіне үрпиіп Ерболат Досаевтың келгені болмаса бәлендей өзгерістер бола қойған жоқ. Ақырында ұятты болып қалған «сәуегейлер» «бұл ауысудың басы ғана,  ендігі кезек агенттік басшыларына келеді. Бірқатар облыс әкімдерінің де ат ауыстыруы мүмкін» деп дүдәмал сыбыс тастап, құтылған болатын.
Ақыры бұл сыбыс та шынға айналатын түрі бар. Кешелі бері ғаламтор бетінде үкіметтік деңгейде «аласапыран кадрлық» өзгерістер нақтысын айтқанда құрылымдық өзгерістер, жүреді екен деген мәлімет пайда болды. Дерек көзі де салмақты. Анау-мынау емес - «Қазақпарат» агенттігі. «Жақында Қазақстан Үкіметінде құрылымдық өзгерістер жоспарланып отыр, деп хабарлады агенттікке Астанадағы ақпаратқа қанық дереккөз» деп басталыпты.

Сыбысқа сенсек, бұл жаңалық ең алдымен екінші деңгейдегі құрылымдар, яғни агенттіктер мен комитеттерге қатысты көрінеді.  Агенттіктердің жұмыстары оңтайландырылып, керек болса кейбір ведомстволар біріктірілуі мүмкін секілді. «Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау агенттігі біріктірілуі мүмкін. Экономикалық даму министрлігінің тарифтік саясат жөніндегі комитеті жаңа құрылымға беріледі. Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару агенттігін де елеулі реформа күтіп тұр»,- дейді ақпарат көздері. 
Сонымен қатар, Экономикалық даму және сауда министрлігін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен біріктіру мәселесі талқыланып жатқаны да айтылады. Онымен бірге, аймақтармен жұмыс жөніндегі жаңа ведомство құру мәселесі де қаралуда. Айтпақшы, көптен  бері сыннан көз ашпай келе жатқан «Самұрық-Қазына» қорында да өзгерістер болуы мүмкін дейді құпия дерек көзі. «Бұл жерде кадрлық өзгерістер туралы ғана емес, басқа да өзгерістер туралы сөз болып отыр. Оның ірі құрылымы инвестициялық тартымдылыққа оң әсер етіп отырған жоқ, басқарушы функциялары да - шешім қабылдаудан бастап, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға дейінгі қызметтер де зардап шегуде. Мемлекеттің түрлі инвестициялық және инновациялық қорларға, басқа даму институттарына қатынасын да өзгертетін кез келді. Олар бюджет қаржысын жегеннен басқа еш нәтиже көрсетпейді. Бөлінген қаржыны коммерциялық банктердегі депозиттерге салып қойып, пайыздарға өмір сүреді. Сол себепті мегақордың алдағы тағдыры туралы мәселе де күн тәртібіне шығатын күн алыс емес», - деп күшеніп өтіпті. 
Бұл әзірше отандық БАҚ беттерінде айтылып жүрген алып-қашпа сыбыстар ғана. Белгісіз біреулердің қасақана таратып отырған ақпараттық «уткасы» болуы да бек мүмкін. Дегенмен, жоғары деңгейде кадрлық өзгерістер мен саяси жаңашылдықтың керек екендігі баяғыдан-ақ айтылып жүрген әңгіме.

"Халық сөзі" газеті

0 пікір