Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3233 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 13:55

ТІЛБҰЗАР ТЕЛЕАРНА

Дәл қазіргі таңда не бірыңғай қазақша емес, не бірыңғай орысша емес екі тілді қатар қойыртпақтап хабар тарататын телеарналар қатары көбейіп отыр. Солардың басында тұрғандардың бірі - «Еларна». Бұл телеарнаның бүгінгі дүбара кейпінен гөрі кезіндегі ең әуелгі «Хабар-2» болып құрылып, дүркіреп тұрған шағы қазаққа бір табан жақындау еді. Қазір «Еларнаның» төрінде  екі күннің бірінде Айгүл Мүкей мен Баян Есентаева сияқты жұлдыздар шығып алып, орысша-қазақша араластырып сайрап, бағдарлама жүргізеді.  Оларға эфирдің алтын уақытын осылайша өз білермендігімен былғауға кімнің пәрмен беріп қойғанынан біздің хабарымыз жоқ. «Еларнаны» жастар арнасы дейміз. Сонда жастарды екі тілді қатар қойыртпақтап сөйлейтін, мәңгүрттікке тәрбиелеп жатқанымыз ба? Қазір «Еларна» Баян Есентаева деген бикешіміз түсірген «Ғажық жүрек» дейтұғын телехикаяны көрсетіп жатыр. Отандық туындыны ұсынғаны жақсы-ақ деп қолдай кетейік десек, бұл жерде де бастан-аяқ орысша-қазақша араласып кеткен. Сол Баян өткен жылдан бері «Саз әлемі» дейтұғын бағдарламада жұлдыздарды жарыстырып, онда да екі тілді қосарлап, тыңдарманды мезі қылып еді. Енді қарап отырсақ, бұл үрдіс кәдімгідей белең алып, қалыптасып келе жатқан сияқты. Мұның соңы қазақ тілін өзге тілдің тасасында  жүретін, екінші қатардағы міскін тілге айналдырып жіберетін үрдіске жетелеуі әбден мүмкін.

Дәл қазіргі таңда не бірыңғай қазақша емес, не бірыңғай орысша емес екі тілді қатар қойыртпақтап хабар тарататын телеарналар қатары көбейіп отыр. Солардың басында тұрғандардың бірі - «Еларна». Бұл телеарнаның бүгінгі дүбара кейпінен гөрі кезіндегі ең әуелгі «Хабар-2» болып құрылып, дүркіреп тұрған шағы қазаққа бір табан жақындау еді. Қазір «Еларнаның» төрінде  екі күннің бірінде Айгүл Мүкей мен Баян Есентаева сияқты жұлдыздар шығып алып, орысша-қазақша араластырып сайрап, бағдарлама жүргізеді.  Оларға эфирдің алтын уақытын осылайша өз білермендігімен былғауға кімнің пәрмен беріп қойғанынан біздің хабарымыз жоқ. «Еларнаны» жастар арнасы дейміз. Сонда жастарды екі тілді қатар қойыртпақтап сөйлейтін, мәңгүрттікке тәрбиелеп жатқанымыз ба? Қазір «Еларна» Баян Есентаева деген бикешіміз түсірген «Ғажық жүрек» дейтұғын телехикаяны көрсетіп жатыр. Отандық туындыны ұсынғаны жақсы-ақ деп қолдай кетейік десек, бұл жерде де бастан-аяқ орысша-қазақша араласып кеткен. Сол Баян өткен жылдан бері «Саз әлемі» дейтұғын бағдарламада жұлдыздарды жарыстырып, онда да екі тілді қосарлап, тыңдарманды мезі қылып еді. Енді қарап отырсақ, бұл үрдіс кәдімгідей белең алып, қалыптасып келе жатқан сияқты. Мұның соңы қазақ тілін өзге тілдің тасасында  жүретін, екінші қатардағы міскін тілге айналдырып жіберетін үрдіске жетелеуі әбден мүмкін. Айналамызға қарасақ бірде-бір елдің телеарнасы екі тілді қатар қойырпақтап, шұбарала бағдарлама жасап жатқан жоқ.  Айналып келгенде, бұл қазақ тілді кемсітіп, қорлаудың бір түрі. Ана тіліне енжар қарайтын саясаттағы Н.Ерімбетов сияқтылардың БАҚ маңынан да табылып, эфирдің құлағын ұстап отыруы өкінішті-ақ. Мұндай шұбаралалық ауруы біртіндеп газет-журналдарға да «жұғысты» болып, кейбір ана тілді газеттеріміз орысша араластырып жүргенін байқап отырмыз. Мәдениет және ақпарат министрлігі осындай келеңсіздікке бұдан былай тосқауыл қойса, құба-құп болар еді.

БАҚ-тағы алабажақ қостілділік ауруы білім саласында да әбден қанатын кеңге жайып, шектен шығып отыр. Қазақтың қаласы мен даласына аттап бассаң аралас мектепті жолықтырасың. Бұл «әйгілі дәстүр» енді балабақша ауласынан да өз мекенін тауып жүргені. Тәуелсіз мемлекеттің буыны қатпаған балдырғандарын екі тілді қатар шұбарлап тәрбиелеп жатқан Білім және ғылым министрлігінің де құлағына алтын сырға дейміз .  Бұл «аралас ауруы» сонау кеңестік кемеңгерлердің бізге қалдырған мәңгілік сыйы болса керек. Баяғыда Колбин деген қасқа «молаларымыз да бірге болсын» деп соғыпты ғой. Енді міне сол шеңберден шыға алмай шырмалып жүрміз.  
«Еларнаны» сауықтық, спорттық жастардың арнасы деп күпсініп қоямыз. Сонда көкөрім жастарды ненің құрметіне шұбарланған тілмен тәрбиелеп жатырмыз? Былай қарасақ, «Еларна» Баян Есентаеваға тиесілі сияқты. Қашан көрсең қасын керіп жұлдыз қызымыз отырады. Дұрыс-ақ жұмыс жасайды екен, жаңаша ойлай біледі, продюсерлік қыры да жаман емес. Ал ол ханымның қазақша бағдарламаға орысша сөйлеп шыққаны да тапқырлық па? Біздіңше бұл ұлтты қорлаудың заманауи үлгісі сияқты. Айгүл Мүкей деген әйгілі тележүргізушінің де тілімізді шұбарлауға шелек-шелек тер төгіп жүргенін қалай түсінеміз? Айналып келгенде бұл білімділіктің белгісі емес, өз тамырынан ажырап, қалбалақтаған қаңбақтың аянышты халін кешу деген сөз. Айтайын дегеніміз осы еді. 
Б.БАЛЫҚБАЙ

"Халық сөзі" газеті

 

0 пікір