Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3331 20 пікір 20 Сәуір, 2022 сағат 14:52

Министр: Әскери жаттығу маңызды ма, әлде шеру ме?

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 9 мамырға арналған әскери шеру неліктен болмайтынын түсіндірді.

«Бүгінгі күні Қарулы күштердің алдында өте өзекті міндеттер тұр. Жоғарғы бас қолбасшы оларды бізге бекітіп берді. Оның бәрін іске асыру үшін біршама қаражат керек. Ал енді бюджеттен шеру өткізу үшін қаражат сұрасақ қалай болады? Бұған шығын шығады. Жанар-жағармайға, әскерилердің іссапарына, тамағына қаншама қаражат кетеді. Сол себепті мұндай жағдайда не маңызды? Айтыңыздаршы, әскери оқу-жаттығуын өткізген маңызды ма, әлде шеру өткізген бе?» - депті министр.

Бұған дейін де министрлік әскери шеру өткізудің орнына қаражатты қарулы күштердің дайындығына, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауға басымдық беріп отырғанын мәлімдеген болатын.

«2022 жылы Қазақстанда бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ», - делінген 15 сәуірдегі министрліктің хабарламасында.

Алайда, осы хабар шығысымен Ресейлік саясаткерлер Қазақстанның бұл қадамын қате деп санап, түрлі болжамдарын айта бастады. Олардың көпшілігі «коронавирустың таралуы Қазақстанда азайды, алайда шерулер мен акцияларға тыйым салып отыр, бұл дұрыс емес» деген ойда.

РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Николай Новичков: «Ешқандай дау жасаудың қажеті жоқ, тек мәселенің басын ашып алу керек. 9 мамырдағы Жеңіс парадына қатысты біздің позициясызды ресми түрде дипломатиялық жолмен түсіндіру керек. Өйткені Жеңіс парадын өткізу - біз үшін өте маңызды және бұл дәстүр. Ал егер Қазақстан билігі неліктен бұндай шешім қабылдағандарын түсіндірсе, біз де түсінеміз. Мәселе жабылады. Себебі біз Қазақстанмен достық қарым-қатынастамыз», - деген еді.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565