Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3078 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 08:36

Төлен Әбдік: «Шенеунік бауырларым ренжімес, мен әрқашан халқымның жағындамын!»

19-ншы қазан күні Астанадағы Конгресс холл сарайында Төлен Әбдік ағамыздың шығармашылық кеші өтті. Мен бұ күнге дейін ағамды ұлт әдебиетін әлемдік деңгейде сөйлеткен қазақтағы хас жазушы санаушы едім. Со кеште Арыстан шал екеніне анық көзім жетті. Сондағы жалғыз ауыз лепес мынау: «Қазіргі қазақ зиялылары халық пен биліктің қайсысын жақтарын білмей, дал болып жүр. Осы орайда мен сіздерге Інжілден бір мысал айтайын. - дейді ағам. Содан соң, - Мұса пайғамбар Құдайдың алдына барып, өз қауымы үшін кешірім сұрапты. «Уа, Жаратушы ием, менің қауымым бұзылды. Бұзаудан алтын пұт жасап, соған табынып, адасып жүр. Көздерін шел басып, Сені мүлдем ұмытты. Бірақ Сен олардың күнәсін кешере гөр. Түзу жолды өзің нұсқа» депті. Хақ тағала ондай халықты кешіре алмайтынын айтыпты. Сонда Мұса пайғамбар тұрып: «Егер оларды кешірмесең, онда андағы алдыңдағы кітабыңнан менің пайғамбар атымды да сызып таста. Мен қауымыммен бірге боламын!» деген екен. Ойбай-ау, сіз бен біздің ұғымда пайғамбар әрдайым Құдайдың жағында болушы еді ғой. Ал Мұса пайғамбар керісінше қауымы үшін Құдайына қарсы шығып отыр. Оның жанында біз пайғамбар емеспіз ғой. Ал билік құдай емес. Сондықтан біз әрдайым халықтың жағында болуымыз керек. Осындағы шенеунік бауырларым ренжімес, мен әрқашан халқымның жағындамын!» деп қайырды. Сіз Арыстансыз, аға!

Нұрлан Қабдайұлы

«Abai.kz»

0 пікір