Сейсенбі, 30 Қараша 2021
Жаңалықтар 2392 0 пікір 25 Қазан, 2012 сағат 11:25

Фазылбек Әбсаттарұлы. Ресей Қазақстанның құрығына қалай түсті?

...Ресейдің отары болғанымыз өтірік емес және бұл мәселе осыншалықты Ресейдің шамына тиетін де сөз емес. Мәселе бізді тәуелсіз ел ретінде санамауында болып тұр. Президентімізді өздеріне тәуелді адамдарындай сезінулерінде.

...Ресейдің отары болғанымыз өтірік емес және бұл мәселе осыншалықты Ресейдің шамына тиетін де сөз емес. Мәселе бізді тәуелсіз ел ретінде санамауында болып тұр. Президентімізді өздеріне тәуелді адамдарындай сезінулерінде.

Бұл жерде әлемдік масштабтағы өте тереңде жатқан саясатты да ескеруіміз керек. Н.Назарбаев Ресейдің көксеп жүрген Еуразиялық одақ арқылы гегемония орнатпақ болған саяси ойынын бұзды. Яғни күлін көкке ұшыратын қадам жасады. Сол үшін де Ресей Назарбаевтың құрығына түсіп қалғанын кеш түсінгені үшін барлық орыстілді БАҚы өре түрегелді. Қазақстандағы БАҚның бетпердесі түсті. Н.Назарбаевтан гөрі В.Путиннің жарнамасын көп жасады. Астарында Түркиямен терең интеграцияға баруына қарсылық жатыр. Президенттің басқа жерде емес Түркияға барып Ресей боданы туралы бекер сөз қозғамады. Н.Назарбаевтың терең саясаты мынада: түрік бизнесмендерін Кеден одағының мүмкіндіктерін пайдалануға шақыруында. Бұл арада президентіміз өте орынды, саяси маңызды қадам жасады. Себебі Кеден одағы арқылы Ресейге толықтай экономикалық тәуелді болудан сақтану үшін Түркияға арқа сүйейтінін аңғартты. Түрік инвесторлары арқылы Ресейдің экономикалық экспансиясына тойтарыс беріп, керісінше Ресей нарығын жаулап алу мүмкіндігіміз пайда болды. Еуропа одағынан үміттері үзіле бастаған Түркия үшін де Қазақстанның ұсынысы «іздегенге сұрағандай» болды. Еуропа одағының есік аузында күттіріп қойғанына есе қайтару үшін Еуразия одағына бүйрегі бұратындықтарын да осының алдында байқатқан болатын. Осыны іле Түркияның ойын аңғарған Н.Назарбаев, Еуразия одағына қосылуы ниеттерін қызу қолдады. Түркия алдымен Қазақстан арқылы Кеден одағына жан жақтан ықпалын арттыру арқылы Еуразия одағына кіру ойын сынап көрмекші деп топшылаймын. Оның үстіне 16 млн. нарыққа қарағанда 170 млн.дық нарық түрік инвесторларының қызығушылығын тудырып, қолдау тапты және бұл нарыққа табиғи ресурстары мол Қазақстан арқылы кіру тиімдірек. Егер де Түркия Еуразия одағына кірер болса, Түркі одағының құрылатынына күмәніңіз қалмасын. Себебі жартылай түркі республикаларынан құрылған Ресей Федерациясына 80 млн. халқы бар Түркияны қоссаңыз, көп ұзамай Ресей Федерацияның Түркі федерациясына айналып кету мүмкіндігі мол. Осындай тереңде жатқан саясатты жүргізіп келе жатқан президентіміз Н.Назарбаев осы күнге дейін бекер Еуразиялық одақ демеген екен. Мынадай жаһандану заманында жалғыз жем болатынымыз, күш біріктіргендер ғана өмірін сақтап қалатыны анық. Ал бізге Қытаймен, АҚШпен, Еуропа Одағымен күш біріктіргеннен гөрі Түркі тектес елдермен күш біріктіргеніміз әлдеқайда тиімді. Президенттің бұл алға қойған Еуразия (Түркі) одағы мақсатының тағы бір ұтымды тұсы, географиялық жағынан да бөлініп тұрған жеті мемлекеттен ғана тұратын түркі бірлігінен гөрі, Ресей боданында жатқан түркі республикаларына тәуелсіздік әперіп, бір одақта болу. Осы қауіптен қатты сескенген Ресей Н.Назарбаевтың құрығына түсіп қалғанын кеш түсініп, енді бұл процесті болдырмау үшін жанталасып, жанұшырып жатыр. Ресейдің және әлемдегі орыстілді БАҚның ұлардай шулауы осының айғағы. Бірақ Ресей не десе де КСРОны көксеген саясаты арман күйінде қалмақ. Барлық жағдай қазір түбегейлі өзгерген. Ресейдегі барлық түркі халықтарының ұлттық санасы оянды. Орта Азиядағы Ресейдің ықпалы азайды. Тәуелсіз түркі мемлекеттері бір тудың астына бас қосты. Енді тек Еуразия (Түркі) одағының құрылуы ғана қалды.

«Abai.kz»

0 пікір