Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2812 0 пікір 23 Қазан, 2012 сағат 19:34

Күйеу баланы көрдіңіздер ме?

Қазақстанда күнде бір жаңалық.
Тал түсте күйеу бала жоғалды...
Атырау облысы бойынша эко­номикалық және сыбайлас жемқор­лықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) Рүстем Әлбақасовқа мем­лекетаралық іздеу жариялады.
Р.Әлбақасов - бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев­тің күйеу баласы. Ол 1978 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген. Қар­жы полициясы оны ҚР ҚК-нің 176-бабы,
3-бөлімі, «б» тармағы, 28-бабы, 4,5-бө­лімдері, 307-бабы, 4-бөлімінде көр­сетілген қылмыстарды жасағаны үшін іздеу жариялады.
Ұзынқұлақтың айтуынша, Рүстем Әлбақасов Ұлыбританияда жүргенге ұқсайды.
Бұған дейін Бергейдің туған ағасы Аманжан Рысқалиға іздеу жарияланған болатын. Ол да Бергей Рысқалиевпен бірге Лондонда жүр екен.
Р. Әлиев те күйеу бала. В. Храпунов та күйеу бала. Күйеу балалар құтырған заман болды ма өзі, кім білсін!!.

Әубәкір АЯЗБАЙ

"Айқын" газеті

0 пікір