Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5884 0 пікір 9 Мамыр, 2009 сағат 09:34

МҰСТАФА ШОҚАЙ. БІЗ ОНЫ ҚАЛАЙ ЗЕРТТЕП ЖҮРМІЗ?

Мұстафа Шоқай. Тәуел­сіз­дік таңы атқалы бері бұл ары­сымыз туралы көптеген дү­ние­лер жарық көріп келеді. Бұл қуанышты нәрсе. Бірақ зерт­теушілеріміздің қайсы­бірінен одан қандай да бір “кем­ші­ліктер” іздеуге әрекеттену­шілік те байқалып қалады.

“Интернационалистік та­рихнама” өкілдері тарапынан алып тұлғаның өзін көзге ілмеу­шіліктің, оны айналып өтуге сыңай танытушылықтың мысал­дары қылаң беріп келе жатқан­дығы құпия емес. Мұның себебі, бі­р­ін­ші­ден, ұлттық интел­ли­генцияның біразының әлі де болса отарлық санадан арыла ал­май келе жатқандығына, екін­шіден, өзіміздің жай са­л­дыр-салақтымызға байланысты ма деп ойлаймын.

Осы жағдайға қатысты бір-екі мысал келтіре кетейін. Үсті­міздегі жылдың мамыр айында Қызылор­да облысының Шиелі ауданын­дағы Наршоқы да орналасқан Шоқай қыстауының орнына, Мұстафаның кіндік қаны тамған топыраққа тағзым етіп қайттым. Бұл сапарда Алаш арысына жиен­шар болып келетін Қалым­бетов Ойдан Кен­­жеғұлұлы, Мұстафа Шоқай қорының президенті Ата­баев Базарбай және өзіміз сөз етіп отырған тұлға ұрпақтарымен жақсы таныс, сол өңірде олар­мен жұмыстас болған тағы бір көнекөз қария Тәжімов Жұма­бек, Қызыл­орда қаласын­дағы “Болашақ” университетінің доценті Бердіғо­жин Лесқали бірге болып, осы жолдар авторының ізденістеріне қол ұштарын берді. Шиелі ауда­нының Сұлу­төбе ауылында Әліш­тің  немересі Ғанимен кездестік. Әліш –Мұстафаның туған ағасы. Ғани 1934 жылы Әліштің ұлы Бәкірден туған, Мұстафаның туған-туыстарын қуғындауға алған кезде бой тасалап Өзбекстанға кетеді де, 60-жылдары ғана еліне ора­лады. Содан бері осы Сұлутө­бе­де қой баққан, “Құрмет белгісі” ор­денімен марапат­талған. Ой­дан, Жұмабек, Ғани ақсақал­дар ақ­жарқ­ын, әлі де болса бойлары ширақ, Мұстафа мен оның туыс­тары туралы талай мағлұ­мат­тарды естерінде сақтаған, зерек те сұң­ғы­ла адамдар екен. Біздер, бір әңгі­меден кейін бір әңгіме туын­датып, мәре-сәре күйде уақыттың қалай өткенін де білмей қалдық.

Наршоқы құмындағы Шо­қай қыстауынан 50-60 метр жердегі Әліш медресесінің құла­ған орнын көрдік. Ол жердегі құм төбе асты­нан шы­ғып жат­қан күйген кір­піш­терді қолы­мызға алып, Мұста­фаның бас­қан ізінің табын сезін­ген­дей күй кештік. Медре­сенің бір бөл­месі шәкірттердің оқуына арналыпты да екінші бөлме мешіт ретінде пайдаланылыпты.

Мұстафа осы төрт жылдық медре­сені екі жылда бітіргенге ұқ­сайды. Әліштің өзі де мұнда інісі­мен бірге оқыпты. Онда Таш­кент­тен арнайы шақырылған Ерім тө­ре сабақ беріпті, ол орысша оқы­ған, білімді ұстаз көрінеді. Әліш кейін, заман ағымын ескеріп, медре­се негізінде жеті жылдық орыс мектебін ұйымдастырды дейді ақ­сақал­дар. “Медресені бітірген соң Мұстафа Ақмешіттегі орыс-қырғыз (қазақ) мектебінде оқыған жоқ па еді?” – деген менің сұра­ғыма: “Мұс­тафа онда бір ай шамасында дәріс алғаннан кейін ауылына кетіп қалады. Содан соң оны әжесі “орыс болып кетесің” деп қайта жібермей қоя­ды да, жаңағы жеті жылдық мектепте оқы­та­ды”, деген жауап алд­ым.

Көңілдеріне кірбің тү­сір­мес үшін ақсақалдардың бұл сөзіне “олай, былай” деп уәж айтып жатпадым. Жолға шыққанға дейін мен Қызыл­орда қаласындағы қа­зір­гі кезде дүкен орналасқан, ке­зінде Мұстафа оқыған “орыс-қырғыз мектебінің” үйін тауып, тіпті суретке де түсіріп алғанмын. “Апырай, мұнда Мұстафа Шоқай оқыған” деген бір ауыз сөз жазып, белгі қоя салмаған екен” деген сияқты ой да келіп қалған. Мұста­фа­ның Франциядағы жеке мұ­ра­ғатында Ақмешіттегі “орыс-қырғыз мектебін” бітіргені жөнінде ай­тылады ғой.

Осы сапардан бір байқап қайт­қа­ным, Шоқайдың өзі де, Әліш те Наршоқыдағы қыстаудан жар­ты шақырымдай жердегі қо­рымда жер­ле­ніпті, бірақ баста­рында ешбір белгі жоқ. Әзірше олардың мәңгі мекендерін Ойдан, Жұмабек, Ғани секілді ақсақалдар көрсете алады, ертең олар бақилық болған кезде Нар­шоқыдағы тарихи орындар туралы кімнен сұраймыз?!

Жанды жабырқататын келесі жәйт – Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі жөнінде үстіртін пікір­лердің белең алып бара жат­қандығы. Олар көбіне арысы­мыз­дың Фран­ция, Германия, Түркия, Ұлы­бри­тания, Польша, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мұрағат­тары мен кітап­ханаларындағы орыс, ағылшын, француз, шағатай, поляк, түрік, әзір­бай­­жан, қазақ, өзбек тілдерінде жария­ланған, кейбірі қолжазба күй­інде сақталған еңбектеріне тереңдеп бармаудан, үзіп-жұлып алған шы­ғар­маларын өзінше пайымдаудан ту­ындайды. Мұстафа Шоқайдың “түрік­шіл-дігі”, “жәдидшілдігі” ту­ралы пікірлер жөнінде бұл жерде сөз қоз­ғамай-ақ қоялық. Ал, енді бұл тұлғаның өмір жолына қатысты айдан анық фактілерді көпе-көрнеу бұрмалаушылыққа қалайша көз жұмып қарарсың?!

Баспасөз бетінде жарық көрген бір мақалада: “Петербург пен Мәс­кеу, бірнеше рет Лениннің өзі бас­тап, Сталин қостап, Мұстафаға ұсыныс жасады. “Түркістан респуб­ли­касын құрғаныңа қарсы емеспіз, қолдаймыз. Бірақ сен бізді мойында, Кеңес өкіметін мойын­да”, дейді. Бұ­ған Мұстафа көн­бейді”, деп жазы­лыпты.

Тым сыпайылап айтқанның өзінде де автор “қырық өтіріктің” бірін малданып отыр. Түркістан мұхтариятын орталық әуел бастан мойындаған емес. “Мұстафа мен Әлихан Бөкейхановтың, Мұстафа мен Тұрар Рысқұловтың келіспей қалуы да осы арада білінген” деудің өзі де осы тақылеттес. Авторға Түркістан республикасы­ның жария­лану тарихы да белгісіз. Оның пікір­інше, мұхтарият Таш­кентте дүниеге кел­ген, Қоқанға көшкен секілді болып көрінеді: “Мұстафа Шоқай Түркістан ре­с­пуб­­ликасының аста­насын Таш­кенттен басқа жаққа алып кетуді ойластыра бастады. Ақыры тоқ­та­ға­ны Қоқан қаласы болды”, дейді.

Енді осы мақаладағы “Екі Миша” мәселесіне тоқталалық. Онда Миша (Михаил) Фрунзенің Миша (Мұхамеджан) Тыныш­баевқа жазған хаты туралы айтылады. Орыс Мишасы қазақ “Мишасына” былай деген секілді: “Миша мен Қоқанды қоршап тұрмын. Бүгін түс қайта шабуылды бастаймын. Зеңбірек көп, оқ та көп. Пулемет бар, әскерім жақсы қаруланған. Қоқан қаласы жермен жексен болады. Менің саған ақылым, бәрін таста да қаш”. Осыдан соң Тынышбаев хатты Мұстафа Шоқайға көрсеткен көрі­неді. Жазушының шеберлігі болуы керек, көзімен көріп, қолымен ұстағандай қылып баяндайды. Шын­­­дығына келсек, Қоқанды қор­шау кезінде М. Тынышбаев та, М. Фрунзе де ол жерде болған емес. “Шама-шама ғой. Жайықтың суы-қырық бөшке” деп долбарлау­дың сиқы осындай. Айтарымыз қайраткер тұлғаларымыз туралы жазғанда нақты дерекке сүйенген жөн, “бірін көкке ұшырып”, “бірін жерге түсіруге” бағытталған салыс-тырмалы “әдістен” аулақ бол­ған ләзім. Әрқайсысының өз орны бар.

Десек те бұл жәйттерден Мұс­тафа Шоқай есімі мүлдем ұмыт болып отыр, оның шығармашылық мұрасы зерттелмей келеді деген ұғым тумайды. Керісінше, ұлы тұл­ғаның өмірі мен қызметі жөнінде жарық көріп жатқан басылым көп, бірақ солардың ішінде нақтылы деректерге сүйеніп жазылған ойлы еңбектер саусақпен санарлық.

Солардың бірі – Д. Қыдыра­лиевтің 2007 жылы “Фолиант” баспасынан жарық көрген “Мұс­та­фа Шоқай” деген зерттеуі. Автор 1998 жылы Эгей универ­си­те­тінде профес­сор Исмаил Аканың жетек­ші­лігімен “Мұстафа Шоқай. Өмірі, қызметі және дүниетанымы” деген тақырып бойынша диссер­тация қорғап, 2001 жылы оның негізінде монография жариялайды (Hіdі­ralyev D. Mustafa Gokay. Hayatі, Faalіyetlerі ve Fіkіrlerі. 2001. Ankara). Ол кітаптың біраз мағлұ­мат­тарына “жиен­дік” жасалып кеткеннен кейін, жаңадан жария­лан­ған еңбек қосымша тың дерек­термен толық­ты­рылып, көркем тілмен қайтадан жазылған. Авторға түрік тілін жетік меңгеруі, кезінде Мұстафа Шоқай­мен тағдырлас болып, бірге жұмыс істеген Осман Қожаның баласы, қазіргі кезде профессор Тимур Қожа­оғлымен, түрік халық­тары та­рихының білгірлері Мехмет Сарай, Баймырза Хайт секілді ғалым­дармен қоян-қолтық араласып, олар­дың ақыл-кеңестерін тыңдауы зер­делі зерттеу ұсынуға мүмкіндік берген.

Кітапта Мұстафаның есею жыл­дары, дүниетанымының қалып­тасуы, қоғамдық-саяси жұмыстарға ара­ласуы, елге оралып, Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне басшылық етуі, жергілікті тұрғын­дардың санасына басқа халықтармен тең құқылы өмір сүру идеясын сіңіруге бағытталған қыз­меті кеңінен сөз болады. Мұ­ста­фа қоғамның бейбіт, эволюциялық жолмен дамуын жақтайды және өзінің саяси қызметінде осы қағи­даны бас­шылық­қа алады. Сол мақ­сатта ол этностық, діни қақ­тығыс­тарға жол бермеуге, шие­ле­ністі мәсе­лелердің өзін келіссөз арқылы шешуге, Түркістандағы барлық саяси партия­лар және ұйымдармен қарым-қатынаста болуға ұмтылады.

Түркістан мұхтариятын жария­лау­ға байланысты жо­ғары­да көрсетілген түрлі жаңсақ пікірлер мен бұрмалау­шы­лықтарға нанымды жауап­тар беріледі. Мысал ретінде Ташкентте Кеңес өкіметінің орнауы­нан кейін қарашаның бірі күні екі жолдасымен Мұстафаның Самарқанға, кейін Ферғанаға келуі, Жаңа Маргелан қаласында Өлкелік мұсылмандар кеңесі жи­ынында Бүкілтүркістандық мұсылман­дардың жалпы құрылтайын шақыру туралы шешім қабыл­данғаны, оның Қоқан қала­сында өткені тың­ғылық­ты зерттелініпті.

Мұхтариятты больше­виктер қанды қырғынға ұшырат­қаннан кейін біраз уақыттан соң әйелі Мария Горинамен бірге Мұстафаның Ташкенттен Орынбор бағыт­ын­дағы пойыз­ға отырғаны бұрыннан да мәлім болатын. Алайда Д. Қыдыралиев Мұс­та­фаның осы жолғы мар­шру­тын анықтауда тың деректер келтіріп, Халел Досмұха­ме­довтің ауылында қонақта болып, одан әрі Самара арқы­лы Уфа шаһарына барға­нын жа­зады.

Кітаптың Орынбор мен Самара қалаларында Мұста­фа­ның Алашорда үкіметінің басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаевпен, башқұрт үкі­метінің басшысы А. З. Валидимен бірге Түркіст­ан­ның атынан бірнеше жина­лыстарға қатысқаны, онда үш үкімет арасында “Оңтүстік-шығыс мұсылман өлкелерінің феде­рациясын” құру туралы шеші­мге қол жеткізілгендігі туралы мағлұматтары да отандық тарихнамада шира­тыл­май келе жатқан тақы-рыптардың бірі деуге болады.

Кітап көлемінің жарты­сына жуығы Мұстафаның мұғажыр­лық кезеңіне арна­лып, оның бірнеше бағытта жұмыс істегені, ұлт-азаттық қозға­лысы­ның жаңа жағдай­дағы формасы мен әдістерін, ұлттық күрестің стратегиясы, такти­касы мен идеологиясын, одақ­тастары мен жауларын анық­тауы, “Түркістан Ұлттық Бірлігі” ұйымын, оның баспа органдары –“Йени Түркіс­тан” мен “Яш Түркістан” журнал­дарын ұйымдастыруы нақ­тылы деректер негізінде өрбі­тіледі, бұл мәселелер жө­нінде автор өзіндік ой түйеді, соны пайымдауларын алға тартады.

Кітап жетістіктерін тәп­тіштеп жату мүмкін болмас, сонда да оның М. Шоқайдың “фашистік Германияға қызмет етуі”, “Түркістан легионын құруға қатыстылығы” туралы сырттай тон пішіп, тоғышар түйін жасайтындарға қайтар­ылған жауап іспеттес автор­дың дәлелді уәждері назар аудара­ды, көңілге қонымды.

М. Шоқай жалғыз қазақ халқының ұлы перзенті ғана емес, ол кезінде бодандық жағдайында өмір сүріп жат­қан, бостандыққа ұмтыл­ған барлық түркі халықтарының, кавказ­дықтар мен украин­дардың ортақ ұлы бола білді. Ол ұлт­тардың тарихи даму барысында жоқ болып кетуін жақтайтын большевиктерді де, әсіресе ұлтшыл, нәсілшіл Германияны да бірдей жек көрді. Кеңес Одағын емес, ол жүргізіп отыр­ған отаршылдық саясатқа қарсы тұрды, халық­тар арасын­дағы ынты­мақ пен бірлікті уағыздады. Оның Әзірбайжан ұлттық респуб­ликасының құрылған күніне орай сөйлеген жүрекжарды сөзінде: “Каспий теңізі екі елді бөлмейді, қайта оларды біріктіреді”, деген болатын. Мұста­фаның ұрпақ алдында атқарған толағай ісінің де, оның шығармашы­лығының да бүгінгі күні де халқымыздың мүддесіне жұмыс жасап келе жатқандығына осының өзі де дәлел емес пе?!

Халқына қызмет етуді өмір­лік мұратына айналдыр­ған тұлға туралы, шетел мұрағат­тары мен оның кітап­хана­ла­рындағы мағлұ­мат­тарды, оның ағылшын, фран­цуз, неміс, түрік, поляк, швед, т. б. тілдер­дегі қыруар мақа­ла­лары мен сұхбаттарын, мем­лекет қайрат­керлері және дипломат­тарымен кездесулері жөніндегі мате­риал­дарды жинастыру жұмыс­тарын алға қарай жалғастыру керектігі –“Мәдени мұра” бағдарла­ма­сының алдында тұрған аса маңызды, ұлттық идеология­мыздың қалыпта­суына берері мол іс.

Көшім ЕСМАҒАНБЕТОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Егемен Қазақстан газеті

0 пікір