Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2836 0 пікір 23 Қазан, 2012 сағат 08:40

Шәріпхан Қайсар. Храпунов Қазақстаннан ұрлаған ақшасын қайда жұмсап жатыр?

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның отбасы Швейцариялық алпауыттардың тізімінде біртіндеп жоғары өрлеп бара жатыр деген жаңалық қазақстандық журналистердің де біраздан бері қаламының қышуын қандырып тұр. «Біздің жігіттер Швейцарияда да аштан өліп көштен қалмайды» деген кекесінді мақтанышты сарапшылар мен шолушылар жан-жақтан жамырай жазып жатыр. Олар мұны аспаннан алып та жазып отырған жоқ. Расын айтқанда, бұған храпуновтар әулетінің әрекеттері де толық негіз болып отыр. Олар ақшаларын олай да шашып, былай да шашып, ойларына келген, көздеріне түскеннің бәрін сатып алып, қанша бай бола тұрса да әрнені ынсаппен жұмсайтын швейцариялықтардың өздерін шошындырып бағуда. Қазақстаннан қашып кеткен алаяқ алпауыт, бұрынғы әкімнің осындай еренсіз тірліктерінен таңдайларын қаққан еуропалықтардың таңданыстары Қазақстанға да жетіп жатыр.

Атың шықпаса ақша ұрла

Швейцариялық миллионерлердің тізімінде енді бүкіл Храпуновтар әулеті бар: бұрынғы әкімнің өзі де, әйелі Ләйлә Храпунова да, ұлы Ілияс Храпунов та, қызы Эльвира Храпунова - Бельмадани да миллионерлер тізімінде. Осыған қарап отырып кезінде бұлардың Қазақстаннан ұрлап әкеткен ақшалары ол жақта толығымен заңды бизнеске түсіп, заңдастырылып жатқанын аңғару қиын емес.

Қазақстандық қашқынның Женеваға барғаннан кейін айналысып жатқан тірлігінің оның үйреншікті Алматысындағы әрекеттерінен алыс емес, баяғы құрылыс пен жылжымайтын мүлік саласы. Тек оған еуропалықтар сыбайлас жемқорлықпен айналысып, мемлекеттің мүлкін ұрлап-жырлауға мүмкіндік бермейтіні болмаса... 2007-жылдан алып қойған мүліктеріне қоса Храпунов Женеваның ең қымбат, ең таңдаулы аудандарының бірі, жоқ бірегейі, Женева көлінің жағасындағы Колоньиден құны анау мынау емес 32 миллион Швейцария франк тұратын ғажайып вилланы сатып алды. Оның барлық құжаттары бұған дейін аты беймәлім болып келген жаңа миллионер Эльвира Храпунова-Бельмаданидің атына тіркелді.

Ал, 2012-жылдың жазында Виктор Храпуновтың қолындағы ақша атты сиқырлы таяқшасы 24 бірдей таңғажайып резиденциядан тұратын Hotel du Park кешенін ашты. Сөз реті келгенде, осынау керемет кешенді салып, ашу мерзімі алаяқ алпауыттың бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанға қарсы қызметін өрістетуімен тұспа-тұс келді.  Сарапшылар, Храпуновтың осынау астары күдікті әрекеттерін екі мәселеге байланыстырады.

Біріншіден, Храпуновтың әлгі ғажайып құрылысты салып бітіруге ақшасы жетіңкіремей қалып, оны тағы бір қазақстандық қашқын - олигарх, әрі құдасы Мұхтар Әбіләзовтен қарызға алған болуы мүмкін. Ол ақшаны жайдан-жай бере салатын Атымтай жомарт емес, қарымта ретінде құдасынан Қазақстанға қарата айтылатын жарқын мәлімдемелер жасауын сұрауы мүмкін. Несі бар, онсыз да аларын алып қашып кетіп, жаманатты болған елі туралы екі ауыз мәлімдемені жасай салып, керекті ақшаны тауып алу ең оңай шаруа емес пе?!

Екіншіден, Храпуновтың қара басына елдің назарын аудартып, Қазақстанға қарсылық саясатына кірісуіне Батыстың ақшалы адамның айналасынан үйіріліп шықпайтын ақылмандары ықпал етіп, көндіруі де кәдік. Айғай-шу мен дүрбелең Батыстың тегін жарнама жасаудағы ең таптырмас амалы. Құрылысы жаңадан бітіп, пайдалануға беріліп жатқан нысанның иесіне елдің назары ауып, көзі түссе, бұл кім деп тануға тырысса, оның осындай да осындай жерде жаңадан біткен керемет нысаны бар екені, Храпуновтар әулеті элиталы демалыс аймағы жобасын іске қосып жатқаны интернет бетінде-ақ айқайлап шыға келмей ме? Сөйтіп, ол екі қоянды бір оқпен атпай ма?  Храпуновтың көзімен қарасаң табылған ақыл.

Көздің құрты - тегін келетін арзан ақша

Виктор Храпуновтың әйгілі алаяқ Мұхтар Әбіләзовтің туған құдасы екенін айта кеткен жөн.  Храпуновтың ұлы Ілияс Әбіләзовтің қызы Мадинаны алып отыр. Баршаға мәлім, Әбіләзов Қазақстанда миллиардтаған долларды ұрлап кеткен алаяқ ретінде айыпталуда.

2012-жылдың 16-ақпанында Мұхтар Әбіләзовті Лондонның Жоғарғы соты сотты сыйламағаны үшін 22 айға түрмеге кескен. Бұл үкім оның БТА банкынан ақша ұрлауына байланысты қозғалған істің аясында шығарылған.

Әбіләзов көк қағаздарды олай да бұлай бұлғақтатып, кезінде Қазақстанда жоғары лауазымда болған құдасының көзін әбден қызықтырған шығар. Әбіләзов үшін Храпуновтың Қазақстан туралы не айтып не қойғаны да маңызды емес, оған ең бастысы айғай-шу болса болғаны.

Қызыл ақшаны көргенде көзі қызарып сала берген Храпунов қызды - қыздымен өзі және сыбайластары Алматының қорық аймақтарында элиталы коттедждерді қалай салғанын да айтып салды. Храпуновтың өз қолымен жазылған жалған сұхбатында оның өзінің артын ашатын қызықты мәліметтер бар.

Осы сұхбатында елден қымқырып кеткен ақшасын әйелінің атындағы «Viled» компаниясы арқылы қалай тапқаны туралы ертегі де, Алматы әуежайының құрылысы жөніндегі эпопея да, Алматыдағы жолайрықтар құрылысы кезінде мемлекет ақшасын қалай кертіп жегені жөнінде де түрлі мәліметтер келтіріледі.

Өз қылмыстарын бұлай ашық мойындаудың қарқыны қайтпаса, көп ұзамай Еуропаның өзінде оны тектеу - тергеу басталуы мүмкін. Мәселенің тағы бір қыры - орыс тілінде гөйітіп отырған көкемнің сандырағына Швейцарияның құқық қорғау орындары бұлар оттай береді деген ұстаныммен аса мән бермеуі де ғажап емес.

Қалай табылып, жиналғанына қазақстандық құқық қорғаушылардың күдігі мен күмәні басым болып отырған Храпуновтың ақшасы енді басқа елдің экономикасына қызмет етуде. Швейцарияның жекеменшік банктері өздеріне салынған ақшаның қайдан келгеніне, таза ма, емес пе деген мәселеге көп бастарын ауыртып жатпайтыны баяғыдан  белгілі. Кезінде оқулықтардан оқыған оқиғаларды еске алсаңыз да жетіп жатыр, өз заманында бұл жердің қаржылық құрылымдарында гитлерлік Германия да, большевиктік Ресей де, Оңтүстік Америкалық диктатуралар да қаржыларын сақтаған.

Сондықтан, Храпуновтың арам ақшасы да осындай күдікті миллиондар мен миллиардтардың ішінде көзге қатты түсіп, түрткі болмай ептеп қана сіңіп кетіп жатуы кәдік. Сол себепті де, оған көп ешкім баса назар аудара қоймайтын шығар. Тек анда-санда елді ішегін тартқыза таңғалдырып қымбат бірдеңені сатып алғанда аты ауызға ілігетіні болмаса...

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3595