Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2706 0 пікір 22 Қазан, 2012 сағат 09:46

Күлпаш ІЛИЯСОВА. «ОРДАНЫ ОЙРАНДАУ» КІМГЕ КЕРЕК?..

 

Күлпаш ІЛИЯСОВА. «ОРДАНЫ ОЙРАНДАУ» КІМГЕ КЕРЕК?..

Жақында «Abai.kz»  сайтында «Орданы ойрандау» атты 2,5 беттік мақала жарияланды. Аты шулы «Орда» фильмі туралы. Мақаланың соңғы жағында Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяғанның «Aпта.kz» сараптамалық бағдарламасына берген сұхбаты туралы мақала авторы Дәурен Қуаттың сөздерін оқып, жағамызды ұстадық. Неткен, мәдениетсіздік...

Бұл автор тарихшы ғалымдардың субьективті пікірлерін ең алдымен өзінен сұрауы керек емес пе, басқа арнаға сілтей салмай... Ақталмай-ақ қояйық, бірақ кейбір жас журналистердің «ағатайлап» алған материалдарын өз пайдасына шешуі, «сенсация» жасауға ұмтылуы жасырын емес. Тіпті, олар үшін сюжеттің маңызды тұстарын қырқып тастау түк емес. Қазіргі жоғары ақпараттық технология заманында сұхбат материалдарын монтаждау арқылы бәрін де істеуге болады, яғни басты кейіпкерді ақтауға да, қаралауға да болады.

 

Күлпаш ІЛИЯСОВА. «ОРДАНЫ ОЙРАНДАУ» КІМГЕ КЕРЕК?..

Жақында «Abai.kz»  сайтында «Орданы ойрандау» атты 2,5 беттік мақала жарияланды. Аты шулы «Орда» фильмі туралы. Мақаланың соңғы жағында Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяғанның «Aпта.kz» сараптамалық бағдарламасына берген сұхбаты туралы мақала авторы Дәурен Қуаттың сөздерін оқып, жағамызды ұстадық. Неткен, мәдениетсіздік...

Бұл автор тарихшы ғалымдардың субьективті пікірлерін ең алдымен өзінен сұрауы керек емес пе, басқа арнаға сілтей салмай... Ақталмай-ақ қояйық, бірақ кейбір жас журналистердің «ағатайлап» алған материалдарын өз пайдасына шешуі, «сенсация» жасауға ұмтылуы жасырын емес. Тіпті, олар үшін сюжеттің маңызды тұстарын қырқып тастау түк емес. Қазіргі жоғары ақпараттық технология заманында сұхбат материалдарын монтаждау арқылы бәрін де істеуге болады, яғни басты кейіпкерді ақтауға да, қаралауға да болады.

Ал, Дәурен мырзаға айтарымыз мынау. Егер «Орда» фильмі туралы шынайы пікірді білгіңіз келсе, алдымен профессор Б.Ғ. Аяғанның «Орда туралы бірер сөз» атты мақаласын /Жас Алаш. 18.10.2012/ оқып шығыңыз. Оған қолыңыз жетпей жатса, сол мақаланың мәтінін «Abai.kz»  сайтына толық бере салайық. Оқыңыз, жақсылап тұрып, тағы да пікіріңізді жазыңыз, қарсылық жоқ. Бірақ, Сіз журналистке тән мәдениеттілікті сақтауды естен шығармаңыз...

 

Дәурен Қуат. Бәсе, «Орданы» ойрандау кімге керек болды?

 

«Абайдың» (www.abai.kz ақпараттық порталының) электронды поштасын ашып қарасам, Күлпаш Ілиясова апамыздан менің атыма үшбу хат келіпті. Ыждаһатпен оқып шықтым. Содан соң Бүркіт Аяған мырзаның мақаласына көз жүгірттім.

Тарихшы ағамыз ««Орда» фильмі туралы бірер сөз» атты мақаласында аз сөз шығындамапты. Байқаймын, «Апта.kz» бағдарламасында айтқан пікірінен де аса аулаққа кете қоймаған. Сондағы сөз, сол сарын. Әйтседе біз, Күлпаш апайдың ойынша, мәдениетсіздік танытыппыз. «Мәдениеттілікті сақтуды естен шығармаңыз» дейді ол кісі. Жөн-ақ. Осы мәдениет турасында, мәдениеттілік жайында  айтқан кезде адамның бойынан мәдениет пен мәдениеттілікке қатысты жұқана бірдеңе табылуы керек  сияқты. Оның атын «білім» дейсіз бе, «білік» дейсіз бе, өзіңіз білесіз. Ал, журналистикадағы мәдениет - дерек көзіне адал болу. Дерек көзін көрсету, сілтеме жасау. Апамыз айтпақшы,  «басқа арнаға сілтей салмай...» сауырлап ала жөнелу, өлермендене өзім білем деп сөйлеу, әріптесіңнің еңбегін елемеу - міне, нағыз мәдениетсіздік - осы. Мәселенки,  Батыстың кәсіби тұрғыдан ерекше дамыған бүгінгі баспасөзі дереккөзінен айрылмайды. Қалайда соған сүйенеді. Оның үстіне біз пайдаланған бейнетаспадағы сөзді (басқа-басқа емес,

Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы,  профессор Бүркітбай АЯҒАННЫҢ сөзін) кейбір жас журналистердің «сенсация» жасауға ұмтылып»,  «ағатайлап» алған материалдарын өз пайдасына шешуі» үшін бұра тартып, бұрмалауы ақылға сыймайды. Журналистке сұхбат берген тұлға мәселеге қатысты екі жақты көзқарас білдіруі ықтимал. Соны әккі журналист телеарна басшылығының саясатына орай қажетін іске жаратып, қажетсізін қырықып тастауы мүмкін. Күлпаш апай күрсініп хат жазған соң  Бүркіт ағамның шын сөзі бүктеліп «Апта.kz» бағдарламасының архивінде кеткен шығар десем, жоқ, тәйірі, профессор «Жас Алашта» тіпті ағынан ақтарылыпты. Көзіміз түскен жолдардан үзінді: 

«Мен бұл фильмнен сондай бір үлкен ауытқушылықты да көргенім жоқ. Мысалы, Өзбек ханнан кейінгі жылдары Алтынорда хандарының таққа таласқаны рас, тіпті олар жеке билік үшін туғаны мен бауырын өлтіруге барды. Фильмде Жәнібек ханды баласы Бердібектің өлтіруі - тарихи факт» (Ескерту: Бердібек таққа Жәнібек хан өлген соң отырады. Фильмде Жәнібекті Бердібек өлтірмейді).

«Фильмдегі Жәнібек ханның образына келсек, байлыққа мастанған барлық хандарға тән даңқойлығы көрсетілген.  Жалпы хандардың осал жері де - осы ғой, сондай сәттерде небір дарақылық орын алады».

«Осы фильм туралы айтылғанда, алдағы уақытта әлі талай рет еуропалық және ресейлік режиссерлар өздерін асыра дәріптеп, түркі тілдес халықтардың беделін түсіруге негізделген көптеген фильмдерді шығаруы мүмкін. Соларды біз қалыпты жағдайда көруге дайын болуымыз керек», т.б.

 

Бұдан арғысын оқырман өзі парықтай жатар. Айтпақшы, біздің мақаламызды мына сілтемеден табасыз: http://old.abai.kz/node/15420

Сонымен «Орданы» ойрандау кімге керек болды екен? Қараңыз:

***

«ОРДА» ФИЛЬМІ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

Бүркітбай АЯҒАН

Мемлекет тарихы институтының директоры,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор

Жақында «Православная энциклопедия» студиясының ұсынуымен ресейлік режиссер Андрей Прошкин мен сценарист Юрий Арабов түсірген «Орда» фильмі жұртшылық назарын елең еткізді. Алтынорда туралы бұл фильмде Жәнібек хан тұсындағы (1342-1357 жж.) тарихи фактілер бұрмаланған, ордалықтардың тұрмыс-тіршілігі өте жұпыны, тұрпайы, бүгінгі ұрпақтың санасына кері әсерін тигізеді, өте дарақы фильм және т.б. осы  сияқты пікірлер ұлттық БАҚ пен телеарналарда қаптап кетті.

Қош, солай дейік. Бірақ «жау шапқаннан кейін, қылышыңды қалай сермесең де» пайдасы шамалы. Сондықтан, осы фильмнің өн бойындағы эпизодтардан ордалықтар үшін жағымды жақтарын көре білгеніміз дұрыс шығар. Әрине,  фильмнің жалпы сюжеті ешбір қазаққа ұнамайды, шыны керек маған да ұнаған жоқ. Бір кездері алтын мен күміске оранған Алтынорданың ақсүйектерін тым жабайы көрсетіп жатқаны ерсілеу. Өйткені, фильмді түсірушілердің айтуынша, бұл «тұрмыстық» фильм (житийный), негізгі фабуласы Мәсеу шіркеуінің митрополиті Алексийдің Тайдулла ханшаны емдеу үшін Алтынордаға сапары және оның өз еркімен  құрбандық жолына түсуіне құрылған. Оның сол әрекеті арқылы өзара қырқысулар мен қантөгістерді тоқтатуға шақырады.

Мен бұл фильмнен сондай бір үлкен ауытқушылықты да көргенім жоқ. Мысалы, Өзбек ханнан кейінгі жылдары Алтынорда хандарының таққа таласқаны рас, тіпті олар жеке билік үшін туғаны мен бауырын өлтіруге барды. Фильмде Жәнібек ханды баласы Бердібектің өлтіруі - тарихи факт. Ол 1357-1359 жылдары билік құрған. Ордада осыдан кейінгі жиырма жылдай таққа талас тыйылмағаны белгілі. Тарихи деректерде Бердібектің сарай төңірегіндегілердің қолындағы қол шоқпарына айналғаны, екі жыл билік құрып, ақыры бүкіл Бату хан ұрпағын, өзінің екі ұлын қоса құртып жібергені жазылған. Қазақ шежіресінде «Нар мойыны Бердібекте кесілді» деп осынау қайғылы кезеңді айтады, биліктің дағдарысын мойыны үзілген түйеге теңейді. Осылайша Бату ханның ұрпақтары арасындағы сабақтастық үзіледі. Менің ойымша, фильмнің негізгі сюжеті осы. Ал, оқиғалар желісі Алтынорда тарихының 1340-1370 жылдар аралығын қамтиды.

Ал, ресейліктердің көзқарасына келсек, жоғарыда айтқандай орыс шіркеуінің қызметшісі Алексийдің тазалығын, жалпы діни адамдардың өмірін боямасыз көрсету арқылы ақты ақ, қараны қара күйінде беруді мақсат еткен, тонаушылық шайқастар арқылы байлыққа кенелген хандар мен князьдардың салтанатты өмірін көрсетуді көздемейді. Ондай фильмдер толып жатқан жоқ па?.. Әрине, мен бұл жерде ресейліктерді қолдаудан аулақпын. Бірақ, бір нәрсені айтып кетейін, ол жаңалық та емес, атам заманнан белгілі дүние, кез келген тарихи фильмді қандай мемлекет шығарса,  оның мақсат-мазмұны да соған сәйкес құрылады.

Фильмдегі Жәнібек ханның образына келсек, байлыққа мастанған барлық хандарға тән даңқойлығы көрсетілген.  Жалпы хандардың осал жері де - осы ғой, сондай сәттерде небір дарақылық орын алады.

Әрине, төл тарихымыздағы Жәнібек хан әділдікті ту еткен. Оны қазақ хандығындағы Жәнібек ханмен (ХҮ ғ. басы - 1470 ж.) шатастырмау керек. Өйткені,  «Орда» фильміне негіз болып отырғаны алтынордалық Жәнібек хан. Ол билік құрған жылдары Орданың ішкі-сыртқы жағдайын нығайтуға тырысқан, жер аумағын кеңейтуге ұмтылған. Сондай-ақ, көршілес орыс князьдіктерін бағындырған. Олардың бәрі Орданың рұқсатымен ғана жүріп тұрған («ярлык на княжение»), фильмнің осындай жағымды жақтары бар.

***

Фильмдегі басты кейіпкер Өзбек ханның толып жатқан әйелінің бірі Тайдулла, оның образы да ашылған деп ойлаймын, өз дегенін істейтін қатыгез әйел болғанмен, Ордадағы билікті сақтап қалудың түрлі амалдарын жасауға тырысады. Бірақ тарихта оның көз ауруын орыс діндары толық емдеп шығады, ал фильмде керісінше көрсетіледі, бұл енді тарихты бұрмалау.

Тайдулла (кейбір деректерде Тай-Дуглы, Тәйтафли) ханша туралы мынадай қызықты мәліметтер кездеседі. Соның бірінде «...алғашында орыс князьдары өздерінің саяси мұраттарына жетуіне дәнекер боларлық бір қызының хан жағында болуын мәртебе санаған. Осындай бір орыс қызы Сарайда Тайтулла есімді әйелдің қасында болады. Ол ішкі саяси сырды жеткізіп тұрған. Міне. Осы қыздың араласуымен өтірік ауырып, дәруіш Алексейді үшкірту сылтауымен шақыртуы да мүмкін» делінген.

Шыңғыс хан шежіресін жазған Өтеміс қажының деректерінде «Тайдулла ұнатқан бектерін  өзіне жақын тартқаны, тіпті Сарай тағына Қызыр ханды отырғызғаны, алтындатылған арнайы некелесу үйін тіктіріп, онымен басқосуды көздегені, бірақ Қызыр найман бегі Құтлұғ - Бұғаның кеңесімен «кезінде Өзбек пен Жәнібекке бағынышты болған әйелден» бас тартуға мәжбүр болғаны, бұдан кейін Тайдулланың Қызырға деген қарым-қатынасы қатты өзгеріп, жауласқаны, Сарай маңындағы осындай өзара тартыстың ақыры Тайдулла мен Базаршының өлімімен аяқталғаны, сөйтіп Қызыр ханның екінші рет хан тағына отырып, бір жарым жылдай билік құрғаны, алайда оның өз баласы Буруттың қолынан қаза тапқаны, көп кешікпей оның да өлтірілгені, осыдан кейін Ордада дүрбелең кезеңнің басталғаны, Сарай қаласының күйреуі, Орда елінің Қырымға қарай босып кеткені»  жақсы баяндалған. Сондай-ақ, Тайдулланың азапты өлімі туралы «ханшаны жабық шанаға отырғызып, жан-жағынан қатты бекітіп, шанаға асау айғырды байлап, босатып жіберген» деп жазылған.

Менің ойымша, қайта ресейлік режиссердің бұл фильмін қазақтар көру керек. Себебі біздің түсінігіміз бойынша, ордалықтар орыс тілділерден мәдениеті, тілі жағынан жоғары тұрған сияқты. Фильмнің дыбысталуы да түркі-қыпшақ тіліне жақын, кейіпкерлер бізге түсінікті тілде сөйлейді.

Осы фильм туралы айтылғанда, алдағы уақытта әлі талай рет еуропалық және ресейлік режиссерлар өздерін асыра дәріптеп, түркі тілдес халықтардың беделін түсіруге негізделген көптеген фильмдерді шығаруы мүмкін. Соларды біз қалыпты жағдайда көруге дайын болуымыз керек. Жалпы шетелдік фильмдерде бұрмаланған тарихи оқиғалар болса, олардың ара-жігін ашып көрсету бізге үлкен міндеттер жүктейді және біздің одан әрі шыңдала түсуімізді қажет етеді.

Ал ордалықтар мен орыстардың сыртқы болмысына келсек, киім-киісі мен жүріс-тұрысы дегендей аса айырмашылықтар көрінбейді. Орыстың мұжығы мен ордалық нөкерлер ешбір боямасыз ортағасырлық кейіпте бейнеленген. Жалпы ортағасырлық фильмдерді әсірелеп көрсеткеннен гөрі, арасында сол заманның шынайы күңгүрт тұстарын сипаттайтын кадрлардың жүргені де теріс емес.

Бізде ақсүйек тобындағы адамдардың өмірін біржақты тамаша қылып көрсету басымдау. Жалпы жаугершілік заманда салтанатты тұрмыс-тіршілік көп болмаған. Мысалы осы фильмдегі уақытты алайықшы, тарихтағы «ұлы бүлік» немесе «дүрбелең» кезең, сондықтан шайқас, қантөгістің болуы заңды.

***

Әрине, «қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса» демекші, ресейлік режиссердің қалауымен түсірілген бұл фильмде біз үшін ешқандай идея жоқ. Бірақ, әлем назарын Қазақстанға аудартқан американдықтардың «Борат» фильмі сияқты, ресейліктердің «Орда» фильмі де жұртшылықты елең еткізді. Өзбек хан мен Жәнібек хандар тұсындағы ордалықтарды басқа қырынан танытты. Ал, қазақтар ортағасырлық тарихымызды қайта ақтарып, шындықты іздеуге кірісті, басқаша айтсақ бұл фильм төл тарихына қатысы бар түркі тілдес (оның ішінде қыпшақ) халықтардың барлығына қозғау салды деп ойлаймын.

«Орда» фильмінің басты кейіпкерлері - 1342-1361 жылдар аралығында билік еткен алтынордалық хандар Жәнібек пен Бердібек және Тайдулла ханша. Осы тұлғалар Алтынорданың әлсіреп, оның күйреуіне тікелей ықпал еткенін ұмытпағанымыз абзал.

 

Жас Алаш. 18 қазан. 2012 жыл

0 пікір