Жұма, 7 Қазан 2022
Саңлақ 2305 0 пікір 4 Сәуір, 2022 сағат 16:24

Қазақстандық боксшылар Сербияда өткен турнирде 13 медаль жеңіп алды

"Сербия астанасы Белградта бокстан кезекті Бранко Пешич мемориалының  59 - шы халықаралық турнирі аяқталды", - деп жазды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 13 жүлдеге ие болды: бір алтын, төрт күміс және сегіз қола.

Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальды Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (салмақ санаты – 63,5 кг дейін) салды. Белград турнирінің күміс медалін Олжас Байниязов (54 кг), Нұржан Амангелді (71 кг) және Ильяр Әшіров (75 кг) жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (51 келі), Қуаныш Дүйсенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Саматәлі Толтаев (60 келі), Дәулет Нысанұлы (67 келі), Армат Арманұлы (71 келі) және Мәди Әміров (86 келі)  қола медальға ие болды.

 

Abai.kz

0 пікір