Жұма, 19 Сәуір 2024
3714 44 пікір 3 Сәуір, 2022 сағат 11:50

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған адам ұсталды

Шетел барлау агенті Мемлекет басшысы мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

25 наурыз күні қарсы барлау қызметкерлері тарапынан Нұр-Сұлтан қаласында шетелдік барлау қызметіне жұмыс істейтін азамат тұтқындалды.

"Ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару кәсіби түрде жасырылып, Қазақстанға бөлшектермен әкелінген", - делінген хабарламада.

Күдікті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындағаны хабарланды.

"Алдын ала тергеу барысында ер адам бұл істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.

Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 255-бабы 4-бөлігінде (Терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - дед ҰҚК өкілдері.

Abai.kz

44 пікір