Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3643 0 пікір 18 Қыркүйек, 2012 сағат 09:38

Үгіт-насихат керуені: «Тәуелсіздік – ел тірегі»

Игілікті бастама әрқашанда өзінің жалғасын табады. Былтырғы жылы Көкпекті ауданы тұрғындарын шаттыққа бөлеген «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты үгіт - насихат керуені көптің көңілінде өшпестей із қалдырды. Биылғы жылы аудан әкімінің бастамасы дәстүрге айналып, «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз» керуені аудан ауылдарына жол тартты. Керуен сапында аудандық әкімшілік қызметкерлері, тұрғындарға кәсіби кеңес беретін заңгерлер, білікті дәрігерлер, аудандық қызмет өкілдері, артынып-тартынып тауарларын тиеген жеке кәсіпкерлер, таңдаулы өнерпаздар бар.

Аудан орталығынан сапарға аттанған салтанатты керуен бірінші кезекте Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округке ат басын бұрды. Көш басында аудан әкімі Дүйсенғазы Мағуияұлы Мусин. Керуен сапарының аталмыш округтен бастау алуы бекер емес. Биылғы жылы Батыр Атаның 105 жылдығы аталып өтуде. Бұл - жарқын болашақ үшін қан төккен бабалар рухына тағзым, үлкен құрмет. Сонымен бірге Преображенкада тіректі ауылдық елді мекен құру жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Игілікті бастама әрқашанда өзінің жалғасын табады. Былтырғы жылы Көкпекті ауданы тұрғындарын шаттыққа бөлеген «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты үгіт - насихат керуені көптің көңілінде өшпестей із қалдырды. Биылғы жылы аудан әкімінің бастамасы дәстүрге айналып, «Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз» керуені аудан ауылдарына жол тартты. Керуен сапында аудандық әкімшілік қызметкерлері, тұрғындарға кәсіби кеңес беретін заңгерлер, білікті дәрігерлер, аудандық қызмет өкілдері, артынып-тартынып тауарларын тиеген жеке кәсіпкерлер, таңдаулы өнерпаздар бар.

Аудан орталығынан сапарға аттанған салтанатты керуен бірінші кезекте Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округке ат басын бұрды. Көш басында аудан әкімі Дүйсенғазы Мағуияұлы Мусин. Керуен сапарының аталмыш округтен бастау алуы бекер емес. Биылғы жылы Батыр Атаның 105 жылдығы аталып өтуде. Бұл - жарқын болашақ үшін қан төккен бабалар рухына тағзым, үлкен құрмет. Сонымен бірге Преображенкада тіректі ауылдық елді мекен құру жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округте 13 ұлттың өкілдері тату-тәтті тірлік құруда. Бірлігі жарасқан берекелі ауылда мерекелік шаралар «Достық керуені» ұранымен өткізілуі осыдан да болар. Шеру тартқан құрметті қонақтарды ата дәстүр бойынша ауыл сыртында салт атты ұландар қарсы алып, ауыл көшелерімен бастап жүрді. Айбарлы көк туымызды асқақтата желбіреткен жігіттердің атқа отырысы мен сәйгүліктердің әдемі аяқ алысы мерекенің шырайын арттыра түскендей.

Аудан әкімі Д.Мусин бастаған құрметті қонақтарды ауыл тұрғындары зор қошеметпен қарсы алды. Ауыл ақсақалдары Дүйсенғазы Мағуияұлымен шүйіркелесе әңгіме құрып, аталық ақ алғыстарын жаудыруда. Үкілі қыз ауылының тұрғындары құрметті қонақтарды құшақ-құшақ гүлдерімен қуантып, түрлі халықтардың ас мәзірінен дәм татырды. Киіз үйлердің маңында ойнап жүрген балдырғандар керуен келгенін хабарлап, «алақайлап» асыр салуда. Әжесімен бірге мерекеге 4 жастағы Нариман Тілебалды да ере келіпті. Нариман балалармен ойнап, атқа мініп, шат-шадыман болып қуануда. Бұл дегеніміз еңбектеген балаға дейін шынайы мерекені сезіне білді деген сөз. Мектеп оқушылары бір шаңырақ астындағы ұлттар достығын бейнелеген билерін ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Аудан әкімі Д.М.Мусин жиналған көпшілікке құттықтау сөз арнап, жылы лебізін жолдады.
- Былтырғы жылы керуен жұмысына жақсы баға берілді. Тұрғындармен кездесулерде дәстүрді жалғастыру туралы көптеген ұсыныстар мен өтініштер түскен болатын. Биылғы жылы керуен жұмысында тұрғындардың тілегіне көп көңіл бөлінді. Бұл шара халықтың шынайы игілігіне айналуы тиіс. Осы ауылда ТАЕМ құру жобасы тұрғындар атсалысуымен жүзеге асырылып жатыр. округтің мүмкіндіктері зор, болашағы жарқын. Жобаның жүзеге асуы сіздердің қолдарыңызда. Халықтың достығы нығайып, береке-бірлігі арта берсін - деді Дүйсенғазы Мағуияұлы. 
Мерекеге ауылдық округ әкімі Д.Қойгельдиннің арнайы шақыруымен облыстық «Достық» үйінің өкілдері қатысты. «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағынбек Ақанов облыс орталығынан келген қонақтарды таныстырып, меркеге қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. 21 этномәдени орталықтың басын қосқан «Достық» үйі өнерпаздарының ойнақы әндеріне қосыла шырқаған көпшілік бір жасап қалды.
Жеңіс саябағында Қойгелді Аухадиевтің ерлік өнегесін сахналаған қойылым көрсетілді. Қойгелді атаның елге жазған хатын оқыған жасөспірімнің өр үнімен елжіреген жүректер, жасаураған көздердің толқынысы байқалды. Ауылдық  округтің  «Өрнек» ЖШС шаруа қожалығының бастығы Ержан Қойгельдин жерлестер қуанышын бөлісіп, Батыр Ата рухына арналған шаралар барысына қатысты. Ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Т.Шнайдер мектеп оқушыларымен «Ерлік сабағын» көрсетіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Ф.Гарганов балаларға тағылымды әңгімелер айтты.

Жәрмеңкедегі тауар бағаларымен танысқан аудан әкімі ауыл тұрғындары үшін бағаның қымбат екенін ескертті. Сөредегі ет, бал, пияз, қарбыз, азық-түлік бағасы дүкендердегі мөлшерден асып түспесе, бір кем емес.
Түстен кейін керуен Белое ауылдық округіне ат басын бұрды. Керуеншілер келместен бұрын бұл жерде меркелік шаралар басталып та кеткен еді. Жәрмеңкеде сауда қызу жүріп жатыр. «Фацелия», «Тағай» шаруа қожалықтары ұсынған өнімдерді тұрғындар лезде сатып алуда. «Нұр» шаруа қожалығы мерекеге орай арзан бағамен шөп ұсынды. Қысқа дайындық маусымының қызған шағында қолжетімді бағамен шөп сатып алу мүмкіндігі ауыл тұрғындары үшін жағымды сый болғаны анық.
Сәні мен салтанаты жарсақан керуеншілерді ауыл тұрғындары ұрандатып қарсы алды. Мектеп оқушылары «Алға Қазақстан, Жаса Қазақстан» деп ұрандайды. Аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова құттықтау сөз арнап, мерекенің шымылдығын ашты. Ауыл тұрғыны А.Манапов жерлестерін мерекемен құттықтап, аудан басшылығына барша көпшіліктің атынан шексіз алғысын жеткізді. Ақ жаулықты әжелердің дәстүрлі шашуымен Белоедағы «Туған ауылым- тағдырым» ұранымен өткен керуен жұмысы басталып та кетті.

«Ауыл болашағы біздің қолымызда» атты дөңгелек үстелге мектеп оқушылары, ауыл жастары,  аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбенов, мәслихат хатшысы Р.Беспаев қатысты. Дөңгелек үстел Белое ауылының тумалары, жеке кәсіпкерлер, өнер адамдары, мемлекеттік қызметкерлермен сұхбат түрінде жүргізіліп, екі арада келелі кеңес орын алды. Кездесу қонақтары да өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беріп, оқушыларға үлгі-өнегеге бай әңгімелер айтты.
Бұл уақытта ауылдық кітапханада тағы бір қызықты шара өтіп жатты. Самар орталық кітапхана ұжымы М.Әуезовтың 115 жылдығына, Қалихан Алтынбаевтың 85 жылдығына, Әди Шәріповтың 100 жылдығына арналған «Жарық жұлдызбен туғандар» атты сырласу сағатын өткізді. Аталған тұлғалардың өмірінен қызықты деректер беріліп, шығармалары оқылды.

Сондай- ақ аудандық редакция ұжымы да керуен жұмысына белсене атсалысты. Преображенка және Белое ауылдарында жергілікті оқырмандармен кездесіп, газет өміріндегі соңы жаңалықтар тілге тиек етілді. Газет тілшілерінің шығармашылық бағыттағы жұмыстары, жеке қызығушылықтары да оқырмандардың көңілін ерекше аударды. Оқырмандар болса, өз тараптарынан ұсыныстарын ортаға салып, газет ұжымына алғыстарын жеткізді.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының маманы Қайрат Ерботинді қызу жұмыс үстінен таптық. Қай ауылда болмасын зейнетақы төлеу орталығының маманына келушілер аса көп. Бірі қажетті құжаттар тізімін біліп жатса, енді біреулері дәл осы арада зейнеткерлікке шығу туралы құжаттарын рәсімдеп жатыр. Қайраттың айтуы бойынша, негізінен тұрғындар зейнетақыны рәсімдеу, түрлі мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау бойынша өтініш білдірген. Жемісті қызмет көрсетіп жатқан мамандардың тағы бір тобын кездестірдік. Бұл әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері. Кеңес алуға келген ауыл тұрғындарына төрт бірдей маман кеңес берумен айналысты. Осы уақытта футбол, волейбол, шахмат, дойбы ойындарынан спорттық жарыстар өтіп жатты.

Преображенка және Белое ауылдарының тұрғындары керуен жұмысынан алған әсерлерін жасырмай, ойларын ортаға салып жатты.
Гафур Исмагулов, Преображенка ауылының тұрғыны, зейнеткер,
- Ауылымызға керуен келгеніне өте қуаныштымыз. Осының бәрі ел игілігі үшін жасалып жатқан жақсылық деп білемін. Ауыл халқына көңіл бөлу - болашақты ойлау. Батыр Атаның атындағы ауылдық округ болған соң, бұл жерде бәрі де біз үшін қан төккен батырдың рухы алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Өмір бойы  талай ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүрген аяулы мекеніміз өзімізге қымбат, әрі ыстық. Преображенка ауылының тұрғындары атынан осы бастамаға мұрындық болған аудан әкіміне алғысымды айтқым келеді.

Бақытбала Жұбышева, Белое ауылының тұрғыны, зейнеткер,
-  Қазіргі күні біздің республикамыз тұрақтылық пен бейбітшіліктің, келісімнің нағыз үлгісіне айналып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері - бұл, ең алдымен, Қазақстанды мекендеген түрлі халықтардың ұлты мен дініне қарамастан, арада орнаған ұлы да мызғымас достығының нәтижесі. Біздің ауданымыз да күн сайын қарыштай басып, дамудың сара жолына түсті. Оның бір белгісі - бүгінгі күні ауылымзға келіп отырған керуен. Ауылға көңіл бөлу - бұл халыққа қамқорлық жасау. Керуеннің сапары сәтті болып, көздеген мүддесіне жетсін.
Ақ жаулықты әженің ақжолтай тілегімен керуен тағы да жолға шықты. Келесі бағыт - Сарыбел және Палатцы ауылдық округтері болды.

0 пікір