Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2465 0 пікір 17 Қыркүйек, 2012 сағат 09:35

Асаубұлақ орман шаруашылығына – 65 жыл

Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде Асубұлақ орман шаруашылығының 65 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.

Салтанатты жиынға жан-жақтан қонақтар жиналды. Облыстық орман шаруашылығының қызметкерлері, аудан әкімі С. Төленбергенов, аудандық мәслихат хатшысы Н. Сейсембина, аудандық өрт сөндіру бөлімінің өкілдері, орман шаруашылығының зейнеткерлері, жақын ауылдың әкімдері шақырылды. Алғы сөз алған орман шаруашылығының директоры М. Кусаинов шаруашылық тарихын, жетістіктерін және жоспарлар туралы айта кетті. Сондай-ақ, орман шаруашлығының зейнеткерлерін еске алды, олар бірнеше жыл осында адал еңбек еткен К. Кусаинов, А. Вострецова, Д. Смышляев, Н. Козлов, М. Кусаиновтар. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген орманшыларды И. Шаровты, Г. Жетписбаевты, Ж. Абихановты, Б. Тутуновты, директордың орынбасарын К. Кусаиновты, инженер Д. Асылхановты, жүргізушы А. Скоснягинды, орман сақтау және қорғау инженері К. Камалиевты атап өтті. Барлығы мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды, мерейтойға арнайы келесі жылы 2 УАЗ көлігі, 1 «Нива» автомашина бөлуге ықпал етуге басшылар уәде берді. Мереке аудандық Мәдениет үйі артистерінің ұйымдастыруындағы концертпен жалғасты.
Мереке аяқтала қайтқан қонақтардың әрқайсысы жақсы тілектерін айтып, алғысын білдірді.

0 пікір