Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3348 0 пікір 12 Қазан, 2012 сағат 04:54

Дәурен Сәкенұлы. Ұстаздың абыройы болмаса...

Әр түрлі ұстаз болады. Бірі уақыт оза көңілімізден көмескіленсе, енді бірі өзінің биік болмысы, қарқарадай түр-тұлғасымен санамызда мәңгілік жатталады. Әсілі, қазіргі қоғам ұстаздың әзіргі күнгі алар рөліне, бет-беделіне біржақты баға бермесе керек. Анығында, айқұлақ ақиқат сол - осы бір жүрекке жылы естілетін, балалық бал дәурен, қамсыз студенттік шағыңның шаттықты күндерін тағы бір парақтатып ерекше күйге бөлейтін ұлағатты атаудың бүгінгі күні қадірі де, қасиеті төмендеп бара жатқандай...

Ешкімнің көңіліне келмесін, заман озып, заң тозған тұста ұстаздың тазалығына, мұнтаздығына кір келгенін кімнен жасырайық. Алайда бұл барлық мұғалім қауымына топырақ шашқанымыз емес.  Сөзіміз көпшілікке түсінікті болу үшін, ойымыздың арғы түкпірінде бұлқынып жатқан жанайқайымызды су бетіне шығаралық.

Жалпы парсы тілінде «ұстаз» сөзі қазақтың «ұста» деген ұғымына жақын келеді екен. Тегін емес. Егер бесаспап ұста қолына түскен металды балғаның күшімен иілдіріп, шынықтырса, ұстаз керісінше қанатының астындағы қалың шәкіртті озық ойымен, білікті, білгір парасатымен өнегелі өмірге жол сілтейді.

Шыны керек, бүгінгі «ақырзаман» ұрпағының бойына білімді дарыту да оңай емес. Халқымыздың әзіз тұлғасы Мұхтар Әуезов айтқандай, ұстаз тек жас өрімдердің ғана емес, бүкіл бір қауымның, қоғамның қамшыгері, тәрбиешісі бола білгені жөн. Осы биікке жетуге ұмтылатын, осы үдеден шығуға тырысатын ұлағатты ұстаздар бар. Көріп жүрміз, көңілге түйіп жүрміз.

Бірақ өз кәсібіне салақ қарайтын, сайып келгенде мамандығына таңдап емес, адасып түскен күлдібадам мұғалімдердің кесірінен «ұстаз» атты ұлы атаудың атына кір келуде. Сөзіміз рас, белгілі бір пәнді танудағы мұғалім біліксіздігін, шалалығын көргенде қараптан қарап қаның қарайып, «қазіргі ұрпаққа тәлім беріп отырған ұстаз осы ма?» деген ойға қаласың. Орынды ой. Әттең тұғыры тайғақ. Соның кесірінен қоғамның сын садағы өз жұмысын беске білетін, парасат пайымы терең, білгір ұстаздарды да жанап, түйреп өтеді.

Бәлкім содан да шығар, кейде біздің білімнен кінәрат іздегенде  көзімізге бірден қамкөңіл күйлі мұғалімдер ілігеді. Оларды оттан алып, отқа саламыз.

Бәлкім содан да шығар, қоғамның сесі мен сынынан қорқып қалған ұстаздар қауымы көпшіліктің алдында жалтақ. Мектеп директоры алдында да мұғалім жалтақ, ата-ана алдында да мұғалім абыройы аз, арашасы жоқ, тіпті оқушылардың алдында да мұғалім жасқаншақ. Олай дейтініміз, еліміздегі түрлі-түрлі саяси жұмыстарға жегілетін, сайлау мен санақтан бастап көше тазалап, көшет отырғызатын, бір дөң ағай жиналыс өткізсе, ат шаптырып акті залын қойны қонышына дейін қалмай толтыратын да сол мұғалімдер. Сондай дейміз де, мұндай бедел туралы сөз қозғаудың өзі қисынға келе ме? Мұғалім мәртебесі табанға тапталып жатқанын қалың бұқара, бұйығы қоғамның өзі елеп-ескермесе іс өне ме? «Мұғалім беделі» төмен деген қатқан қағиданың көбесі жібиді ме? Әй, қайдам. Айтпақ ойдың төркінін түсінген боларсыздар оқырман қауым?..

Әлбетте «ұстаз беделін қайтіп көтереміз?» деген сауалға жауап іздеген тұста, ең алдымен өзімізге салмақ сала ойланғанымыз жөн болар. Өйткені ұстазды жерден алып жерге салатын да, тұлға дәрежесіне көтеретін де ең алдымен - қоғам. Ұстаз беделін көтерудің бірден-бір кілті осынау ұлағатты атауға деген көпшіліктің қисық-қыңыр көзқарасын өзгертуде жатыр. Бұл бір деңіз. Екіншіден, мына бір мәселеге назар аударған дұрыс. Біздіңше, біз мұғалім мәртебесін - осынау жосықты саланы сапасы сын көтермейтін мамандардан тазартсақ, арылтсақ қана көтере аламыз. Ал, бұл анау айтқандай оңай шаруа емес. Демек, сапасыз кадрларды қатардан шығару қазіргі күннің кезек күттірмес мәселесі. Бұл тұрғыда соңғы бірнеше жылдың бедерінде ұстаз абыройын нықтаған шарапатты шаралар қолға алынды. Атап айтар болсақ, біліксіз кадрлерден арылтудың елішілік науқаны осынау салаға жаңашыл ұстаздарды тартумен ерекшеленіп отыр. Әзіргі күні, «Назар­баев Зияткерлік мектептерінің» жанынан Пе­да­гогикалық шеберлік орталығы, Педа­гогтердің біліктілігін арттыру орталығы құ­рылып жатыр. Заманауи орталықтарда мұғалімдер әлем­дік тәжірибеге сай әзірленген жаңа бағ­дар­ламалар бойынша арнайы үш айлық қайта даярлаудан өтеді. Мұндай қайта даярлаудан алдағы 5 жылда 120 мың мұғалім, яғни еліміздегі мұғалімдер корпу­сының тең жартысына жуығы өтпек. Алайда, бұл да азшылық етеді. «Мұғалім мәртебесін қалайша көтереміз?» деген сауал бізді де бей-жай қалдырмағаны себепті, мынадай ұсыныс бар. Біз үшін бұл ұсыныс оқырман ойына қонса, айтарымыздың діттеген жеріне жеткені.

ТОҚТАМДЫ ТҮЙІН

Елімізде мұғалім жалақысы сатылап көтеріліп келе жатқанмен, әлі де болса айлығы төмен кәсіптердің қатарына жатады. «Ұстаздық ету» әлеуметтік-кәсіби статусы, мамандық мәртебесі әлеуметтік стратификацияда әлі де болса төменгі сатыда тұр. Соның салдарынан қазіргі педагогикалық корпус қартаю үстінде. Содан шығар білімді, білікті жастардың дерлігі айлығы жоғары кәсіптерге ұмтылады. Басты мәселе де осында, мұғалім болуды армандайтын жастар аз қазіргі таңда.  Салаға қомсына қарайтындар көп есесіне. Айталық, бұл тұрғыда Кореяның үлгісі көз қызықтырады. Өйткені ондағы мұғалімдер айлықтары елдегі ең жоғары айлықтардың қатарына жатады. Соның есебінен, «ұстаз» атануға ұмтылатын жас кадрлер көп. Жасырары жоқ, білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеруде ұстаздар қалтасына түсетін айлықтың қомақты болғаны да маңызды.

«Abai.kz»

0 пікір