Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6483 0 пікір 9 Қазан, 2012 сағат 11:51

Болат Мүрсәлім. Алашорда (фотошежіре)

«Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,

Енді мәңгі өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын!»

Сұлтанмахмұт Торайғыров


 

 

 

 

Болмаса басыма да бармас па екен?

Атымды аузына да алмас па екен?

Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған

Молама көз қырын да салмас па екен?

Мағжан Жұмабаев

 

 

 

 

Суреттер - Болат Мүрсәлімнің "Алашорда" фотоальбом кітабынан алынды

 

«Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,

Енді мәңгі өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын!»

Сұлтанмахмұт Торайғыров


 

 

 

 

Болмаса басыма да бармас па екен?

Атымды аузына да алмас па екен?

Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған

Молама көз қырын да салмас па екен?

Мағжан Жұмабаев

 

 

 

 

Суреттер - Болат Мүрсәлімнің "Алашорда" фотоальбом кітабынан алынды

 

Алашқа (қазаққа, мемлекетке) қызмет ету бір сәтке де тоқтамақ емес. Бұл жалғанда оны тоқтатар күш жоқ. Өйткені, Құдай уә тәбәрәка тағала әр қазақтың жүрегін «Алаштікі» етіп жаратқан. Алашқа қызметтің бір көрінісі - «Алашорда» фотоальбом кітабы. Авторы - алаштанушы, журналист Болат Мүрсәлім. Болаттың басқа еңбегі бір төбе. Соның ішіндегі шоқтығы биігі - «Алашорда» фотоальбом кітабы.

Тарихшы Мәмбет Қойгелді: «Болат Мүрсәлімнің біраз жылдардан бері жүргізіп келе жатқан ізденістерінің нәтижесінде өмірге келген бұл кітап альбомды Алаш тақырыбын игеру барысында атқарылған игілікті істердің қатарына жатқызуға әбден болады. Кітап Алаш қозғалысының фотошежіресі аталуға лайық», деп баға беріпті.

Кітаптың алғысөз жазған тағы бір азамат Ерлан Қарин: «Бұл кітап тұнып тұрған сыр, тұнып тұрған тарих. Мұндағы фотолардың құндылығы сондай, Мағжан ақынның сөзімен айтқанда «Патша тағы, бүкіл дүние малына» айырбасталмайтын деректер бұлар», депті. Қарин мырзаның сөзінің бір қатасы жоқ. Шын сөз. Адал пейіл.

Кітап - «Орхон» баспасынан басылып шықты. «Нұр Отан» ХДП-ның және «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қаржылай демеушілігімен жарық көріп отыр.

«Abai.kz»

0 пікір