Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1830 0 пікір 9 Қазан, 2012 сағат 07:43

Шәріпхан Қайсар. «Алға»: өтіріктен ақы табудың айласы

«Алға» тобының мүшелері Козлов пен Сапарағалиға және көпшілікті адастырып, арандатушы Әминовке қатысты Ақтауда аяқталған сот қазақстандықтар мен халықаралық бақылаушылардың көз алдында әбләзовттік ұйымның шынайы бетін ашты.

Қорыта келгенде, әркім «Алға» дейтін топтың  кері тартып кесір салу  мен ел ішінде әлеуметтік жік туғызу арқылы арам бизнес жасайтын дайындығы бар ұйым екенін жақсы аңғарды.

Олардың негізгі қызметі өңешеті жыртып айқайлау, іріткі салып бұқараны бұзу - сөйтіп жаланы өзгеге жабу екенін де жұрт жақсы ұғынды. Әбләзов дейтін алаяқтан қаржылай демеу тапқан «Алғаның» арандатушылары тап осы принципте жұмыс жасады.

Қорғаныс тараптан төнген қатер

Айыпталушылардың ісін аңдап баққандар Жаңаөзен драмасына қатысты көп нәрсеге көз жеткізіп, көп нәрсені бек түсінді. Козлов, Сапарғали, Әминовтардың әлеуметтік араздықты қоздыру арқылы Жаңаөзенде еліміздің Конституциялық құрылымын күштеп өзгертіп қылмыстық топ құруға әрекеттенгені тергеу барысында анықталды.

Сот отырысындағы келеңсіз жайттың бірі ретінде куәгерлерге айыпталушылардың қорғаушылары тарапынан болған қоқан-лоққыны айтуға болады. Әділдік үшін келтіре кеткеніміз жөн, Козловты жақтаушы азшылықтың айқай-ұйқайы басым болғанымен олар жағдайдың өзгеріп сала берерін күтпесе керек.

Козловтың Жаңаөзен операциясында «оң» қолы мен «сол» қолы атанып кешеге дейін қызу қолдаушысы болғандардың өзі «Алғаға» қарсы куәлік бере бастады.

Алдымен Наталья Әжіғалиева сөз алып, аталған үшеудің еңбек барысындағы тартысты саясиландырып, Әбіләзов тарапынан жұмысшылардың ашу-ызасын тудыратын тапсырыстар алғанын айтты. Алайда, Козлов  тіркелмеген «Алға» партиясының Алматыдағы бөлімшесінің жетекшісі, бастабында-ақ тізе қосудан бас тартқан Айжангүл Әміровадан қатты соққы алғанын қадап айтқанымыз абзал.

«Әбіләзов жұртты қақтығысқа үндеді»

Айжангүл Әмірова әуел бастан сотқа өзінің Жаңаөзенде туып-өскенін,  тума-туыс, жақын-жұрағатының сонда тұратындығын мәлім етті. Осы арада көпшілік: Козловтың есім-сойы елге белгісіз әйел затын аз уақытта танымал ете қоюы таңқаларлық іс емес пе деген қортынды жасап үлгерді. Ол Әмірованы саяси қызметтің жетекшілігіне тағайындап, «Алматыға бас-көз еткен» кезде-ақ Қазақстанның батыс аймағында болатын қимыл-әрекетті ойлап қойған еді.

Саяси қызметке тағайындалысымен дереу Әмірова Козловтың тапсыруы бойынша, Жаңаөзендегі «Алғаның» арандатушы әрекеттерін ұйымдаструға кіріседі. Сот отырысында үш күн қатарынан сөйлеген бұрынғы жақтасы (Әмірованы айтамыз) Козловтан тұрақты тапсырма алып, ұйымдастыру жұмыстарымен шұғылданғанын білдірді. Мысалы ол, 2011 жылы қазан айының аяғында Козловтан электронды пошта арқылы Әбіләзовтың Маңғыстау халқына жасаған үндеу хатын алыпты. Соған орай Әміроваға берілген тапсырма да тас-түйін сипат иеленген: ол Әбіләзовтың үндеу хаты басылған 1500 парақша шығарып, мұнайшылардың арасында таратуы керек болған.

Әмірова парақшадағы сөйлемдерді оқыған кезде Әбіләзовтың қарапайым еңбек адамдарын қарулы қақтығысқа, соғысқа ашық шақырғанын түсінуге болады. Әйткенменде Әбіләзовтың бұл үндеуін ереуілге шыққандардың өзі аса қабылдамағанға ұқсайды. Олар «бізге бұндай үндеу емес, заңгерлер мен экономистердің ақыл-кеңесі, жәрдемі керек» деген. Ал, Жаңаөзенде жиі болған «алғашылар» жұмысшыларға бұндай пайдалы көмектің бірін де көрсетпеген. Сонымен қатар, деп атап көрсетті Әмірова, Козлов әбләзовшыл баспасөзді тегін таратуға және ереуілге қатысушылар үшін шатырлар тігуге қомақты қаржы жаратты. Бұл деректер сот пен бақылаушылардың көзін мынаған жеткізді: Козлов пен оның серіктері Маңғыстауға аяқталуға жақын еңбек дауын шиеленістіру үшін келген...

Қимылының алғашқы қадамдарынан-ақ «әбләзовшыл» және «козловшыл» тараптар Әмірованы Желіде жәукемдеуге кірісті. Олар өздеріне тән әрекеттерден де жиренген жоқ: «Алғаның» твиттері Әмірованы «иуда» деп атады және куәгердің ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірді. Радикалды ұйымның твиттерін әсіресе Әмірованың Жаңаөзенге жіберілген алғалықтардың қасірет алдында немен айналысқанын сағатына дейін дәлме-дәл айтып беруі шамдандырыпты. Бұл көптеген деректердің бетін ашты және Козлов пен оның сыбайластарының онсыз да осал қорғанысын айсыратып тастады.

Сот өткен соң-ақ Әмірованың кеше ғана «Алғада» бірге істеген қызметтестері хабарласып, оның жауаптарын өзгертуді талап еткен. Әмірованың айтуынша, ол жауап берерден бұрын-ақ айыпкерлердің адвокаты Сәрсембина мұнымен «келісімге келуге» тырысып, Әмірованы «шектен шықпауға» шақырған.

Баскесерлерге арналған қақпа

Жалпы, Козловтың Жаңаөзен оқиғасынан бұрын Әмірованы «жалдауы» жеке тыңшылық әңгімеге бергісіз хикая. Козлов оған әжептәуір ақша берген, Алматыдағы басты кеңсенің жетекшілігін сеніп тапсырған, тіпті атышулы «Азаттық» сыйлығын беруге де көнген. Сірә, Әмірова ол кезде мұндай ұнамды ұсақ-түйектердің түбінде қымбатқа түсерін, атап айтқанда - өзі туып-өскен қара шаңыраққа қауіп төндірерін сезбеген де шығар. Козлов, шамасы, Әмірованың қолымен Жаңаөзенде талай тірлікті тындырғысы келсе керек.

Қорғанудың жалғыз амалы ретінде ол Әміроваға тағы да бас салуды және оны жәдігөй деп айыптауды таңдапты. Әмірова оған дереу үн қатып, БАҚ беттерінде айыпкерлердің күдігіне нақты жауап берді: «Тұтқында өткізген соншама айдың ішінде мен бәрін де бастан кештім. Осында, Жаңаөзенде өткен айларымда мен барлық оқиғаларды есіме түсіріп, өзіме «Неге?» деген сұрақты қоюмен болдым. Мен өз әрекетімді ақтап аларлықтай себеп іздедім, бірақ таппадым да, ақыры кәнімді мойындап, тәубеме келдім. Дұрыс бағытпен жүрмегенімді ұқтым. Мәселені шешпеппін, мұнымды ақтап алу қиын-ақ».

Әбләзов пен оған бағынышты Козлов жазған бұл қасіретті сценарийде Әміроваға әбләзовшыл баскесерлер мен қорқаулар жасағы үшін Жаңаөзеннің қақпасын ашып берер жандайшаптың рөлі әзірленген еді.

Әжіғалиева мен Әмірованың жауаптары өзге де дәйекті деректермен бірге Ақтаудағы сот процесінің нәтижесіне әжептәуір әсер етті.

«Abai.kz»

0 пікір