Сәрсенбі, 29 Маусым 2022
Жаңалықтар 2082 0 пікір 9 Қазан, 2012 сағат 07:18

Тоқтар Жетпісбайұлы. Жастар поэзиясы: Мүшәйра табыс көзі ме?.

Баспасөз мен ғаламторда кейбір көкелеріміздің қазақ поэзясын сынай да міней жазған мақалалары, поэзия сүйер патша көңіл оқырманға еріксіз ой салады.  Алдаспан қылыштай отты стиль мен орып түсіп, аузымен от шайнап, жалын бүріккен шайрлардың шығармашылығы жайында оңды-солды пікірлер беріліп, біреуді мақтап аспанға ұшырса, біреуді құздан құлата лақтырады. Соңғы кезде поэзия айдынында «дәстүр бұзушылар» мен «тіл бұзушылар» көбейіп кетті деп налиды да, қара найзаның қақ үшін жастарға тіреп, поэзяның қайнар бұлағын жастар былғады деген ұғым қалыптастырады. «Жастардың өлеңін оқып шығып түсіне алмаймыз, кідіруге, ойланып оқуға мәжбүрленеміз», «Қазіргі жас ақындар поэзияны прозаизмге айналдырып жіберді.» «Қазіргі ақындар өте жылауық болып кетті» деген пікірлерқазір қалыпты түсінікке айнала бастады.

Қазақ поэзиясы әр дәуір сайын өркендеп дамып келеді. Ал, Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның дауылы өткен кезеңдерден де күшті болды десек өтірік емес. Өйткені, азат ойлы елдің бұғаудан босауы, бабалар аманатының орындалуы поэзияға соны серпіліс ала келді. Бірақ, талантты танып, шын ақынды халыққа танытатын көкелер азайып кетті.  Оза шапса етектен тартып, құйрық тістессе тұмсықтан теуіп қақпайлайтындар көбейді. Атағы ала таудай кей ағалармыз құны жоқ өлеңді мақтап, көпіре сөйлеп, газет бетін толтыра мақала жазып жағымпазданатынды шығарды.  Қу тірлік үшін, өлең мен ақшаның қатынасын шатастырып , ақшаны қажет етпейтін өнерді (өлеңді) ақшаның құлына айналдырып жіберді. Кей ақындарымыз өлеңді ақша үшін жазып жүр. Мүшәйраны табыс көзі ретіне қарап, «сенімді көкелерінің» арқасында көмбеден көрініп жатқан жастармыз да жоқ емес. Бұл жастардың арынын арандатты. Таза поэзияның толқынына жағадан жармасқан бір топ ақынсымақ құлқынның құлдары ның келіп қосылуы поэзияның сиқын қашырды. Соңғы кезде «жас толқын» сериясымен бірқанша ақындар мен ақынсымақ ұйқасшылардың кітаптарі жарық көріп келеді. Бірақ сол жинақтардан  дауысы өктем, жүрісі мығым, айтары бар ақындар саусақпен санарлық. Бұл нені білдіреді? Жастар поэзиясы қатал сынның тезінен өтпегенін, өлшеніп екшелмегендігінің, алдыңғы аға буындардың жастарға оң көзбен қарап, адал бағаламауында тұр. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Жастар жайлы толғамды ой-пікірлер мен сын айтып жүрген көш бастар ағалармыз да жоқ емес. Әне, солардың сынын дұрыс қабылдап қазақ поэзиясына жаңалық әкелген азуы алты қарыс жас ақындардан: Ұларбек Дәлей, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Тоқтарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұрғалам, Ықылас Олжай, Ербол Бейлхан, Бауыржан Қарағызұлы,  Ырсбек Дәбей, Серік Сағынтай, Алмас Темірбай, Танакөз Толқынқызы, Бақытгүл Бабашты атауға әбден болады. Әрине, бұлардан басқа халық көзіне түспей жүрген жастарымыз да жетерлік. Жоғарғыда аттары аталған толқыннан да мықты шығып, жастар поэзиясына эксперимент алып келіп жатқандары да бар. Деседе, сол жаңалықты қабылдайтын дұрыс көзқарас, танымның жоқтығынан кейбіреуі басылып қалып жатыр. Жалаң мақтаумен жақтасудың кесірінен көмескіде жатқан жас ақындар ортаға шыға алмай жүр. Оның дәлелі:  Ахат Расул, Төлеген Меллат, Қайсар Қауымбек, Ұмтыл Зарыхан, Эльмира Ерікқызы, Еркін Исақан, Орынбек Фазыл,  Ербол Алшынбай, Алаш Тұрсынбай, Табиғат Абаилдаев, Ықылас Шалғынбай,  Саян Есжан,  Шалқар Дәулеткелді, Асхат Өмірбай,  Нұршат Төкен, Аллаберген  Қонарбай  қатарлы бір қыдыру ақындар бар. Міне, бұлар өз мұңдарын өздері кеміріп, оңаша жырлап жүрген ақындар. Өмірдің сыйға тартқан тақсіреті мен қуанышын тең еміп, өздерінше із қалдырып жүрген осындай жастарды алдыңғы аға буын ағаларымыз халыққа «жыл келгендей жаңалық» ретінде сезіндіріп, оқырман қауымға «Алтын көпірліктер» ретінде таныту, өзекті мәселелердің бірі болып тұр.

«Abai.kz»

0 пікір