Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2897 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 11:25

«Abai.kz» мінбері: Жарас Ниязбек

«Abai.kz» мінбері деп ат қойып, жаңа айдар ашып отырмыз. Ашудағы мақсат - әр қазақ баласына өз ойын, көзқарасын ел жеткізуге мүмкіндік беру. Сол арқылы айтары азаматтардың ой бірлігін ұйыту. Әлбетте, сөз - ел ішіндегі әртүрлі жағдаяттар мен қазақтың бүгіні мен ертеңіне өзіндік ойдың өрімі болары сөзсіз.

Мінберде - журналист Жарас Ниязбек.

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

Жарас - Алматы қаласы әкімшілігінің «поштабайы» Куянов салған қиқудың кесірінен жұмыстан шыққан журналист. Ол «Алматы» арнасында «Тарих таразысы» деп аталатын хабарды жасап, жүргізген азамат.

Алғашқыда «Abai.kz» мінберінде «Алматы» арнасынан жұмыстан босаған әріптес бауырларымыз кезек-кезек сөз алады. Бұл - қазақ журналисттерінің тапталып жатқан құқығына, кетіп жатқан есесіне, себепсіз қағажу көріп жүрген халін халық білсін ниет және қаламын қару еткен бүгінгі қазақ сөзінің бас иесі - қазақ журналисттеріне қолдау.

«Abai.kz»

Төмендегі тілдей хатты редакциямызға жас журналисттер жіберіпті. Әріптестеріне қаратып жазған хат мәтінін толық жариялауды жөн көрдік.

Хат авторлары әуелі қазақ журналисттерінің хатқа көрсетер қолдауының аңысын біліп, аты-жөнімізді сосын жария етерміз деді.

Журналистер назарына!

Қадірменді әріптестер!

Біз «қазақ тілі», «ұлт» деп ұрандатқан, ұлтын сүйген ұландар едік қой!

Қазақ тілінің сойылын соққаны үшін бір журналистің намысы тапталды. Ол соған шыдай алмай жұмыстан шығуды жөн көрді. Оны қолдап ондаған әріптесі қызметтен кету туралы арыз жазды. Не үшін? Ұлттық намысы жібермеді. Осы жағдайдан бәріміз хабардармыз. Бірақ қолдау көрсете алмай отырмыз. Біз төртінші билік иесі емес пе едік?! Біріксек жер қайысқан қол, қаһарынан хан шошыр қазақ сөзінің иесі емеспіз бе! Қазақ тілін тастанды тіл санайтынын Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Куянов ашық жариялап отыр. Соның кесірінен қаншама қазақ журналисттері күнкөріс көзінен қағылып отыр. Осы жолы үнсіз қалсақ, бұдан соң «ана тілі, баба тілі» деген былдыр-батпағымызға кім сенеді? Не бетімізбен «ұлтым, тілім, мемлекетім» деп мақала жазамыз?

«Алматы» арнасынан жұмыстан кеткен журналистердің бір тобымен кезігіп қалдық. Біреуі: «Бала жылаған сайын маза кетіп, үйде отырмыз» дейді...

Барша қазақ журналисттерін «Алматы» арнасынан «поштабай» Куяновтың кесірінен жұмыстан кеткен әріптестерімізді жан-жақты қолдау шақырамыз!

0 пікір