Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4615 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 10:29

«Ұстазым- менің жан досым» бәйгесі

Республикалық 45minut.kz басылымы Ұстаздар қауымының төл мерекесі құрметіне «Ұстазым- менің жан досым» тақырыбында шығармашылық мақалаларға бәйге жариялайды.

Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие- әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырағы.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз- қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп- өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы  ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу- жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - дегеніндей ұстаз беделін арттыру және Ұстаз-Шәкірт-Ата-Ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұстаздар, шәкірттер, ата-аналар арасында шығармашылық мақалаларға бәйге жарияланды.

Ұсынылатын тақырыптар:

1) Ұстазым, менің ұстазым

2) Ұстаздық еткен жалықпас

3) Ұстаз және ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы

4) Менің ұстазымның бір күні

5) Ұстаздар күні ұстазымды қалай құрметтеймін?

6) Шәкірттің жағдайын кім ойлайды?

7) Ұстаздың үлгілі шәкірті

Бәйге талаптары:

Бәйгеге ұстаздар, шәкірттер, ата-аналар тарапынан жазылған мақалалар қабылданады. Мақалалар санына шектеу жоқ. Қатысушы қалауы бойынша бірнеше жүлделік санаттарға қатыса алады. Шығармалар www.45minut.kz сайтындағы арнайы бөлімге жариялануы керек.

Арнайы талап: Шығармада бәйге ұйымдастырушысы және демеушілері туралы вирустық жарнама міндетті түрде болуы шарт.

Шығармалар 2012 жылдың 21 қыркүйегінен 20 қазанға дейін қабылданады. Бәйге қорытындысы 21 қазанда жарияланады.

Бәйге қорытындысын Республикалық басылымдағы «БАҚ өкілі-Тілшілер» шығармашылық тобы және бәйге демеушілері өкілдерінен құралған қазылар алқасы сараптайды. Ондық бағалау жүйесімен бағаланған мақалалар туралы өз бағамдарын қазылар алқасының мүшелері ұйымдастырушыларға белгілі уақытта тапсырады. Бағамдар негізінде бәйге қорытындысы жарияланады. Барлық қатысушыларға сертификат пен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылады.

Бәйгенің жүлделік орындары:

Бас жүлде - 1 қатысушы

Бірінші орын - 1 қатысушы

Екінші орын - 2 қатысушы

Үшінші орын - 3 қатысушы

Ынталандыру сыйлықтары - 3 қатысушы

«Үздік Ұстаз» бағамы - 1 адам (Мақала кейіпкері)

«Үздік ата-ана» бағамы - 1 адам (Мақала кейіпкері)

«Үздік шәкірт» бағамы - 1 адам (Мақала кейіпкері)

0 пікір