Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4469 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 10:27

Қазақстан және шетелдегі қазақтар

2012 жылдың 12 қазаны күні сағат 10.00-де Алматыда Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығының 20 жылдығы шеңберінде «Этникалық қазақтардың репатриациясы Қазақстан мемлекеті көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде: жетістіктері, мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастайды.

Конференцияның мақсаты - Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы көші-қон үдерісінің нәтижесі, қоныс аударушылардың (оралмандардың) қазақстандық қоғамда бейімделуі мен қалыптасуы, қазіргі қазақ диаспорасының көші-қон әлеуеті Қазақстанның қазақ диаспорасымен және шетелдегі отандастарымызбен мәдени-ағарту өзара ықпалдастықтан жинақтаған тәжірибе мен тиімді қолданыстарды ой елегінен өткізу.

Конференцияға ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР мәдениет және ақпарат, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сыртқы істер министрліктерінен, ҚР ІІМ көші-қон полициясы Комитетінен өкілдер, ғалымдар мен ЖОО-ның ұстаздары, мұрағат қызметкерлері шақырылды және 20 мемлекеттерден  қазақ мәдени орталықтарының басшылары қатысады.

Пленарлық отырыс пен секция жұмыстарының бағдарламасына 10 елден 77 баяндамаға өтінім келіп түсті: Германия, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Қазақстан. Германия, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның 17 этникалық қазағынан ұйымдастыру комитетіне баяндамалар келіп түсті. 8 баяндамашы - Қытай, Моңғолия,  Иран, Ресей және  Өзбекстаннан тарихи отандары - Қазақстанға келген оралман ғалымдар.

Конференцияда келесі мәселелер талқыланады:

1) Шетелдегі қазақ мәдени орталықтары (ұлттық-мәдени автономиялар, қауымдастықтар): құру тәжірибесі, қызметі және Қазақстанмен өзара байланысы;

2) Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспорасы және отандастармен мәдени-ағарту және экономикалық өзара байланысы: тәжірибе және мәселелерді шешу жолдары;

3) ҚР Президентінің Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында жасаған баяндамасы мен тапсырмасы шеңберінде шетел қазақтарының мәдени мұрасы;

4) шетелдегі қазақ диаспорасының қазіргі қал-жағдайы;

5) Этникалық қазақтардың репатриациясы Қазақстан мемлекеті көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде.

Пленарлық отырыстар басталар алдында сағат 9.00-ден бастап Конференцияға қатысушылар «Қазақстан және шетел қазақтары» атты кітап көрмесімен, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының 2001-2012 жж. жүргізген ғылыми экспедициялары нәтижесі бойынша қойылған «Моңғолия қазақтары» фотокөрмесімен танысады, академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайына, М.О. Әуезовтың мұражай Үйіне барады, «Ғылым ордасының» көрнекті жерлерін: табиғат мұражайын, Алтын адам және Берел қорғаны секілді бірегей топтамасы қойылған археология мұражайын, сирек кітаптар мұражайын, сондай-ақ қазақстандық ғылым тарихы мұражайын тамашалайды.

Конференция Қазақстан халқы тілдерінің XIV республикалық фестивалі аясында Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға тілдерді дамыту мен қызмет етудің мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асырылады. Ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен өтеді.

Конференцияның ұйымдастырушылары Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология, Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер, философия, саясатану және дінтану институттары.

Мекен-жайы: Алматы, Ғылым Ордасы, Шевченко көшесі, 28 үй (Уәлиханов көш., қиылысы),  3- қабат, конференция залы

0 пікір