Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2615 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 10:01

Қажымұқан Ғабдолла. Cаяси қамыт

Ұмыта қойған жоқпыз: Кеден Одағын құру туралы ең алғаш әңгіме көтерілгенде, қазақтың біраз зиялы да белсенді қауымы: Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Темірхан Медетбек, Ғаббас Қабышев, Әшірбек Сығай, Советхан Ғаббасов, Софы Сматаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Әміржан Қосанов, Болат Әбілов, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан секілді ұлтшыл азаматтары бұл жобаға үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, көптеген дәлелді де дәйекті уәждер айтқан болатын. Сайып келгенде, ұлт асылдарының тұжырымы мынадай бір аранада тоғысып: «Мұның өзі жаназасы осыдан 20 жыл бұрын шығарылған, адамзат баласы тарихындағы көз көріп, құлақ естімеген зорлық-зомбылықтың ордасы болған әккі һәм әңгүдік КСРО деп аталатын құрылымды қайта тірілтуге жасалған алғашқы қадам», - дегенге сайып еді...

Әсіресе, қос Мұхтардың жанайқайлары жадымызда қалып қойды. Мұхтар Шаханов: «Тәуелсіздігімізге қауіп төнді!» - деп төтесінен қайырса, Мұхтар Тайжан Кеден Одағының қазақ экономикасын тұралатынын тайға таңба басқандай дәлелдеп берді.

Бірақ, қазақ билігі әдеттегідей әпербақандыққа салып, халықтың ой-пікірімен санаспай, Кеденнің кебініне басын тықты...

Елбасы Кеден Одағының пайдасы Қазақстанға шаш-етектен болатынын, 170 млн халқы бар нарық ашылып, кең даңғылмен дамуға зымыраймыз, деп еді. Нақты жағдай мүлдем кереғар болып шықты. Суреттеп айтсақ, Кеден Одағын, айталық, асхана десек, Ресей - бас аспазшы, Беларусь - аға аспазшы, Қазақстан - ыдыс жуушы болып шыға келді.

Биылғы жарты жылдың қорытындыларын қарасақ, КО мемлекеттерінің өзара сауда-саттық көрсеткіштерінде Ресейдің үлесі 66 пайызды, Беларусьтікі 24 пайызды, Қазақстандікі небәрі 9,6 пайызды құрап, Ресей 22,5 миллиард АҚШ долларының, Беларусь 8,1 млрд АҚШ долларының, Қазақстан бар болғаны 3,3 млрд АҚШ долларының өнімін сатқан. Сонда Қазақ Еліне соқыр тиын пайдасы жоқ, оның есесіне зиыны мен шығыны, Елбасының тілімен айтсақ «шаш-етектен» Одақтың не керегі бар, бізге?..

Кешегі Үкімет басшысы, билік «топ-менеджер» деп мақтаған Кәрім Мәсімов қазақ ұлтының дұшпаны болғаны ма? Олай болмаса, экономикаға жауап беретін Үкімет басшысы қып-қызыл зиян келтіретін Кеден Одағына кезінде неге қарсы шықпаған?..

Ең қиыны, Ресеймен шекаралас жатқан батыс облыстарының әл-ауқаты тым төмендеп, шағын және орта бизнес тұралап барады.

Сол себепті, Қазақстан оппозициясы өкілдерінің «Бүкілхалықтық референдум өткізу туралы» бастамасын қос қолымызды көтеріп, қызу қолдауға міндеттіміз. Референдум Қазақ Елі жұртының нақты ой-пікірін айқындап, «Кеден Одағынан шығу керек пе?» деген сауал мен «Қазақ Еліне Еуразия Одағына кіру қажет пе?» деген тағдырлы сұрақтарға жауап беруге тиіс Таяу уақытта Қазақстанның ең жоғарғы билігі халықтың алдында Кеден Одағы туралы толық есеп беруі керек.

Меніңше, Кеден Одағына кіру - Қазақ елінің егемендігін жоюға жасалған алғашқы қадам болса, Еуразия Одағына кіру - Қазақ Елінің бодандық қамытты қайта киюі. Ұлттың тағдырын - бір адамның шешімі немесе бірнеше топ адамдардың пікірі шешуге тиіс емес, ұлттың тағдырын - ұлттың өзі ғана шешуге құқылы.

Тағы бір өкінішті жағдай: ұлтымыздың ертеңі кезекті рет таразыға түсіп тұрғанда, жаңа Үкіметтің құрамында елдің сыртқы саясатын басқаруға кезінде ұялмай-қызармай: «Қазақ тілінің дипломатияға қажеті жоқ!» - деп, лас та ылаңды сөз айтқан Ерлан Ыдырысовтың қайта оралуы көңілдегі күдігімізді көбейтіп жіберді.

«Abai.kz»

0 пікір