Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3310 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 09:16

Ағабек Қонарбайұлы. Дін болмаса дым болмайды

мәселе оны салтпен сабақтастыра алмауда

 

Сенімін сетінетпей...

Кез келген ұлттың жүріп өткен жолы мен ұзақ-сонар тарихы болады. Содан әр ел өмірлік сабақ алып, болашағына болжам жасайды. Күн-түн саралаңыз, дінмен, иманмен, сеніммен біте қайнасып жатқан тарих қашанда сәулелі, нұрлы болмақ. Қарт тарих қарға тамырлы қазақтың өткен өнегелі өміріне куә.

Сонау сегізінші ғасырда қазақ даласына ізгіліктің дәні егілді. Бұл - Алланың баға жетпес ұлы нығметі мен шексіз сыйы. Ислам өркениеті мен мәдениетінен, қасиетті Құран құндылықтарынан сусындаған даланың дана һәм дара тұлғалары жақсылықтың жаршысына айналды. Санаға сәуле сіңіруге тырысты. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болуға» (Сұлтанмахмұт Торайғыров) бел буды. Ұлтты иманға ұйыстырып, кісілік кейпін сақтауға, ана сүтін ақтауға үндеді. Атаның емес, адамның баласы болуға (Абай Құнанбайұлы) шақырды. Тілектің төресін текті бабаларымыз көрсетіп кетті:

«Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа» (Бұқар жырау). «Әуелі аят, хадис - сөздің» (Абай), - деген өсиетті өлеңдер:

«Әуелі «бисмиллә» деп сөз басталық,

Алланың хақ жолынан адаспалық...» немесе:

«Ағузы» менен «бисмиллә» -

мәселе оны салтпен сабақтастыра алмауда

 

Сенімін сетінетпей...

Кез келген ұлттың жүріп өткен жолы мен ұзақ-сонар тарихы болады. Содан әр ел өмірлік сабақ алып, болашағына болжам жасайды. Күн-түн саралаңыз, дінмен, иманмен, сеніммен біте қайнасып жатқан тарих қашанда сәулелі, нұрлы болмақ. Қарт тарих қарға тамырлы қазақтың өткен өнегелі өміріне куә.

Сонау сегізінші ғасырда қазақ даласына ізгіліктің дәні егілді. Бұл - Алланың баға жетпес ұлы нығметі мен шексіз сыйы. Ислам өркениеті мен мәдениетінен, қасиетті Құран құндылықтарынан сусындаған даланың дана һәм дара тұлғалары жақсылықтың жаршысына айналды. Санаға сәуле сіңіруге тырысты. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болуға» (Сұлтанмахмұт Торайғыров) бел буды. Ұлтты иманға ұйыстырып, кісілік кейпін сақтауға, ана сүтін ақтауға үндеді. Атаның емес, адамның баласы болуға (Абай Құнанбайұлы) шақырды. Тілектің төресін текті бабаларымыз көрсетіп кетті:

«Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа» (Бұқар жырау). «Әуелі аят, хадис - сөздің» (Абай), - деген өсиетті өлеңдер:

«Әуелі «бисмиллә» деп сөз басталық,

Алланың хақ жолынан адаспалық...» немесе:

«Ағузы» менен «бисмиллә» -

Әрбір сөздің бастауы...» (Әбубәкір Кердері) - деген жырлар бір-бірімен үндесіп жатты. Хақ сенімге ұйыған ұлттың ұпайы артты. Қазақ халқы Құдайсыз қауым қалыптастырғысы келген қоғамда өмір сүрсе де аузынан Алласын тастамай, жүрегінен иманын жоғалтпады. Сеніміне селкеу түсірмеді, дінін де сатпады. Арғы-бергі ақын-жазушыларды айтпағанда, кешегі коммунистік идеологияның «Құдай жоқ» деген тәрбиесін көрген, «атаң - маймыл, шешең - шимпанзе» деп, ұлтымыздың ұнжырғасын түсірген атеистік қоғамда өмір сүрген қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаев та қасқайып тұрып:

«Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін», - деп жүрегінен жыр төкті.

 

Құндылық құласа...

Байыппен бағамдаңыз, Жаратушының ұлы сыйы - санамен саралаңыз, адамға қашан да дін керек екен. Дін болғанда да - Хақтың діні. Бабалар сенімге селқос қарамады. Мұсылманшылыққа мығым болды. Ғибратты ғұмыр кешті. Мұсылман қазақты діні мен тілінен айыру мүмкін болмады. Дін мен тіл жанашыры аяулы Ахаң (Ахмет Байтұрсынұлы) мұны кесіп айтқан: «Қазақты діннен айыруға болмаса, жазуынан да айыруға болмайтын жұмыс. Дінмен байланысқан жазу - дін жоғалмай жоғалмайды» («Асыл дін және ұлт зиялылары» жинағы, 4-бет).

«Тұрады ұят тұрған жерде иман,

Әдебі пайғамбардың бұған илан.

Әр түрлі бұзықтықтан адамзатты,

Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған» («Он ғасыр жырлайды» жинағы, 350-бет), - деп ұятты ұстын еткен көрнекті ойшыл, ағартушы, ақын Ғұмар Қараштың 1910 жылы жарық көрген «Ойға келген пікірлерім» дейтін құнды еңбегін ескермей кетуге болмас. Сол кітіпта ағартушы «Адамдар дінді сақтай ма, яки дін адамдарды сақтай ма?» деген тарауында парасатты пікір білдіреді.

Оқымысты былай дейді: «Көптеген кісілердің пікірінше, дін адамзатқа тән нәрсе емес, өз алдына жеке пайда болған нәрсе делінеді. Бұлардың ойынша, дін мумин делінген нәрсе, ғылыми түрде (айтқанда) сену, илану деп қарайды... Олар айтқандай болса, дін кісіні сақтай алмайды, керісінше діннің өзін кісілер сақтау керек болады. Мұндай дін ақиқат ғылым, біліммен бірге жасай алмайды. Біреулер халық көзі неғұрлым ашыла түссе, діннің де тынысы тарыла түседі дейді. Алайда, Құран Кәрімнің айтуынша, дін жалған нәрсе емес, ағайындардың шын табиғи сенімі. Бұған қарағанда ешқандай адам дінсіз өмір сүре алмайды. ...Дін адамдарға мүдуар емес, адам дінге мұқтаж, адамдарды дін ғана дүниеге мәлім етеді.

Ислам қауымындағы бірқатар адамдар нақты, ақиқат дін жолын тұтпай, дінді теріс ұғушылар пікірін малданып, қараңғылыққа, надандыққа қарай бет алды. ...Біздің халқымыз ақиқат дінді ұстаса, біз надан, жалқау боп қараңғылықта қалмаған болар едік. Ұрлық, қиянат, арақ ішу, карта ойнау сияқты халықты бұзатын қылықтан ада болар едік. Демек, шын дінді тұтсақ, әлем алдында масқара болмаймыз. Ақиқат дін жолымен тапқан игіліктеріміз адал болады да, өзге жолмен тапқан нәрселеріміз арам болады.

Қайдағы бір ескі ырым-жырымға сыйынып дін жасау лайықсыз. ...Ақиқат дін еш адамның желеп-жебеуіне мұқтаж емес» («Замана» жинағы, 175-бет).

Иә, кейбір адамдардың дінге мойынсұнбау кесірінен қоғамда надандық белең алды. Елде дінсіздік жайлаған кезде қазақтың қамын ойлап қартайған қарт данышпан Абай:

«...Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек,

Періште төменшіктеп, қайғы жемек.

Өзімнің иттігімнен болды демей,

Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек» («Он ғасыр жырлайды» жинағы, 241-бет), - деп толғанса керек. Мұқағалидың да:

«Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге бас қоятын қайда күнім?» - деуі де ақиқатты аңсаудан, өмірдің болмашы қызықтарына алданбаудан туған дүние еді. Осыдан кейін ақын-жырауларымыз мұсылманшылықты ұстанбады деп қалай айта аламыз?.. Олардың тыныс-тіршілігі иманға орныққан, қанға сіңген, дәстүрге үйлескен, асыл дінмен астасып жатты. Иә, салтпен сабақтасқан Ислам құндылықтарын құлатпады. Құндылық құласа, былай айтқанда, дін болмаса дым болмайтынын білген еді.

 

Мәтелдің мәні

Біз сөз қадірін білген халықпыз.

«Айтар сөзді сайлап алғын ақылмен,

Жауабың дөп, қатар түссін нақылмен», - дейді Жүсіп Баласағұни бабамыз. Қазақ тура сөзбен төрелік айтып, даналықпен дау шешкен халық.

Ислам дінін қабылдағаннан кейін мұсылман қазақтың рухани, мәдени өмірінде жаңа бетбұрыстар болды. Ислам құндылықтары халқымыздың тілі мен тіршілігінде көрініс тауып, салтпен сабақтасып, әдемі үйлесіп жатты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) іс-әрекеттері мен тағылымды тәрбиесі ұлтымыздың болмысына, өн бойына сіңісіп кеткен.

Халық ауыз әдебиетінің ойсалар озық саласы - мақал-мәтелдерде көтерілген тақырып, айтылар ой, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) даналығымен үндесуі соның дәлелі дер едік. Мақал - халықтың моральдық кодексі, тәлімі мол тәрбие қағидасы. Күнделікті айтып жүрген нақыл сөздерді Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадисінен табамыз. Бір қызығы, мақал-мәтелдердің кейбіреуі әрі тілдік, әрі мағына жағынан да хадис мәтіндерімен бірдей.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тек дін мәселесінде емес, өмірдің әр саласында үмбетіне үлгі-өнеге болған. Мысалы, әлеуметтік салаға қатысты Хақ Елшісі (с.ғ.с.) бір өсиетінде былай дейді: «Үйден бұрын көрші тап, жолға шықпай тұрып жолдас тап» (Кәшфул-хафа, ІІ т., 276-бет). Халқымыз осы хадисті нақылға айналдырып: «Сапарға шықпас бұрын серігіңді сайла, үй алмас бұрын көршіңді ойла», - деген.

Хадисте: «Асықпау - Рахманнан (Алладан), асығу - шайтаннан», - делінсе, халық арасында: «Асыққан шайтанның ісі», - деген нақыл кең тараған.

Тағы бір мысал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) күллі адам баласына: «Кеңес қылған ел азбас», - деп өсиет етсе, осы хадисті халқымыз да өмірінің өзегіне айналдырып, бертін келе мақал ретінде айтылып, тіпті қасына ұйқасын келтіріп былай деген: «Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас» (Қараңыз: «Хадис - ғұрпымыз, сүннет - салтымыз», 230-бет).

Бұл - ел арасында көп айтылатын нақылға қатысты біз келтірген хадистердің бір парасы ғана. Хадистің негізінде, мағынасында туындаған мақал-мәтелдер де жетерлік. Осыдан кейін қазақ асыл дін - Исламнан алыс болды деп қалай айта аламыз?..

 

Тағылымды тәрбие

Дінсіздікті, кәпір болуды ата жау санаған бабаларымыз ұлды ұлықты, қызды қылықты етіп тәрбиелеуді балаға ат қоюдан бастаған. Олар осы тұрғыда пайғамбар хадисін басшылыққа алған. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Балаларыңа көркем есім беріңдер, Алланың алдында ең көркем есімдер Абдулла, Абдурахман деген аттар, содан соң пайғамбарлардың аттарын қойыңдар», - деген. Ал қазақтың маңдайына біткен тұлғаларының есімдері пайғамбарлар мен сахабалардың атына сәйкес қойылған. Ұлық сапар - қажылыққа аттанар алдында: «От басында немереге, ас басында келінге, мал басында малшыға «әй, өй» деп отырып өлетін бай шал боп өтсем, мен сендерге лайық әке, лайық аға-бауыр болғаным қаны? Тірлік табыспен ғана тәтті ме? Табысқа жетпей тұрғандағы талап пен мұрат одан да тәтті деп білем. Ендеше, бұл сапар менің ендігі қалған тірлігімінің мұраты...» (Абай жолы, екінші кітап, 9-10-беттер) - деген Құнанбай қажының қазақтың бас ақыны Абай аталып кеткен ұлына Ибраһим деп есім беруін қалайша сәйкестік дейміз? Алаш арыстары - Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұстафа Шоқай - пайғамбарымыздың көркем есімдерінің бірі. Әлихан - хазіреті Әлидің, Міржақып пен Жақып Ақпаевтар - Жақып, Жүсіпбек - Жүсіп пайғамбардың аты. Шоқанның азан шақырып қойған аты - Мұхаммедқанапия, Мұқағалидікі - Мұхаметқали. Діндар ақсақал Ахмет те өз баласына пайғамбарымыздың құрметі үшін Дұнмұхамед деп есім берген.

Кейбіреулер айтып жүргендей, «енді тіліміз де «арабтанып» кетті» деп, дау көтеріп, дабыра жасаудың жөні жоқ деп ойлаймыз. Себебі, күнделікті ауыздан автоматты түрде шығатын «Астағифирулла» дегенді аталарымыз астапыралла деп, «ярхамукаллаһты» жәрәкімалла деп қазақыландырып алды. Тіл тазалығы үшін күрескен Ахмет Байтұрсынұлы кезінде өзі негізін қалаған «Қазақ» газетіне «Әлхәмдулиллә, алты миллион қазақпыз!» деп, халықтан сүйінші сұрап, үнжариясын басты. Абайдың қарасөздерінде, өлеңдерінде кездесетін арапша атаулар өзі өлең-жырға қосқандай, сөз арасын бөтен сөзбен былғамай, керісінші түсінікті тілмен жеткізген. Бұл Абайдың діндарлығын дәлелдейді. Халық та сол деңгейден көрініп, жатсынбай жылы қабылдаған. Себебі, діни сауаты бар еді...

 

«Қауіптінің» өзі қауіпті

Қазір қоғамда біреу түшкіріп қойса да мұсылманнан көретін көзқарас бар. Идеологияның мықты құралы саналған батыстық ақпарат ағыны да осылай көрсетуге тырысып-бағуда. Дінді «реформалау» керек дейтіндер де жоқ емес. Діннен қауіп күтетін, Кеңес заманын аңсайтын ақсақалдарды да аракідік кездестірдік. Өкінішті-ақ. Олардың ойы: діндарлық - қауіпті, дінсіздік - қалыпты. Расында да солай ма? Жоқ. «Дін - қауіпті» деп жүргендердің өзі қауіпті. Басы ашық нәрсе: Ислам - ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер - пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) да тәрбиесі осындай. «Шын мұсылман - тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» («Жұма мінбері», 264-бет), - депті. Осыдан артық не айтуға болады. Ал анасына «кәпірсің» деп тіл тигізіп, асын ішпей, келінге сәлем салдырмай салт пен сүннетті «соғыстырып» жүрген кейбір жастар болса, бұл олардың діни білімсіздігінен деп білеміз. Оның көзқарасына бола Исламға үрке қарау дұрыс емес. Ол діннің кемшілігі емес. Дінді дұрыс түсіне білмеген, оны даналықпен өміріне ендіре алмаған адамның кінәсі. Дін мен дәстүрді хикметпен қабыстыра алмауында. Әйтпесе, кемелдік - Аллаға, кемшілік - адамға тән емес пе?

 

Тобықтай түйін

Бәрі сенімнің керек екенін сезеді. Тазалықтың қажетін біледі. Барлық жақсылықтың бастауында Ислам тұр. Тағы да қайталауға тура келеді: демек, дін болмаса дым болмайды.

Қазір дінді тек топырақты өлімде ғана еске алатын ескі әдет қалды. «Желкемізде ажал тұрғанын» сәт сайын сезінеміз. Бір Құдайдың барын мойындаймыз. Ендеше, Құдайға құл, адамға ұл болу ғана қалды. Алланың әмірі де осы ғой: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылсын деп жараттым» («Зарият» сүресі, 56-аят, Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі, 524-бет, аударғандар: Ғазез Ақытұлы, Мақаш Ақытұлы).

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565