Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2660 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 10:04

Жастарымыздың жиһадшыл болуына кім кінәлі?

 

Ел іші тағы дүрлікті. Тал түсте Атыраудың қақ ортасында бомба жарылды. Бейбіт күнде жарылған бұл не қылған бом­ба деп елеңдегендер лаңкестердің ісі деген байламға келді. Байқаусызда өзі дайындаған жарылғыш заты іске қо­сылып, Нұрлыбек Сақауов есімді 21 жастағы жігіт мерт болды. Одан көп ұзамай Құлсары қаласында құқық қорғау қызметкерлерінің лаңкестік топты құрықтау операциясы кезінде бес адам қаза болды. Аман қалған бір күдікті қазір облыстық ауруханада емделіп жатыр, оған қатаң күзет қо­йылған. Жуырда ғана, тағы да Атырауда құқық қорғау органдарына қарсы лаңкестік акт дайындаған үш адам тұт­қындалды. Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауылының тұрғындары, өрімдей жастар: Мейірбек Жанқуатов  1993 жылы туған болса, Махамбет Исағалиев - 1990 жылы, Ыбырай Әдір - тіпті биыл ғана 16-ға толып отыр­ған бозбала. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл үшеуге «құқық қорғау органдары мен ар­найы қызметтердің қызметкерлеріне қарсы лаңкестік актілерді да­йындады» деген айып тағылуда. «Облыс аумағынан мал ұрлады» деген күдік келтірілгені және бар. Тергеу материал­да­рында олар бөтеннің мүлкін лаңкестік актілерді іске асыру үшін ұрлағаны айтылады. Қара алтынды Атыраудың аты лаңкестік деген суық сөзбен қоса аталатыны өкінішті-ақ. Мұны өңірдегі діни ахуалдың нашарлап кеткенінің көрінісі демеске амал жоқ.

 

 

Ел іші тағы дүрлікті. Тал түсте Атыраудың қақ ортасында бомба жарылды. Бейбіт күнде жарылған бұл не қылған бом­ба деп елеңдегендер лаңкестердің ісі деген байламға келді. Байқаусызда өзі дайындаған жарылғыш заты іске қо­сылып, Нұрлыбек Сақауов есімді 21 жастағы жігіт мерт болды. Одан көп ұзамай Құлсары қаласында құқық қорғау қызметкерлерінің лаңкестік топты құрықтау операциясы кезінде бес адам қаза болды. Аман қалған бір күдікті қазір облыстық ауруханада емделіп жатыр, оған қатаң күзет қо­йылған. Жуырда ғана, тағы да Атырауда құқық қорғау органдарына қарсы лаңкестік акт дайындаған үш адам тұт­қындалды. Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауылының тұрғындары, өрімдей жастар: Мейірбек Жанқуатов  1993 жылы туған болса, Махамбет Исағалиев - 1990 жылы, Ыбырай Әдір - тіпті биыл ғана 16-ға толып отыр­ған бозбала. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл үшеуге «құқық қорғау органдары мен ар­найы қызметтердің қызметкерлеріне қарсы лаңкестік актілерді да­йындады» деген айып тағылуда. «Облыс аумағынан мал ұрлады» деген күдік келтірілгені және бар. Тергеу материал­да­рында олар бөтеннің мүлкін лаңкестік актілерді іске асыру үшін ұрлағаны айтылады. Қара алтынды Атыраудың аты лаңкестік деген суық сөзбен қоса аталатыны өкінішті-ақ. Мұны өңірдегі діни ахуалдың нашарлап кеткенінің көрінісі демеске амал жоқ.

 

Дінтану пәні ислам діні туралы толық ақпарат бермейді

Өткен жылдың күзінде бас­тал­ған лаңкестік топ құру, өзін-өзі жарып жіберу фактілері биыл да жалғасын тапты. «Теріс діни ағымның жетегінде жүріп қыл­мыс­қа барды» деген айып та­ғыл­ғандардың арасында жас­тардың көптігі бұл мәселеге ай­рықша назар аудару қажеттігін еске салады. Өткен жылы Аты­рауда ұсталған бірнеше об­лыс аумағында лаңкестік акті ұйым­дас­тыруға әзірлікке күдікті экс­тре­мистер то­бының арасында 17  жасар бозбаланың бол­ға­нынан ел іші хабардар. Шын­дығында, мектеп оқушыларына ді­ни тәлім-тәрбие беру және ра­ди­кал­дық діни ағымдар идея­ларының кері ықпалынан сақ­тан­дыру бағытындағы жұ­­мыс­тарға көңіл бөлу нем­құ­рай­­ды­лықты көтермейді. Бұл рет­те, жалпы бі­лім беретін мек­тептердің 9-сы­ны­бында оқы­тылатын «Дінтану» факуль­та­тив­тік курсының маңызы зор. Об­лыс бойынша қазір бұл пән­нен 220 мұғалім сабақ беруде, олар­дың барлығы да тарих пәнінің оқытушылары.

Облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан Есенғалиев дінтану пәні­нен дәріс беретін мұғалімдер арнайы курс­тан өткенін, семинарлар ұйым­дас­тырылып тұ­ратынын айтады. Алайда мек­теп қабыр­ға­сынан бастап-ақ діни түсінік қалыптас­ты­ратын осы пәнге қа­тысты проблемалар да жоқ емес. Атап айтқанда, оқулықта ис­лам діні туралы ақ­парат толық емес. Пәнге ар­налған хрестоматия, әдістемелік құрал­дар жоқ. Және оқытуға берілген уақыт та аз.

Оқушылардың дін жолына түсуіне ата-аналары кінәлі

Облыстық білім беру басқармасының бас­тығы Сатқан Ыбырайұлы оқушылардың 95 пайызының дін жолына түсуіне ата-ана ық­палы болған деп санайды. Мысалы, Махам­бет ауданындағы бір оқушының ата­сы ауыл имамы, сол кісіге еріп мешітке ба­ра­ды, қалған бес бала осы оқушыға іле­сіп барып жүргені анықталды. Нақты қан­дай ағымдар ұстанатынын анықтау, радикал­ды діни ағымдар ықпалынан сақ­­тан­дыру мақсатында жүргізілген түсінік жұмыстары барысында олардың бар­лығында да ислам дінін ұстанамыз деген тү­сінік қалыптасқан. Орамал тартатын қыз­дардың да барлығы дерлік ата-анасының ық­палымен сол қадамға барып отыр. Бұл оқу­шылардың ата-аналарына, өздеріне мек­теп ережесіне сәйкес киіну қажеттігі үне­мі айтылып келеді. Алайда осы талапқа ба­ғынғысы келмейтін ата-аналар бірнеше рет Білім және ғылым министрлігіне, заң орын­дарына білім беру ұйымдарының үс­тінен арыз-шағым түсірді. Олармен түсінік жұ­мыстарын жүргізу жалғасуда.

Жиһад ұғымы «соғысу» сөзімен синоним емес

Қой терісін жамылған қасқыр іспетті ислам дінін ұстанамыз деген желеуді алға тар­тып, теріс пиғылда жүргендердің ара­сын­да жастардың көптігі бұл мәселеге салғырт қарауды көтермейді. Шынында, жастар арасында жат ағымға бой алушы­лық неден пайда болды? Тәрбие мәселе­сін­де нені кемшін жіберіп алдық? Облыс­тық дін істері департаментінің директоры Ораз­бек Қасымов дәстүрсіз діни идеялар­дың таралуына ықпалын тигізіп отырған ең үлкен қауіп кәмелеттік жасқа толмаған­дар­дың жетілмеген психикасына теріс әсер ету болып отырғанын айтады. Дәс­түр­ден тыс діни ағымды ұстанушылар өз­де­рінің діни әдебиеттері мен үгіт-насихат жаз­баларын әлі қалыптасып болмаған, оң-солын танып үлгермеген жастардың са­насын улау үшін пайдаланып отырғаны шын­дық.

«Сәләфизм мен уахабизм ағымында жүргендер Құранның аяттары мен хадис­те­рінің тек мәтіндік мағынасын қабылдап, қа­лай жазылған болса солай түсінуіміз ке­рек деп, астарлы мағыналарын мойында­май­ды, -  дейді департамент директоры, - бұл жастарымыздың адасуына бірден-бір себеп болып отыр».

Мысалы, Атырауда болып жатқан лаң­кес­тік оқиғалардың қай-қайсысында да оны жүзеге асырушылар өздерін жиһад жа­садық деп түсінеді екен. «Жиһад» сөзі бір мақсатқа қол жеткізу, күресу деген ма­ғынаны береді. Ал бүгінгі жастар бұл сөзді «со­ғысу», «атысу» сөзімен синоним етіп ал­ған. «Қолына қару алып соғысуды жи­һад деп санайтындар Пайғамбарымыз­дың заманында да болған, - дейді Қазақстан мұсылмандары діни ба­сқарма­­сы­ның Атырау  облысы бойынша өкілі Аман­тай Садиев. - Сондай адамның бірі Мұх­аммедке (с.ғ.с) келіп: «Мен жиһадқа шық­қым келеді» дегенінде, Пайғамбары­мыз одан: «Ата-анаң тірі ме?» деп сұрай­ды. Ол: «Иә» дегенде, «Ендеше, ата-анаңа қыз­мет ет, еңбегін ақта» деп ақыл берген екен. Әлгі кісі сонда да болмай: «Мен жиһад­ты қолға қару алып, соғысқа бару деп ойласам» дегенде, Пайғамбарымыз: «Жоқ, жиһад - алдымен ата-анаңа қызмет ету. Тіпті үлкен соғыс болғанның өзінде оған ата-анаңның рұқсатынсыз шығуға болмайды» деп тоқтатқан екен. Ел басына күн туып, сырттан жау келгенде ғана қолға қару алып, Отанды қорғау - жиһад, ал мынадай бейбіт заманда елдің берекесін кетіріп, аналарды жылатып, балаларды қорқытқандарды жиһадшы немесе шаһид дей алмаймыз. Пайғамбарымыз хадисін­де: «Өздеріңе және өзгелерге өлім ті­лемең­дер», - деген.

Он бес ғасырға жуық уақыттан бері адам­зат баласын ізгілікке үндеп келе жат­қан ислам дінін әлем елдерін кезіп жүрген жан­жалдар мен қақтығыстарға, лаңкестік­ке, жарылыс оқиғаларына байланыстыру үлкен қателік. Жастардың лаңкестік ұйым­дар­дың қолшоқпарына айналып отырғаны өкінішт­і жайт. Олар өздерінің лаңкестік әре­­кеттерін дініміздегі «жиһад» деген қа­сиет­ті құлшылықтың атын жамылу арқылы ақтап алғылары келеді. Бейбіт өмірде қолдарына қару алып, «жиһад жасадым» деу білімсіздіктен, өйткені шын мәніндегі жи­һад адамның өзін-өзі түзу жолға салуы, бо­йындағы жағымсыз қылықтармен кү­ресуі, ата-анасына қолғабыс етуі. Ал еліне, дініне қиянат қылған адамның исламда жаназасы оқылмайды, оларды халық жауы, лаңкестер деуден басқа амал жоқ.

Жалпы, діни ахуалды қалыпты ұстау ба­ғытында жасалып жатқан шаралар өте көп. Бірнеше фанатизмге ұрынған санасыз топ өз-өздерін жарды екен деп үрейленудің еш қажеті жоқ. Ал осындай әрекеттерге тос­қауыл қою үшін атқарушы және құқық қор­ғау органдарына барша тұрғынның көмегі ауадай қажет екендігін айтқым келеді».

«Шапағаттан» шапағат болса игі

Облыстық ішкі істер департаментінің экстре­мизм­ге қарсы күрес жөніндегі бас­қа­рмасының өкілі Жеңіс Бағытов ЭҚКБ-ның қызметкерлері діни экстремизмді тара­ту фактілерін анықтау, алдын алу және жо­лын кесу жұмыстарын атқару кезінде биыл­ғы 11 мамырда кәмелеттік жасқа тол­ма­ған 1995 жылы дүниеге келген Р.Күдер­ба­ева­ны теріс діни ағымды ұстанушы Е.Мұ­қанов ұрлап алып кетіп, «әйелім бола­сың» деп Курилкино ауылындағы салынып жат­қан әкесінің үйіне қамап қойғанын анық­тағанын айтады. «Күдікті Е.Мұқанов қа­мауға алынып, қылмыстық іс сотқа жол­данды», - дейді Ж.Бағытов, - бұдан басқа, діни сипаттағы деструктивті ағымдардан зар­дап шеккен жастар мен жасөспірімдер анық­талған жағдайда ата-аналары арқы­лы құқықтарын қамтамасыз ету мақ­са­тында Атырау қаласы «Атырау» мөлте­кау­даны, Х.Досмұхамедов көшесі 33-үйде орналасқан ақпараттық-кеңес беру, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатымен ашылған, білікті теолог мамандар қызмет атқаратын «Шапағат» орталығына жіберіліп отыр».

Ал облыстық дін істері департаментінің ди­ректоры Оразбек Қасымов «департа­мент жанындағы дінтану сараптамалық комиссиясына өткен бір жыл ішінде 578 діни материал келіп түсті» дейді. Оның 260-ына қорытынды жасалып, ҚР Дін іс­тері агенттігі тарапынан мақұлданды. Ал қал­ған 318 кітап сараптама кезегінде тұр. 18 кітапқа теріс қорытынды беріліп, қо­сым­ша сараптама жасау үшін агенттікке жол­данған.

Арнайы зерттеулер көрсетіп отырған­дай, теріс діни ағымдардың жетегіне іле­с­кен жастардың бір бөлігі әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған отбасылардан болса, көп­шілігі діни сауатсыздықтан шығып отыр. «Бізге қосылсаң, жағаң жайлауда бо­ла­ды» деп алдарқатқандардың шыр­мауы­на ілесіп, қалай террорист атанғанда­рын білмей қалатын жастар да аз емес. Лаң­кестік әрекеттерінің әсіресе былайғы ел бай көретін мұнайлы Атырауда жиі бас көтеруі алаңдатарлық жайт. Байлық бар жерде қашанда қақтығыстар мен соқтығыстар аз болмайды. Жас ұрпақтың бойына ұлағатты тәрбиені сіңірудің қажеттілігі де осында.

Автор: Бақытгүл БАБАШ

"Алаш айнасы" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522