Бейсенбі, 27 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 2217 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 08:03

Мақсат Асылбекұлы. Тұрғыт Өзал және түркі дүниесі

Әбдіуақап Қараның Түркия Президенті Тұрғыт Өзал және Түркі дүниесі туралы атты кітабы жарық көрді

Ыстамбұлда тұратын қандасымыз, белгілі ғалым Әбдіуақап Қараның "Тұрғыт Өзал және түркі дүниесі (Түркия - түркі республикалары байланыстары 1983-1993)" атты кітабы қыркүйек айының аяғында Ыстамбұлда түрік тілінде жарық көрді.

Кітаптың жарық көруі Түркияда Тұрғыт Өзал өлді ме, өлтірілді ме деген мәселе төңірегінде талқылаулар Түркияда шырқау шегіне жеткен мезгілге дөп келді. 1993 жылы, 17 сәуірде жүрек ұстамасынан дүние салғаны ресіми түрде айтылғанн Өзалдың ажалынан емес, у беріліп өлтірілгені, әсіресе оның туыстары мен кейбір оған жақын саясаткерлер тарапынан алға тартылуда болатын. Міне осы жағдайдың анықталуы үшін Түркия Президенті Абдолла Гүлдің нұсқауы бойынша екі күн алдын, атап айтқанда 2 қазан күні марқұмның сүйегі медициналық тексерулер үшін бейіттен шығарылды. Заң министрі Садолла Ергин Өзалдың мүрдесінің 19 жылда көп бұзылмағанын, сол қалпында екенін айта келіп мұны таң қаларлық уақиға деп бағалады.

Соттық медициналық тексерулер орталығына жіберілген сүйек пен бейіттен алынған топырақтарға жүргізілетін тексерулердің 2-3 айдан кейін нәтиже беретіні айтылды.

Ғалым Әбдіуақап Қара кітаптың "Өзалдың түркі республикаларға соңғы сапары және дүниеден қайтуы" деп аталған соңғы тарауында, Өзалдың өз ажалынан да, біреудің қолынан да өлімінің мүмкін екеніне көрсетуде. Ғалымның пікірінше, Өзалдың өлімі әсіресе түркі дүниесінің ынтымақтасуына қарсы болғандардың мүдделеріне сай келген. Бірақ бұл жағдай оның қастаңдықпен өлтірілгенін аңғартпайды.

Өйткені Өзал кезінде Түркияның сыртқы саясыты ХХІ- ғасырды "түрік ғасыры" етуге бағытталған еді. Өзал осы мақсатқа бұрынғы Кеңестік түркі халықтарды экономикалық ынтымақтастық пен телекомуникациялық желілермен бірбіріне жақындастыру арқылы іске асатынына сенген еді.

Негізінен Өзалдың жүрек ауруы бар еді және соңғы күндері жұмыстан шаршап жүрген болатын. Оған денсаулығына байланысты түркі республикаларға сапарды кейінге қалтыруы жайында кеңес берілген. Бірақ ол оны қабылдамаған. Зайыбы Семра Өзал, Президенттің Өзбекстан сапары кезінде ажалға жақын екенін сездіргенін айтуда.

Өзбекстанға барғанда Өзал бір журналистке тапсырма беріп Бұхара қаласында Шахы Накшибендінің кесенесінен анасының бейітіне қою үшін топырақ алуын сұраған. Содан қасында Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовпен кесенеге келген Өзал бейіттен топырақ алып жатқан журналистті көргенде "Ұлым, топырақ алдың ба? Біраз көбірек ал, керек болады." деген. Міне осы жерде айтылған және алынған көбірек топырақ Түркияға қайтқаннан кейін екі күннен кейін Өзалдың өзінің бейітіне бұйырған. Міне бұл жағдайды бір қатар түрік зиялылары Өзалдың жақын арада мәңгілікке аттананатынын сезгендігі деп тұжырымдауда.

Қара кітапқа жазған алғы сөзінде Өзал туралы осы еңбекті жазуға бұған дейін оның түркі дүниесімен байланыстары туралы бір кітаптың жазылмағанын себеп болғанын айтуда. Оның атап өтуінше, бүгінге дейін Өзал туралы шыққан жиырмадан астам кітап Өзалдың Түркияның ішкі саясатына және өмір белестеріне қатысты болған.

270 беттік кітапта Тұрғыт Өзал билікке келген 1983 жылынан 1991 жылға дейінгі  Түрік-Кеңес байланыстары, Түркия - түркі республикалар байланыстары кеңінен сөз болуда. Кітаптың әсіресе 1991-1993 жылдары арасындағы Түркия - түрік республикалары арасындағы алғашқы байланыстардағы тебіреніс пен қуаныштар нақты көрсетілген.

Кітапта Кеңес Одағының шаңыраған алғаш шайқалтқан қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі сол кезде түрік баспасөзінде қалай орын алғандығы және түрік журналистері мен зиялыларының реякциялары аталып өтілуде. Осыдан кейін Кеңес халықтарының тәуелсіздікке баратын іс-қимылдарының белең алғанына көрсетілуде.

Кітапта кейінгі тараулар "Мәскеуде 1991 төңкерістік әрекет", "Кеңес Одағының тарқалуы және  ТМД-ның құрылу процесі", "Ядролық күш Қазақстан", "Түркия мен түркі республикалар арасындағы алғашқы байланыстар", "Жаңа тәуелсіз түркі республикалар туғызған жаңа мүмкіншіліктер", "Түрік моделі", "Президент Демірелдің түркі республикаларға бағытталған сапары", "Түркі дүниесінде ынтымақтастық құру жайындағы алғашқы қадамдар", "Түркі тілдес елдер мемлекет басшыларының алғашқы саммиті", "Өзалдың түркі республикаларға соңғы сапары және дүниеден қайтуы" деп аталуда.

Батыс елдерінде және Түркияда 1983-1993 жылдары арасында жарияланған материялдарға негізделе отырылып жазылған кітапқа Түркияда Өзалдың өлімі туралы қызу талқылаулар мен тексерулер болып жатқан тұста қызығушылықтың жоғары екені айтылуда.

«Abai.kz»

0 пікір