Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2569 0 пікір 3 Қазан, 2012 сағат 09:02

«Ақ жол» партиясы Аманжан Рысқалидың мүшелігін тоқтатты

Аманжан Рысқалидың «Ақ жол» партиясы мен оның Президиумындағы мүшелігі тоқтатылды - мұндай шешімді  2 қазанда «Ақ жол» ҚДП-ның Президиумы қылмыс жасады деген айыптау бойынша оны қамауға алуға бір күн бұрын №2 Атырау қаласының  сотымен  берілген санкцияға байланысты қабылдады.

«Ақ жол» ҚДП Жарғысының 22.2 (Партияны жаманатқа қалдыратын әрекеттер жасағаны үшін Орталық кеңестің Президиумының шешімі бойынша Партиядағы мүшелікті тоқтату) және 36.5 бабының (Партияның Орталық кеңесінің Президиумының құзыреті туралы)  негізінде «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Президиумы Аманжан Сәулебайұлы Рысқалидың «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Президиумындағы және партияның өзіндегі мүшелігін ТОҚТАТТЫ», - деп хабарлады партия төрағасы Азат Перуашев.

Сонымен бірге, партия басшылығының пікірінше, Аманжан Рысқали өзіне айып тағылып отырған қылмыстарға қатысты сотпен кінәлі деп танылған жағдайда, Президиум оны партиядан тікелей түрде шығару туралы мәселені қарастырады.

«Бүгін, кінәсіздік презумпциясы ұстанымын басшылыққа ала отырып, біз оны партиядан тікелей түрде шығарып тастауды этикаға жатпайды деп таптық. Алайда сот шешімі шыққаннан кейін, кез келген жағдайда партия оның мүшелігі туралы да соңғы шешімді қабылдайды», - деп атап өтті Перуашев.

«Рысқалидың өзі Президиум отырысына тағы да қатысқан жоқ, біз онымен байланыса алмай отырмыз. Бұл оның партиядағы мүшелігін тоқтатуға қосымша фактор болды», - деп толықтырды ол.

2012 жылғы 2 қазан, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

0 пікір