Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2998 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 11:10

О, Ләйла, Бергейдің қайда екені белгісіз. Аманжаннан адасып қалдық

«Өліп кетейін, Сұлтан, әртіссің!»

әйгілі Қожаберген Қадыровтың сөзі

Аманжан  кеше халық қалаулысы еді. Елдің сөзін мәжілістің мінберінен ақырып айтпақ үшін Алаш жолын «қуған» «Ақ жол» партиясының атынан депутат болып еді. Ағасы Бергей Атырауды ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында ұстаған әмбеге мәлім әкім еді. Сәулебай шалдың қос құлынының дәурені жүріп, дүркіреп тұрған. Бұларға бір зауал келеді дегенге ол кезде жұрт сенбейтін. Асланның алпыс күн баптап билікке қосқан арғымақтары ғой, осының бәрі Асланның арқасы дейтін.

Аспан шайдай ашық. Күн жылы, қоңыр күз еді. Аяқ астынан дүние шыр айналды. Бергейді әкім деген атынан айырылды. Іле Аманжанның да халықтың қалаулысы емес екенін сайлаушылары біліп қалды.  «Ақ жол» аттай қалап депутат қылған Аманжан «моральдық-этикалық көзқарас пен қоғамдық резонанстың тууынан» депутат бола алмаймын деп өтініш жазыпты». Қайтсін енді...

Бұ қалай болды деп көзді-ашып жұмғанша ағайынды қоңырқаз көзден ғайып болыпты. Сөйтсек, Аманжан ай қарап жүрмепті. Атырау облыстық соттың мәліметіне қарасақ, бұрынғы депутатқа 2008 жылы «құрылыс компаниясынан алаяқтық жолмен тоғыз пәтер алып, заңды тұлғаға 200 млн теңге сомасында материалдық зардап келтірген» деген айып тағылып, тұтқындауға рұқсат беріліпті. Ал, Аманжан жоқ. Айдың-күннің аманында бүтін бір мемлекеттің құқық қорғаушыларын адастырып кетіпті.

«Ақ жол» партиясының мүшесі Аманжан мырза алаяқ болғанда, ағасы Бергейдің де басынан бағы тайып тұр. Атыраудың әкімі болу ауыр жұмыс - халыққа қызмет етемін деп жүріп Бергей денсаулығына дұрыстап қарай алмай ақыры «денсаулығының жағдайына байланысты қызметінен босатылған еді». Бергей түсті дегенді ести сала біздің аса қырағы, заңды әнтек бұзғандардың өзін байқап қалатын прокуратура тексеріс жасап, теңге емес, тиын жымқырғандардың жағасынан ала түсетін қаржы полициясы «ірі көлемде облыс бюджетінің қаржысын жымқыру фактілері бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғаған». Енді қолға түстің бе, бәлем деп, қараса, Сәулебай шалдың қасқыр ұлдары маңдайлары жарқырап тайып тұрыпты. Екеуінің қазір қай жерді паналап, не ішіп, не жеп, қалай күнелтіп жүргендерінен жан баласының хабары жоқ. Қайда жүрсе аман жүрсін! Тек туған ел мен туған жерді сағынып ішқұса болып кетпесе екен деп жұрт отыр, іштен тынып...

Туған ел демекші, шыққан қыз шиден ары дегендей жырақта жүрген жалғыз қыз бар еді. Храпуновтың етегінен ұстап, елден безіп кеткен. Ақша жүзі албырап, екі көзі мөлдіреп Швейцарияда жүр екен деп естуші ек, міне, біздің қыран көз, иісшіл, қыбыр еткенді қалт жібермейтін, құрығы ұзын қаржы полициясы Ләйлә ханымға халықаралық іздеу жариялап кеп жіберді. Іздеу жариялайтыны -  біздің қыз төркінін тықырлап, тақырға отырғызып кете жаздапты. Бұл турасында Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай былай дейді:

- 1997 мен 2007 жылдар аралығында Храпунов Алматы қаласының және Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған кезде өзінің жұбайы Храпуновамен бірге қозғалмайтын мүлік объектілерін мемлекеттік меншіктен заңсыз алып, оны заңдастыру, сату және алынған ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасынан тысқары шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оның қызметін басқарғандығы анықталды.

«Ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оның қызметін басқарған» Ләйләнің бойында жаугершілік заманда азаматпен бірге шайқасқа түскен ер қыздардың сарқыншағы қалған ба деп қалдық.

О, Ләйлә, сені іздеп жатыр. Бергейдің қайда екені белгісіз. Аманжаннан адасып қалдық.

«Abai.kz»

0 пікір