Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3014 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 09:49

Бүгін алғашқы қазақтың ғарышқа ұшқанына - 21 жыл

Осыдан 21 жыл бұрын дәл осы күні, ғарышқа Қазақстанның алғашқы ғарышкері, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров аттанды.

Т.Әубәкіров «Союз ТМ» кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде ұшуға әзірліктің жеделдетілген курсынан өтіп,  1991 жылдың 2 қазанында Александр Александрович Волковпен және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінің ғарышкер-зерттеушісі ретінде ғарышқа аттанды. Бір апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 10 қазан күні Жерге оралды. Әуе кеңістігінде болу уақыты 7 күн 22 сағат 13 минутты құрады.

Қазақстан мен Австрияға ғарышқа жол ашқан бұл тарихи оқиғаны Қазақ КСР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Республикасының канцлері Франц Враницкий тамашалады.

Осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағында республиканың Ұлттық ғарыш агенттігі құрылатындығы туралы мәлім етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір