Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2457 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 09:40

ТМД мен Балтық елдерінде «Мир 24» жаңа ақпараттық телеарнасы хабар тарата бастайды

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) мен Балтық елдерінде «Мир 24» жаңа ақпараттық телеарнасы хабар тарата бастайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Ялтада «Мир 24» жаңа ақпараттық тәулік бойғы спутниктік арнасын іске қосу туралы келісімге қол қойылды, ол ТМД мен Балтық елдеріне хабар таратады», - деп мәлім етті «Мир 24»телеарнасының бас редакторы Кристина Груздовадүйсенбі күні агенттікке.

Бас редактордың айтуынша, телеарнаның контентін ТМД мен Балтық елдеріндегі оқиғалар туралы тәулік бойғы жаңалықтар құрайды.

«Телеарнаның контентін ТМД елдерінің 9 филиалы, Украина мен Өзбекстанның тілшілер қосыны толтырады, жұмыс қағидасы «Мир» ХТРК-сындағыдай болады, бірақ мұнда көңіл көтеретін бағдарламалар мен фильмдер болмайды, тек жаңалықтар ғана: әр сағат сайын 5 минуттық қысқа шығарылымдар, кеңейтілген шығарылымдар және экономикалық блок», - деді ол.

Ол қазір техникалық мәселелер шешіліп жатқанын жеткізді. «Телеарна осы аптада тестілік режимде іске қосылады, бір айдың ішінде толыққанды жұмыс істей бастайды», - деді ол.

Дереккөз: ҚазТАГ

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604