Жұма, 20 Мамыр 2022
Жаңалықтар 9072 0 пікір 2 Қазан, 2012 сағат 07:00

«Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқау жарияланады!

Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу.

Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың шарттары: Байқауға Алматы қаласында тұратын немесе қаладағы оқу орнында оқитын 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ осы байқаудың өткен жылдардағы жеңімпаздары жіберілмейді. Байқау төмендегідей кезеңдер бойынша  өтеді:

І кезең: мәнерлеп өлең оқу;

ІІ кезең: прозалық шығармадан үзінді оқу;

ІІІ кезең: драмалық шығармадан үзінді оқу.

Оқылатын мәтіннің көлемі 3-4 минуттан аспауы керек, дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады. Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды. Талапкерлер дайындаған мәтіндерін жатқа оқумен бірге сахналық бейнесі мен киімдерін байқау кезеңдеріне үйлестіре білулері қажет. Байқау шарттары бойынша жоғары ұпай жинағандар келесі кезеңге жіберіледі.

Байқаудың қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы бір жеңімпаз бен үш жүлдегерді анықтайды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

Байқаудың жүлдесі. Байқаудың жеңімпазы мен жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Байқауға қатысуға тілек білдірушілер 2012 жылғы 15 қазанға дейін  Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өтініш білдіріп, оқитын шығармаларының атаулары мен авторлары туралы мәліметті берулері  керек.

Байланыс телефоны: 2672228, Қымбат Нұрсұлтанқызы.

0 пікір