Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2727 0 пікір 1 Қазан, 2012 сағат 14:48

«АЛАТАУ, КЕШІР, СЕН БІЗДІ...»

Өткен жылы қатты дауылдың салдарынан Медеу шатқалында тауда қаулай өскен тал-дарақ атаулы тамырымен қоса қопарыла құлағаны ел есінен шыға қоймаған болар. Бұл турасында былтыр «Халық сөзі» газетінде «Алатау, кешір, сен бізді!» атты мақала  жарияланып (№55, (96) 15.06.2011жыл), тауды қайта қалпына келтіру туралы әңгіме қозғаған болатынбыз. Сол кездің өзінде-ақ, газет бетінде: «Тәуелсіздік бесігінде тербеткен Алматыда қанат қаққан қанша азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінде жүр. Солардың барлығы бюджетке алақан жаймай, қор құрып, қайырымдылық концертін ұйымдастырса, Алатаудың ажары қайта оралар еді. Осынау шараны Астана ұйымдастыруы керек пе?» деген сыңайда оймақтай ой айтылған еді.
«Дауылдан сынған ағашты ел болып жинап, орнына бір-бір ағаш отырғызсақ, үлкен сауап болмас па еді. Суы мол, жері құнарлы Алатау бір шыбық ексең, екі шыбық өсетін жер емес пе?», - деп те ой тастаған болатынбыз. Осы ұсынысымыз қала басшылығы тарапынан қолдау тапты. Бұрнағы күні Алатаудың тағдырына алаңдаған ағайын қайырлы істің барысы қарқынды жүріп жатқанын сүйіншіледі. Жаңадан құрылған «Жаңа Алатау» қорына қайырымдылық шарасы басталғаннан бері әп-сәтте 126 млн. теңге қаражат жиналған екен. «Көп түкірсе - көл» деген ғой.

Қуантатыны табиғатқа қамқорлық көрсетуге алматылық қалталы азаматтар да ерекше мәрттік танытып, белсене ат салысып жатқанға ұқсайды. Соның нәтижесінде қор қоржынындағы қаржы көлемі ұлғая түскен. Айтпақшы, қайырымдылық жасауға қалталылардан бөлек қатардағы қарапайым азаматтар да ат салыса алады. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары мен студенттер де қарап қалмай, азды-көпті тиын-тебен аударып жатса керек. Әрі Алатауды аялауға арналған қайырымдылық шарасы бір айға жуық уақыт бойы жалғасатын болады.
Бұдан сәл ертеректе қала әкімі Ахметжан Есімов Алатау тек Алматының ғана емес, облыстың біраз аумағын қамтитындықтан оған Ауыл шаруашылығы министрлігі де ат салысатынын айтқан болатын. Соның арқасында алматылықтар шараға белсене ат салысып, «Жаңа Алатау» қоры құрылған-тын. Жұрт жадында болса, тамыздың соңына таман Іле Алатауындағы өрт салдарынан орман алқабының біраз бөлігі отқа оранған еді. Сол кезде тау қойнауындағы демалыс лагері аумағынан 295 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Тілсіз жау 77,6 гектар аумақты шартып, оның 47,6 гектары орманды алқапты құраған. Бүгінде өрттің шығыны 388,3 млн. теңгеден асып жығылып отыр.
Заңғар ТАУДАЙ

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594