Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3380 0 пікір 28 Қыркүйек, 2012 сағат 12:47

Құлқыны қапас қоғамдық кесел

28.09.12.
Алла Тағала адамдарды өзге мақлұқтардан асырып, өзінің ұлы нығметтерінің бірі ақылды беріп, өзімізді пәк ұстап, харамнан сақтануымызды бұйырған. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда осы ұстаным жүзеге асып жатыр ма? Жоқ. Тіпті, адамзаттың өз-өзіне, өз денсаулығына қастандық қылуы күн өткен сайын өрши түсуде.
Бір сәт көшеге шығып жан-жағыңызға назар аударар болсаңыз, жоғарыда айтқан сөзіміздің шынайылығына көз жеткізеріңіз күмәнсіз. Бұғанасы бекімей жатып никотинге уланып, мыңдаған ісік ауруларын тудыратын түтінді құмарлана тартушылар хайуан қылатын ащы суды сіміріп, жанұясын бақытсыз еткендер және есірткіні бар мүлкін сатып, өмірін түнекке айналдырған нашақорлар күн санап, өсіп келе жатыр. Әлемдердің Раббысы бұл турасында қасиетті Құран Кәрімде «Ниса» сүресінің 29-аятында былай дейді: «Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер!»
Қазіргі дамыған медицина темекі ше­гудің адамды «баяу өлімге» алып баратын бірден-бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қыс­қартатындығын анықтаған.
Қазақстанда қазіргі уақытта 6 мил­лионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адам­дар.

Темекі шегуші адамдар өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мұхам­медтің (с.ғ.с.) қасиетті сөздерінде айтыл­ғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бұзып, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға міндетті еді.
Алла Тағала айтады: «Жын мен адам­затты Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» (Зәрият: 56). Сондай-ақ Алла Тағала айтады: «(Мұхаммед ғ.с.) «Күдіксіз Раббым жария, жасырын арсыз­дықты, (өзіне жасаған) орынсыз озбыр­лықты... харам қылды» де» (Ағраф: 33).
Өкінішке қарай, бүгінгі күні көптеген мұсылмандар Ислам дінінің шылым шегуге тыйым салғанын түсінбейді немесе түсінуге тырыспайды. Олар темекі шегу харам етіл­гені жөнінде Құран мен Сүннетте ешқандай дәлел келтірілмегенін алға тартады. Рас, ондай тікелей тыйым жоқ. Бірақ Пай­ғам­барымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сүйене отырып, темекінің тыйым салынған зиян­ды әдет түрі екенін түсіне аламыз.
Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі эле­менттерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық хи­миялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бірде-бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бір­ден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді. Сондықтан улана қой­майды.
Тек бір тал темекі тартқан адамның бүй­регіндегі бездерден арденалин және норадреналин деп аталатын гармондардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы тездейді. Жүрек соғу жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін.
Балалар - біздің болашағымыз. Дені сау ұрпақ өсіру, тәрбиелеу қазіргі кезде біздерге жүктелген үлкен міндет. Сол үшін барлық азаматтар дені сау ұрпақ қамын ойлап, өз үлесін қосуы керек!
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалары­ның бірі: «Шындығында, Алла ақталу мен сылтауды емес, тәубені ғана қабыл етеді» деп айтқан екен.
Алла Тағала айтады: «...кім Раббынан на­сихат келгенде (күнәсінен) тыйылса, оның өткен күнәсі кешіріледі» (Бақара: 275).
Көзімізді ашып, келер ұрпаққа үлгі болайық!

Кенжеәлі қажы
Қоңыратпайұлы Мырзабай,
«Тастақ» мешітінің бас имамы,
Алматы қаласы

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525