Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3683 0 пікір 27 Қыркүйек, 2012 сағат 07:24

Бәкір Дәрібаев. Күлдібадам дүниеге қалай күлмейсің?!

Мен қарт ұстазбын. Өмірім жас ұрпаққа білім-тәрбие берумен өтті. Қазір еңбегімнің зейнетін көріп, қарттық кезеңді алаңсыз өткізіп жатқан қарияның бірімін. Күні бойы газет-журналға үңілемін. Жақсы мақала шықса ежіктеп оқып, тіпті, сақтап қоятын әдетім бар. Қартайғандағы ермек осы.

Менің айтайын дегенім мына бір жай еді. Жуырда Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде (№ 111 (17628), 4 қыркүйек) жарық көрген «Қызыл тілдің қырғиы» атты мақаланы оқып, жаным түршікті. Авторы - Қордай ауданынан Төлеген Маупайұлы деген зейнеткер екен. Ол атақты шешен Бөлтірік жайлы сыр шертіпті. Енді газет тілімен баяндайын. «Әулие бабамыз көз жұмар (қарайтқан мен - Б. Д.) алдында Талас ауданының «Ойық» кеңшарына жақын Жәдік көлінің жағасындағы жәдіктер ауылында, бұрын сол жерге жерленген ұлы Танабайдың жанына жерленеді». Бөлтірік бабамыз арғы ғасырда  (1774-1854 ж.ж.) өмір сүрген адам. Ал мына сауатсыз сөйлемге сенсек, ол кешегі кеңестік заманда қаза болады және... көзі тірісінде-ақ жерленгендей әсер қалдырады. Және «жерленген» деген жаман сөз бір сөйлемде екі рет қайталанады. Ау, әруақты мазалағандары өз алдына, газеттің 20 мыңға жуық көзі ашық, көкірегі ояу оқырмандарынан ұят болды ғой бұл. Мұндай топастық пен салдыр-салақтықты бұрын-соңды кім көрген? Бірақ бұл шағын мақаланың сұмдығы әлі алда екен. Тағы да үңілейік.

«Күндердің күнінде елдің шығыс жақ бетіне бес жүз қолмен келіп ту тігіп, найман Барақ батыр Жалайыр еліне жаушы жібереді. Айтқаны мынау екен: «Жалайыр елі арманда қалдық демесін. Маған қарсы шыға ма немесе айтқаныма көніп, айдауыма жүре ме, соның хабарын тез берсін». Бұл суық хабарға ел сасады. Сол уақта жас бала Бөлтірік «мен барайын» деп Балпық атасынан рұқсат алып, торы төбел құнанына мініп, бөгелмей барып Барақ батырға сәлем береді. Мұны көрген Барақ батыр ойға қалады. «Өзі жас бала, біз бұл елге жау болып келіп жатырмыз. Ал, бұл бала қорқуды білетін емес, жайраңдап жүргені мынау», - деп ойлайды да сынамақ болып:

- Қарағым көңілің ояу, етің тірі бала екенсің, мына жатқан менің қолыма көзің тоя ма? - дейді. Бала Бөлтірік саспай:

- Батыр ата, қолыңызға көзім тойғанмен, көңілім тоймай тұр, - депті.

- Көңілің қалай тоймай тұр? - дейді оған қайран қалып.

- Көңілім тоймай тұрған себебі - біріншіден, мына жатқан сіздің қол «Сәмен ұранды» - Сыпатай, Андас, Тойшыбек, Байсейіт батырдың немесе «Қарасай ұранды» - Кәшке, Қараш, Сұраншы, Саурық батырлардың ауылының сыртында ту тігіп жатуға лайық қол ғой. Ал, ұрғанда қолыңның қышуы қанбайтын, асасаң аузың толмайтын он екі үй Жалайырдың ауылы сыртына келіп ту тігіп: «Шық бері!» деп қаһар төгуіңізді, үш жүздің баласына атыңыз белгілі, батыр ата сізге лайық көрмей тұрмын, - депті Бөлтірік».

О, сұмдық, ендігі жетпегені қазақты қазаққа жау қылып, бір-бірін қорқытып, үркітіп, шапқан деген былжырықты әңгіме ету еді. Қазақ-қырғыз арасындағы дауды шешкен атақты Бөлтірік шешеннің аузына осындай «шіріген» сөзді салып отырғандағы мақсаты не? Елдің елдігін кетіретін, жас ұрпақтың санасын улайтын мұндай сорақы «деректі» басып отырған газет пен оның басшысын ауыздықтайтын ешкімнің болмағаны ма? Жеке мүддені көздейтін бір алпауыттың емес, мемлекеттің саясатын жүргізетін облыс айнасы іспетті газеттің мұндай сорақы сауатсыздыққа неге барғанын түсінбедік. Облыстың идеология саласын басқарып отырған К. Көкірекбаев пен газет мазмұнына тікелей жауапты ішкі саясат басқармасының бастығы Рахия Тұрмағамбетова қайда қарап отыр? «Бас редактор» деген білдей аты бар Ғалым Қасабай осындай орашолақ мақаласымақты қалайша жібереді? Естуімізше, ол өз газетін өзі оқымай, бір жазушысымаққа «оқытып», «жөндетіп», «тақырып» қойдырып алады екен» деген сыпсың әңгіме бар еді, сол рас болғаны-ау шамасы.

Елбасымыз «шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік дегенді қойыңдар, «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп қайта-қайта айтып, еліміздің тұтастығы мен бірлігін ойлап жүрген кезде, мына мақаласымақтың қандай актуальдылығы бар деп ойлады екен бас редактор? Онысыз да аз қазақтың арасына сына қағып, «найман», «жалайыр» деп екіге бөліп, екідай қылып, ши жүгірту неге керек? Бүйте берсек ел ішін алатайдай бүлдіреміз ғой. Елдің намысын қорлайтын мұндай мақаласымақты жариялап отырған газет басшыларының көздегені не? Облыста осыны ойлаған адам бар ма?

Бәкір ДӘРІБАЕВ,

қарт ұстаз.

Тараз қаласы

«Abai.kz»

0 пікір